Шымкент қаласындағы сәулеттік жобалардың актуалды мәселелері
Шымкентте сәулет өнерінің ескерткіштері қиратылып жатыр. Олардың көпшілігі күреліп, сүрілетін болды, ал кейбірі жекешелендірілген соң қайтадан тұрғызылады деген пікір айтуда сарапшылар. Ал қала, ғалымдардың пікірінше, жұтап, өзіндік бет-бейнесінен айрылып барады. Сәулеттік құрылыстардық актуалдық мәселелері біршама. Оның бірі:
Заң жұмыс істемейді яғни кей жерлерде заңсыз ғимараттардың, жолдардың салынуы. Заңсыз салынудан бөлек ертеден келе жатқан ғимараттардың қиратылуы.1994 жылы шыққан сәулет өнері ескерткіштерінің жинағына 26 нысан енген болатын. Мұның көпшілігі – ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында салынған ғимараттар. Ал соңғы жиырма жылда Шымкентте сәулет өнері ескерткіштерінің барлығы дерлік құрып бітуге айналды. Дәл қазіргі уақытта тек төрт ғимараттың ғана тарихи ескерткіш ретіндегі ресми мәртебесі бар. Көптеген тарихи ескерткіштердің жойылуына сол ғимараттардың жекешелендіріліп, содан соң қайтадан салынуы себепкер болды.
Совет өкіметі кезінде археологиялық және тарихи сәулет өнері ескерткіштеріне қатысты мәселелерді шешуге арналған қажетті заңдық база бар болатын. Қазір көптеген сәулет өнері ескерткіштерінің нақты мәртебесі де жоқ. Қазіргі уақытта заң бар, бірақ ол толық жұмыс істемейді.
Заң жақсы-ақ, бірақ өзге де нормативтік актілері, барлық ұңғыл-шұңғылдары жазылмаған. Мұның бәрі қалай, қанша айда жүргізілуі керек? Тағы сол сияқты. Тағы бір мәселе – ескерткіштердің мәртебесі анықталмаған. Бізде заңдастырылған ескерткіштер жоқ, тек алдын-ала жасалған тізімдер ғана бар. Нормативтік-құқықтық актілер 1991 жылдан бері кешігіп келе жатыр. Рспубликалық маңыздағы сәулет өнері ескерткіштері туралы акті 2007 жылы шықты, ал жергілікті маңыздағы ескерткіштер туралы актіні үш жылдан көп бері әлі күтіліп жатыр. Бүкіл республикадағы жағдай – осы. Түрлі министрліктерден келісімнен өтуіміз керек. Заң бойынша одан өтуге болады, ал шындап келгенде бізден ешкім келісім де, ешнәрсе де сұрамайды.
Қаланың тарихи ескерткіштеріне деген жүрдім-бардым қатынастың мысалы ретінде ол халық арасында «Қошқар ата» мешіті аталып кеткен қазіргі «Жәми» мешітінің жағдайын келтірді. 2007 жылы құлағалы тұрған мешітті жөндеу және оны кеңейту керек деген желеумен мешіттің оңтүстік қанатын бұзып тастаған.
ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН ТАРИХ
Қаланың да, елдің де тарихы көбіне-көп бульдозердің астында қалуда деп наразылық білдіреді кей қарапайым халық.
Біз өз қаламыздың бет-бейнесінен айрылып қалудың алдында тұрмыз деседі қарияларымыз. Шымкент қашан да айқын байқалатын шығыстық қала болатын және екінші жағынан оның еуропалық, Орыс қаласы деп аталатын жағы бар болатын. Қаланың әр бөлігінде өзіне тән ескерткіштері бар еді. Біз әлемге әйгілі тарихи қалаларды ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы ескерткіштерінсіз елестете алмаймыз ғой.
Сәулет өнерінің тағы бір ескерткішінің тағдыры осы күнге дейін анықталған жоқ. Қалалық саябақтағы қуыршақ театры бұрын Никольский кафедралды соборы болған. Қазір де бұл ғимарат Қазақстанның оңтүстігіндегі қызыл кірпіш стилінде салынған орыстың мықты құрылыс үлгісінің бірі болып табылады.
Оған тарихи ескерткіш мәртебесін беру мәселесі ешкімді де ойландырып отырған жоқ. Билік ғимаратты қайта жаңғыртуды қолға алған.
Заңды және заңсыз салынған құрылыстар бойынша:
Заң талаптарына қайшы салынған құрылыс нысандарымен жүйелердің және өзендердің қорғау аймағы мен белдеулерінде орналасқан нысандар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрлысы басқармасымен Шымкент қаласының сәулет және қала құрлысы бөлімі бірлесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізген.Қала құрылысы кеңесінде қаралған жобалар бойынша:
Шымкент қаласының аумағында салынатын құрылыс нысандарының сәулеттік келбетін ретту, өзіндік стиль беру, қаланың орталық және негізгі көше бойларында қала құрылысы тораптарын (объектілері) сәулет-жоспарлау және көлемдік-кеңістік шешімдері нақтыланады.Кенес құрамында Қазақстанға енбек сіңірген сәулетшілер, суретшілер, құрылысшылар, қала әкімі, орынбасары мен бөлім басшылары, маслихат депутаттары және құзырлы мекемелердің жауапты мамандары енгізілген. Кенес құрамында әр саланың білікті мамандарының болуы, сәулет-жоспарлау және көлемдік-кеңістік және сәулеттік көркемдік шешімдерін нақтылау барысында қателіктерді жібермеуге мүмкіндік береді.
Бекітілген Шымкент қаласының Бас жоспары аумақтық және қала құрылысы дамуының талаптарын белгілейтін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады. Қала құрылысы құжаттамасының басқа түрлері (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, құрылыс жүргізу жобалары, инженерлік желілерді дамыту сызбалары) Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес Шымкент қаласының бас сәулетшісімен келісім бойынша әзірленеді және Әкімдік қаулысымен бекітіледі.
Шымкент қаласын жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, еңбек етуi мен демалуына мейлiнше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
Бекітілген қала құрылысы құжаттамасы Шымкент қаласының қала құрылысы қызметінің барлық субъектілері үшін арналған.
Қала құрылысы жағдайларының өзгеруіне жедел жауап беру мақсатында, кейіннен Әкімдіктің қаулысымен бекітілетін, Шымкент қаласының бас сәулетшісімен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Шымкент қаласындағы өзендердің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және олардың шаруашылық пайдалану режимінің талаптарын сақтау қажет.
Қазіргі кунде Қаламыз жақсы жаққа өзгерген. Керемет зәулім ғимараттар, қаламыздың көркеюіне үлесін қосып тұрған саябақтарымыз аз емес. Шымкент өзімнің туып өскен қалам болғандықтан тек қана коркейіп дамығанын көргім келеді. Шымкент – күнсанап дамып келе жатқан еліміздегі ірі қала. Мүмкіндіктер қаласы. Еңбекқор жастардың шоғырланған ордасы. Қала әсемдігін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Жасыл қала. Жайдарлы қала.
Шымкент – ыстық қала. Ауа-райы да, халқы да, тыныс-тіршілігі де ыстық мекен. Қаланың іргетасы сонау ХІІ ғасырда қаланып, бүгінгі күнге дейін қала атауы Чимкент, Черняев, Неджикент болып айтылып келген. Ал қазіргі атауы «Жасыл қала, бау-бақшалы қала» деген мағынаға сыяды екен. Халқы өте еңбекқор, жайдарлы болып келетін бұл қала аймағы Қазақстанды көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етіп отырады. Адамдары өте бауырмашыл әрі қонақжай. Көмек қолың сұрасаң сол мезетте көмектесуге,қиналғанда қасынан табылуға тырысатын өте мейірімді әрі жанашыр жандар
Достарыңызбен бөлісу: |