DOPS (direct observation on procedural skills) Зонд қою, асқазанды жуу (емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат)
Резидент шифры ________________________________
№
Қадамдарды бағалау критерийлері
Балл бойынша бағалау
2,0
1,0
0
1.
Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау қажет: Қолғап, асқазан зонды, шпатель, Жанэ шприц немесе воронка, Жуылған суға арналған ыдыс, бөлме температурасына сәйкес жууға арналған физиологиялық ерітінді
клеенкеден жасалған медициналық алжапқыш
суда ерігіш жағынды (гель)
Бет перде
Асқазан жууға арналған муляж
2.
Қолыңды жу, маска, халат, алжапқыш ки.
3.
Манипуляция жасау барысындағы науқас баланың қалпын атау: -бүйірімен жату; - отыру
Аурыдың отырған қалпын көрсету. Аурудың аяғының ортасына жуылған суға арналған ыдыс қою.
4.
Енгізілетін зондтың ұзындығын өлшеу (еріннен құлаққа қарай, ал төменгі бөлімі құрсақтың алдыңғы қабырғасымен зондтың жоғарғы тесігі төстің семсер тәрізді өсіндісінен төмен орналасу керек.
5.
Зондтың тұйық ұшына жағындыны көптеп жағу. Науқастың ауызын шпательдің көмегімен ашу (өзі ашпаған жағдайда).
6.
Асқазан зондын енгізу жолдарын атап, біреуін көрсету:
- ауыз арқылы: науқастың ауызы арқылы зондты өңешке қарай енгіземіз. Зонды тілдің ортаңғы сызыға арқылы жай жылжыта белгілеген жерге дейін енгіземіз.
- мұрын арқылы: науқастың басын қарама-қарсы жақа қарай қисайтып, мұрын тесігі арқылы зонды жаймен енгіземіз. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжытымыз. Зондты жұтқаннан соң науқастың тыныс алуы еркін екенніне көз жеткіземіз, зондты белгілеген жерге дейін енгіземіз. Зондтағы жуындының пайда болуы, зондтың асқазанда тұрғанын білдіреді. Зондты енгізген кезде кедергінің болуы, құсық, жөтел және т.б гипоксия көріністерінің пайда болуы, зондтың кеңірдекке түскенін көрсетеді. Мұндай жағдайда зондты жылдам шығарып, қайта енгізеді.
7.
Жанэ шприцін немесе варонкасын тығынысыз зондқа жалғап, варонканы асқазан деңгейінен төмен түсіру қажет(варонканы сәл қисайтып), асқазанның жуынды суы пайда болғанша. Алғашқы жуынды суын залалданған ыдысқа жинап, зерттеуге жіберу..
8.
Варонкаға жууға арналған суды құю. Жаймен жоғары көтеріп, сұйықтықтың асқазанға түсуін қадағалау (сұйықтық варонканың түбіне жету қажет). Дұрыс және жылдам варонканы төмен түсіріп, жуынды суды төгу.
9.
Таза су пайда болғанша асқазанды жууды қайталау. Енгізілген және шығарылған сұйықтықтың көлемі шамамен тең болу қажет.
10.
Варонканы бөліп, зондты салфеткамен ұстап, жылдам шығару керек.
Ең жоғары балл – 20
Тапсырмаға бөлінген уақыт – 5 мин
Қосынды балдары___________ (_____%)
Емтихан қабылдаушының аты-жөні: ____________________