Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


І-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ



бет2/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

І-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



    1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін

реформалаудың басым бағыттары

ХХІ ғасырда білімнің құнды капиталға айналуын және қоғамның өзгерісіне сай оның сұранысын қанағаттандыратын білім беру қажеттілігін Л.Г.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің құрылуына 10 жыл толуына байланысты осы оқу орны білімгерлеріне арналған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінеді. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді».


Мектептегі білім мазмұны және құрылымын жаңартудың негізгі бағыттары жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (МЖБС) ерекше аталып көрсетіледі.
ХХІ ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары:
біріншіден - білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану математика, техникалық пәндерді, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту;
екіншіден - білімде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру;
үшіншіден - оқыту, жұмыс орнын дайындау, еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайту;
төртіншіден - мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет