Шымкент көлік, коммуникация


Директордың оқу-өндірістік



бет2/26
Дата01.08.2017
өлшемі4,54 Mb.
#22451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Директордың оқу-өндірістік

ісі жөніндегі орынбасары Романенко Я.

Сапа менеджмент жүйесі сапа қызметінің

2014-2015 оқу жылында атқарған жұмысы

туралы қорытынды есебі

2014-2015 оқу жылының қыркүйек айында сапа менеджмент жүйесі жұмысының жылдық жоспары мен ішкі аудитті өткізу жоспары түзіліп, колледж директорының қолымен бекітілді. Тексеріліп жатқан объектінің келесі құжаттарға сәйкестігі (МЕМСТ, сапа бойынша басшылық, ережелер, әдістемелік нұсқаулар, қолданыстағы нұсқаулар) және бекітілген талаптарға сәйкес сәйкессіздіктерді анықтау, колледждегі сапа менеджмент жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру мақсатында колледждің барлық құрылымдық бөлімдерінде ішкі аудит жұмысы ұйымдастырылды.

2014-2015 оқу жылының бірінші жартыжылдығында колледжішілік аудиттің жоспарына сәйкес колледждің келесі құрылымдық бөлімшелері ішкі аудит тексерісінен өтті:

- қазан айында оқу бөлімі, 1410000, 1202000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы, 1107000, 1201000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы мен дене және әскери-патриоттық тәрбиелеу циклдік комиссиясы;

- қараша айында әдістемелік орталық, 1108000, 1303000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы, 120300 мамандығының арнайы пәндер циклдік комиссиясы;

- желтоқсан айында қабылдау бөлімі, тәрбие жұмысы, күндізгі автомеханика бөлімі (бөлім меңгерушілері - Қ. Аймишев, Е. Сұлтанов);

- қаңтар айында – қабылдау комиссиясы, әкімшілік-шаруашылық бөлімі, жалпыбілім пәндер циклдік комиссиясы және тіл пәндері циклдік комиссиясы;

- ақпан айында – кітапхана, қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы, жалпы кәсіптік пәндер циклдік комиссиясы, күндізгі темір жол бөлімі – ( бөлім меңгерушілері - Б. Ешимов, Қ. Таукебаев);

- наурыз айында – сыртқы оқу бөлімі, оқу-өндірістік машықтану және гараж кешені, 1410000, 1202000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы, 1107000, 1201000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы;

- сәуір айында – оқу бөлімі, кадр бөлімі, 1108000, 1303000 мамандықтарының арнайы пәндер циклдік комиссиясы, 1203000 мамандығының арнайы пәндер циклдік комиссиясы мен дене және әскери-патриоттық тәрбиелеу циклдік комиссиясы.

Колледждің әрбір құрылымдық бөлімшесінде анықталған сәйкессіздікке сәйкессіздік хаттамасы толтырылып, сәйкессіздіктерді жоюға белгілі бір уақыт аралығы берілді. Осы уақыт аралығында анықталған сәйкессіздіктер түзетілді. Сәйкессіздік градациясының тұрғысынан алғанда тексеруден өткен құрылымдық бөлімшелерде маңызды сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Сапа менеджмент жүйесі бойынша өткізілген жоспарлы ішкі аудиттің қорытындысы туралы сапа бойынша жетекшінің есебі жасалынды.

18.12.20134ж күні «EUROASIA MS» ЖШС-нің өкілі Серикбаев Валерий Бисенұлы өткізген ресертификациялық аудит қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді жою мақсатында арнайы жоспар түзіліп, аталмыш жоспар бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде. Аудит қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді түзетуге жауапты тұлғаларға хаттамада көрсетілген белгілі уақыт аралығы берілді. Аудит қорытындысы бойынша түзілген түзетуші іс-шаралар жоспарының үлгісі «EUROASIA MS» ЖШС-не электронды түрде ұсынылды.

Аудит қорытындысы бойынша түзілген хаттамада көрсетілген ескертулер: колледждің сапа саласындағы мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында сапа саласындағы мақсаттарды қол жетімді, әрі өлшеулі етіп қайта қарап шығу мәселесі. Осы мақсаттта колледждің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарының координациялық кеңесте мақұлданған, колледждің сапа қызметінің әзірлеген жаңа жобасымен колледж ұжымын 27.02.2015ж күні өткен №3 педагогикалық кеңесте таныстырып, аталмыш құжат педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілді.

Хаттамаға сәйкес анықталған екінші ескерту – бекітілген талаптарға сәйкес әдістемелік кешендерге қайта талдау жасау. Осы бағытта директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж. Қамбарбеков және әдіскер Ф. Тургумбаеваның тарабынан колледждің әрбір циклдік комиссиясының оқу-әдістемелік кешенің тексеруден өткізіп, оған тиісті талдау жұмыстары жасалынып, тексеру барысында анықталған кемшіліктермен жұмыс жүргізілді. Орындалу мерзімі: 2015 жылдың мамыр айында.

Үшінші ескерту – жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін оқу процесін жақсарту мақсатында нақты ұсыныстардан тұратын өндірістік машықтану мен мемлекеттік емтихан комиссия есебінің талдауына қажетті критерийлерді анықтау мәселесі. Осы мақсатта дипломдық жобаларды қорғау және өндірістік машықтану бойынша есепті талқылау мақсатында оқу жылы барысында екі рет жиналыс өткізу және машықтану жетекшілеріне өндірістік машықтанудың нәтижесі бойынша студенттерге мінездеме беруді міндеттеу жұмысы жүргізілуде. Орындалу мерзімі: 2015 жылдың мамыр айында.

Төртінші ескерту - абитуриенттердің оқу процесіне дайындығын анықтау мақсатында абитуриенттердің білім деңгейін анықтау және абитуриенттердің оқу процесіне дайындығы сәйкес келмеген жағдайда түзетуші іс-әрекеттерді жүзеге асыру. Осы бағытта 2015-2016 оқу жылына колледжге оқушыларды қабылдау үшін абитуриенттерге консультативтік сабақтар өткізетін және тест-емтиханды қабылдауға қатысатын қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінің оқытушыларының тарапынан тест-емтиханның нәтижесін қорытындылай келе, оқуға қабылданатын оқушылардың білім деңгейі мен оқу процесіне дайындығын анықтау мақсатында талдау жасау. Талдаудың нәтижесін анықтама түрінде рәсімдеп, оқу бөліміне өткізу жоспарлануда. Орындалу мерзімі: 2015 жылдың қазан айында.

Аталмыш жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың есебі 2015-2016 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесінде ұсынылады.

2014-2015 оқу жылының екінші жартыжылдығында жүргізілетін жоспарлы ішкі аудиттің есебі ағымдағы оқу жылының соңғы №5 педагогикалық кеңесінде ұсынылады.

15.06.2015ж-19.06.2015ж мерзімі аралығында сапа менеджері А. Ескулова «Сапа менеджмент жүйесі бойынша ішкі аудиторлардың біліктілігін арттыру» курсына қатысып, мерзімі үш жылға жарамды біліктілік куәлігін алды.

Колледждің сапа саласындағы мақсаттарының жаңа нұсқасының бекітілуіне байланысты колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің сапа саласындағы мақсаттарын қайта қарау және бекіту мәселесі, әрбір құрылымдық бөлімшеде сапа қызметіне жауапты тұлғаларды тағайындау және колледждің істер номенклатурасының қолданыс аясындағы мерзімінің аяқталып келе жатқандығына байланысты колледждің істер номенклатурасын қайта қарап, бекіту мәселесін келесі жаңа 2015-2016 оқу жылында қарастыру жоспарлануда.




Сапа бойынша басшылық өкілі Ұ. Исаева


ӘКІМШІЛІК - ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ 2014 – 2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ ТУРАЛЫ

Колледждің әкімшілік - шаруашылық бөлімі қызметкерлері ғимараттарды күтіп ұстау мақсатында 2014 жылдың шілде – тамыз айларында оқу кабинеттер, зертханалар, дәліздер мен кітапхананың оқу залына әктеу – сырлау жұмыстары жүргізіп жаңа оқу жылына дайындалды.

2014 жылы ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстары үшін Облыстық бюджеттен 125 456 000 ( бір жүз жиырма бес миллион төрт жүз елу алты мың) теңге бөлініп, маусым – қараша айларында колледждің оқу ғимараты ішіндегі негізгі және қосымша баспалдақтарға, спорт залына, оқу шеберханасына, асханаға күрделі жөндеу жұмыстары, оқу ғимараты, мәжіліс, спорт залдарының төбесіндегі асбест шиферді, металлочерепицаға ауыстыру, оқу ғимараттарының алды мен артқы жағын және спорт, мәжіліс залының алды мен жанын керамогранит плиталарымен қаптау және оқу ғимараты алдына керамикалық плита төсеу жұмыстары жасалынды.

2014 жылдың шілде айында оқу ғимараты мен оқу шеберханасы және жатақхананың жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жасалынып, «3 – Энергоорталық » акционерлік қоғамы өкілдерімен бірге жоғарғы қысымда тексеріліп, тексеру актісі Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына өткізіліп, қараша айының 10 жұлдызына дейін барлық ғимараттарға толығымен жылу берілді.

2014 жылдың қараша айында оқу шеберханасына жеке бойлер мен жылу өлшегіш құралы және спорт залының жылу жүйесіне пластик құбырлар тартылып, желмен жұмыс істейтін пинкоил радиаторлары орнатылды. Колледждегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында оқу ғимараты мен оқу шеберханасындағы өрт дабылқаққыштардың дұрыс жұмыс атқаруы үшін 2015 жылға тиісті мекемелермен келісім – шартқа тұрып, оқу ғимараты, мәжіліс, спорт залы мен оқу шеберханасының шатыр жаппалары оттан қорғайтын өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу және оқу ғимараты жертөлесі мен қоймаларға және жатақхананың жертөлесі мен жатын бөлмелеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдың қазан айында колледжде даярлайтын мамандықтар бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге оқу полигонын ұйымдастыру үшін Шымкент қаласының сыртындағы егістікке жарамсыз жерден жалпы көлемі 10га жер бөлініп, қазіргі таңда құжаттар рәсімделіп жатыр.

2015 жылдың наурыз - мамыр айларында оқу ғимаратының пайдалы көлемін арттыру мақсатында спорт залы мен вестибюлдің шатыры көтеріліп жабылып, екінші қабаттағы галарея жанынан екі бөлме ұйымдастырылып, жылу жүйесі пластикалық құбырмен жүргізіліп, алюминий радиаторлар орнатылды және сәуір - маусым айларында колледждің мәжіліс залының төбесіне аспалы төбе орнатылып, қабырғалары қайта сыланып, еденіне төселген паркеттер ламинатты еденге және терезе мен сахнадағы перделер ауыстырылып, жылу жүйесін пластикалық құбырмен жүргізіліп, желмен жұмыс істейтін пинкоил радиаторлары орнатылды.

2015 жылдың мамыр айында оқу ғимараты алдындағы қоршаулар алынып, колледждегі мамандықтардың стендтері көше жаққа көшіріп, жаңадан светильниктер және оқу ғимараты артына роза гүлдер отырғылып, қоршаулар орнатылды.



Директордың ӘШЖ жөніндегі орынбасары А.Аманжолов

1-кесте


8. Оқу – зертханалық ғимараттар мен жатақхаалар және олардың пайдалануы ( шаршы метр)


Атауы




шифр


Жалпы ауданы


Оның ішіне жалға алынғаны



Жалпы ауданы

Қаладан тыс жерден келген оқушылар саны (адам)


Жалға берілгені



Оқу ауданы


Оқытуға қосымша аудан


Қосымша жұмыстар


Баспаналық


Барлығы

Оның ішінде жатақханаға мұқтаждары

Жатақхананың сыйымдылығы

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы:

01

10517,2

-

-

8853,9

118,5

-

1544,8

-

-

-

Оның ішінде оқу – зертханалық ғимараттар, жатақхана ғимараттары

02

10517,2

-

-

8853,9

118,5

-

1544,8

1010

350

106


Тұрғын үйлер, сауықтыру мекемелері, асхана, балабақша және басқа да шаруашылық ғимараттар

03

10517,2

-

143,01

-

-

-

-

-

-





Директордың ӘШЖ жөніндегі орынбасары А.Т.Аманжолов
Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Я.А.Романенко
Басқарушылардың және оқытушылардың сандық және сапалық құрамы
Колледжде оқу процесін жүргізуге барлығы 117 оқытушы қатысты, оның ішінде 5 қосарланған оқытушылар.
Олардың: Жоғары білімдері – 117
Ғылым кандидаты – 1
Магистрлік біліктілігі бар – 13
Жоғары санаттылар – 30
І санаттылар - 20
ІІ санаттылар – 42
Санаты жоқтар - 25

Осы 117 оқытушының
35 – жалпы гуманитарлық пәндер
21 – жалпы кәсіптік пәндер
61 – арнайы пәндер
оқытушысы болып қызмет атқарады.
Колледждің басқарушылары мен оқытушыларының сандық және сапалық құрамы
2, 3 кестелерде көрсетілген.

2 – кесте



2014 – 2015 оқу жылындағы педагогикалық кадрлардың сапасы
01.07.2015ж.



Білім мекемесінің

аты

Барлығы

Білімі және біліктілігі

Ғылыми дәреже

Еңбек өтілі

Наградалары

Қазақ тілінде сабақ беру

Пед. Кадрлардың біліктілігін арттыру

Жоғары білімді

Орта арнаулы білімді

Білімі жоқ

Жоғары санат

Бірінші санат

Екінші санат

Техн.ғылым канжидаты

Магистрлік біліктілігі бар

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жылға дейін

10 жылдан 25 жылға дейін

25 жылдан жоғары

ҚР білім беру үздігі

ҚР Б ж ҒМ наградалары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

1.

Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі


117


117


-


-


30


20


42


1


13


28


32


36


21


4


9


100


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет