Үшінші деңгейдің емтихан сұрақтары 2-вариант
1.Орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейде анағұрлым кең тараған теориялық оқыту тәсілін атаңыз
А)дайын білім беруге негізделген оқыту
В)механикалық түрде есте сақтау
С)СТО
D) АКТ қолдану
Е)сындарлы (конструктивті) оқыту
2.Мұғалімнің.......-оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс-әрекетінің негізі.
А)білімі
В)ұстанымы
С)біліктілігі
D) ойлау жүйесі
Е)сенімі
3.Құзырлы оқытудың маңызды факторын атаңыз
А)оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың нығаюы
В)оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің зерттеуі мен бағалауы
С)оқушының оқудағы жауапкершілікті сезінуі, түсінуі
D) мұғалімнің оқушы оқу жетістігін бағалау үрдісі
Е)мұғалімнің оқушы жан дүниесін түсінуі
4.Шульман ілімінің (теориясының) үш көмекшісі:
А)бас, ойлау, жады
В)бас, қол, жүрек
С)бас, жүрек, сезім
D) бас, сана, тәжірибе
Е)ақыл, қайрат, жүрек
5. Адамдардың қалай оқитындықтарын түсіну туралы ғылым салаларын көрсетіңіз
А)ғылыми қорлар жиынтығы, аффективтік теория, педагогика
В)когнетивті теориялар, зияткерлік, даму
С)әлеуметтік психология, аффективтік теория, когнетивті психология
D) шығармашылық, психология, қарым-қатынас
Е)әлеуметтік психология, зияткерлік, даму
6. «Субъектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие» деп есептеген ғалым кім?
А)Говард Гарднер
В)Джон Саймонс
С)Жан Пиаже
D) Авраам Маслоу
Е)Джон Дьюи
7. Тапсырмалардың қайсысы когнетивті қолдау көрсету үлгісі («көпірше») болып табылады?
А)жұмысты оқулықтан көшіріп жазу
В)есепті шығару алгоритмін ұстану
С)практикалық тапсырманы орындау үшін оқулықты қолдану
D) мұғалім көмегімен оқушының тапсырманы орындау
Е)мұғалімнің есепті шығару алгоритмін түсіндіру
8.Мидың артқы бөлімінің желке тұсы....жауап береді
А)ауызша және тұжырымдамалық білімнің сақталуына
В)визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға
С)қол және дене рецепторларына
D) сөйлеуге
Е)ойлауға
Достарыңызбен бөлісу: |