Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет3/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

бесіншіден - қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. табылады.
Білім беру реформасы қоғамның даму қарқынына байланысты жүзеге асырылады. Мәселен, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында «Білім беру реформасы- Қазақстаннның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктіріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге сай келетін реформа қажеттілігін ашып көрсетеді.
Қоғамдағы серпінді әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында білім беруге сапалық реформа жүргізу білім беру саласында қалыптасқан нақты жағдайды, өскелең үдерістер мен іс жүзіндегі қатынастарды, сондай -ақ қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егжей - тегжейлі жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады. Мұндай стратегия жылдам өзгертетін нақты жағдайларға тұрақты бейімделетін икемді тактикалық іс - қимыл бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.
ЮНЕСКО-ның зерттеулеріне сүйенсек, ХХ ғасырдың 80-щі жылдарына дейін дүние жүзінде білім беру жүйесінде бірінші типті реформалар жүзеге асырылады. Ол негізінен білім беру мазмұнын жаңартуға, оқу орындарының материалдық - техникалық базасын жақсартып, оларды білікті маманмен жабдықтауға бағыттылған еді. ХХ ғасырдың 80 - жылдарынан бастап дүние жүзіндегі көптеген елдерінде білім беру реформасының 2 түрі жүрізіледі. Ол білім беру жүйесін елеулі өзгертуге бағытталды, білім беру мақсаты мен оған деген көзқарасы өзгереді, себебі білім беру ақпарат дамып отырған қоғамда маңызды әлеуметтік - экономикалық және мәдени прогресс құралына айналды. Екінші типті реформалар тікелей білім беру жүйесінде және олар осы жүйеден тыс болып жатқан әлеуметтік - саяси өзгерістерге байланысты білім берудің мақсаты мен міндеттерінің де өзгерісін туғызады. Алдымен, бұл реформалар білім жүйесін, ақпарат және компьютер жүйесі мен технологиясының тез қарқынмен дамуы, білім берудің барлық саласында мәліметтердің дүниежүзілік және аймақтық ақпарат банктерінің пайда болуы мен оқытудың дәстүрлі әдістері арасындағы қайшылықтарды жоюға, оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағытта құруға, оны жетілдіруге бағытталады.
Соңғы онжылдықта көптеген шетелдердің білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады немесе реформалар жүргізілуде. Мысалы: «2000 жыл мақсаттары» атты жаңа федералды бағдарламаның ХХІ ғасыр қарсаңында американдық мектептерді дамыту үшін білім беру реформасының енізілуіне төмендегідей үш тенденцияны атап өткен жөн: ғылыми - техникалық прогрестің талабына сәйкес, әлемдік бәсекеге қабілеттілік шарттарына орай АҚШ-та математика мен ғылыми жаратылыстану пәндерін оқытуға аса баса назар аударуда; жалпы білім беретін мектептер өздерінің оқыту үдерісін оқушылырдың қызығушылығын дамыту бағытына қарай ұйымдастыра алады; американдық оқу бағдарламасының ерекшелігі оқушылырдың жеке дара қабілеттерін ескеретіндей, жекеше бағыттылық алуында.
Ал Германияда оқу жоспарлары мен білім беру стандарттарын дайындауда, білім беру саясатында белгілі бір жүйелілік тән, әрбір федералды орында оларды жүзеге асырудың арнайы жолдары көрсетіледі. Германияда орта білім беру жүйесінде реформалар жүргізу барысында оқушылырдың білім сапасын көтеруге оң өзгеріс жасаған оқу жоспарлары өзгертіледі.
Сондай - ақ, бұл елде оқытудың стандартизациясы төмендегілерді анықтайды: орта оқу орнының типін; оқу жоспарларының негізгі парамертлерін; оқушының оқудағы жетістіктерінің рейтингтік жүйесінің сандық және сапалық сипаттамасын; оқушының білімі мен біліктілігін бағалау әдістерін.
Қытайдағы жаңа білім беру жүйесінің негізгі принциптері: вариативтілік; оқу орындарының көп салалығы; білім беру мазмұнының диверсификациясы; оқытудың дифференциациясы (саралануы).
Ресейде оқушының толық білім алуына жағдай жасалынған: инновациялық типтегі білім беру мекемелерінің гимназия, лицей, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарлы мектептердің шылуы.
Шетелдік орта білім беру жүйесін түрлендірудің негізгісіне ақпараттандыру және оқыту технологияларын жаңа ақпараттық жүйеде қайта құру болып табылады: білім беру философиясын жаңарту; жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын қабылдау; білім
беруді ақпаратттандыру және оқытудың адекватты жаңа технологиясын дайындау; білім беру мен ғылымды интеграциялау.
Адамзат өркениетінің дамуының осындай шиеліністі тұсында әлемнің көптеген елдері өздерінің қоғамдық - әлемдік, саяси –экономикалық саясатының басты және өзекті тұғыры есебінде «Тұрақты даму стратегиясын» қабылдап отыр. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанға да тиісті көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ ДБ-мен бірлесе отырып,тұрақты дамудың құрылымдық шарттарын нығайтуға бағытындағы арнаулы бағдарлама қабылданады.
Тұрақты даму тұжырымдамасы - жеке адам, табиғат және қоғам арасындағы, бүгінгі адамзат тіршілігі мен келешек ұрпақтардың мүдделері арасындағы ірі қарама-қайшылықтарды азайтып, қоғамдық қарым-қатынастар мен материалдық және рухани-интелектуалдық жағдайларды кешенді түрде қарастырып, адамзат тіршілігінің сапасын өсіріп, табиғи орнаның тепе-теңдік қалпын сақтау және жетілдіруді көздейтін төмендегідей түбегейлі мәліметтерді қамтитын іргелі тұжырымдама:
1. Әлемдік макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттердің басқару саясатын адам және адамзат қажеттіліктері мен құндылықтарына бағдарлау, білім, мәдениет және салауатты өмір салтын дамытуға басымдылық беру арқылы адам әлеуетінің сапалық жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету.
3. Техникалық және технологиялық құралдарды ретсіз қолдану, биоресурстарды шексіз пайдаланудың зардаптарын азайту арқылы қоршаған ортаны, табиғатты сақтаудың кешенді, пәрменді шараларын жүзеге асыру.
2002 жылы Минск қаласында өткізілген «Тұрақты даму мүддесіне сай білім сапасын басқару» Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы тұрақты даму бағдарламасының басты идеялары төмендегідей деп көрсетті:
1. Әрбір азаматтың өмірлік болашағын қамтамасыз етудің кепілі есебінде оның ұлттық құндылықтарын сақтауға және этикалық және моральдық құндылықтарды қадірлеуді адамгершілік басты ұстаным ретінде қабылдауға тәрбиелеу.
2. Білім беруді халықаралық деңгейде демократияландыру, оның бұқаралық мәртебесін көтеру.
3. Өміршең және тұрақты адамзат қоғамын қалыптастыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларына барынша қолдау көсету, оларды өмірге енгізу жолдарын анықтау.
4. Бүкіл білім жүйесін және халықаралық қауымдастықты қоғамның тұрақты дамуына қызмет көрсету мен педагогикалық жүйелердің неғұрлым тиімді технологияларын енгізуге жұмылдыру.
5. Тұрақты даму тұжырымдамасы аясында білім беру жүйесінде халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен ықпалдасуды дамыту.
XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, соның ішінде Болон үдерісінің қарқынды дамуы дәлел.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам реурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білім мен біктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдык күші жетік маман кадрлар болмайынша, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика, білім саласы дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында біліктілік арттыру институттары да шешуші рөл атқарады.
Өркениеті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталайық (1-кесте).
АҚШ соңғы жылдары оқытудың практикалық бөлімдеріне басымдылық танытуда:
- білім сапасын диагностикалау;
- білім мониторингі;
- саралап оқыту;
- оқытудың қазіргі технологияларын пайдалану сияқты мәселелерді кіргізіп отыр.
Соңғы кезде білім беру саласын одан әрі жетілдіру бойынша негізгі заңды актілер күшуіне енді. Қазақстан Республикасында білім беруді жаңа жағдайда жетілдіру бойынша «Білім туралы» заңы, орта білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы, Базистік оқу жоспары, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешеңдері, ҚР жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Жалпы орта білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары: ізгілендіру, тұлғалық бағыттылық, тұжырымдамалық, стандарттық, ақпараттық технологияландыру және т.б.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет