Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет 3 «Табиғат» сөзіне топтастыру стратегиясы



бет88/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет 3 «Табиғат» сөзіне топтастыру стратегиясы

Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар?
5-бетінде -қолданыңыз: Онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек?
6-бетінде -талқылаңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.
Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды не оны мадақтайды.
Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын стратегиялар: «Аралас кезеңдер» стратегиясы қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Мәтінді бөліктерге бөліп, мұғалім араластырады. Бөліктерден бүтін мәтін құрастыру керек. Жұпта қарастырады, топта ақылдасады. Мәтінді дұрыс құрастырғандағы туралы шешімге келісімен мұғалім өзі дайындаған мәтінмен салыстыруын сұрайды.
«Еркін жазу» стратегиясы да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5 минуттың ішінде оқушылар тоқтамай, үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды.
Мағынаны ажырату кезеңінде қолданылатын стратегия: «Оқытудың нұсқауы». Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір-біріне оқиды, топқа талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байанысты болады.
Ой толғаныс кезеңінде «5 минуттық эссе» қолданылады. Өтілген жаңа тақырыпты бекіту үшін ыңғайлы және бұл эссе мұғалімге сыныптың ой-өрісінің даму деңгейін көрсетеді. «5 минуттық эсседе» 2 тапсырма орындалады. Олар жаңа тақырып бойынша не өтілгенін және сол тақырыпты зерттегенде пайда болған бір сұрақ жазады. Мұғалім келесі сабақты сол сұрақтарға жауап беруден бастайды.
Ой толғаныс кезеңінің келесі стратегиясы - «Венн диаграммасы». Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл жеке өздеріне тән ерекшеліктері және артық ерекшеліктері бар екі нәрсені салыстыру үшін қолданылады. Сол жақ дөңгелекте бір нәрсенің ерекшеліктерін, оң жақ дөңгелекке екінші нәрсенің ерекшеліктерін жазады, ал қиылысып жатқан жеріне екі нәрсенің ортақ ерекшеліктері жазылып толтырылады. Топпен ақылдасып жазғандарын басқа топтарға оқиды. Келесі қарастырылатын мәселе желісі сабақтар жайлы болмақ. Жоспарланған сабақтар арқылы стратегиялардыңі іс жүзінде қолданылуын көруге болады, мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері айқын байқалады.
Мәселен, бастауыш сыныпта «Ана тілі» сабағында А.Байтұрсыновтың «Ағаш» тақырыбын өткенде сабақтағы ой-толғаныс кезеңінде балаларға Венн диаграммасын сыздыруға болады (сурет 4).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет