Білім басқармасына білім алушылардың құрамы мен таңдау пәндері бойынша тізімді жасап, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 2 айдан кешіктірмей жіберу;
білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу барысында дәрігер/медбикелердің кезекшілігін ұйымдастыру;
емтихан материалдарының қауіпсіздігін сақтауға арналған орын / кабинет, сондай-ақ білім алушылар санына сәйкес емтихандарды өткізуге арналған аудиторияларды дайындау;
Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Білім басқармасы мектептен құжаттарды талап ете алады.
Мектептің міндеттері
Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;
әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
тақтаның болуы;
қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;
емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы. Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.