Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-1. Өркениеті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері



бет4/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Кесте-1. Өркениеті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері

Мемлекет

Басты идея,
мақсаты

Басым бағыттары

Франция

Ізгілікті қарым қатынас, ынтымақтастық педагогика

  • Субъект-субъекттік қарым-қатынас

  • Оқушылардың өзін-өзі басқаруы

  • Практикалық іс- әрекеттің басымдылығы.

  • Рефлексивтік-аналитикалық әдістерге негізделген педагогикалық жүйені жетілдіру мақсатында әлеуметтік-психологиялық білімді қолдануға бағытталған бағдарламалар жасау және оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру

Жапония

Жан-жақты тереңірек білім беру

  • Әрбір оқушының, мұғалімнің өзіндік «Менін» қалыптастыру

  • Өркениетті елдерің іс-тәжірибесін үйрену (салыстырмалы педагогика)

Германия

Педагогикалық тұжырымдаманың алуан түрлілігі

  • Теориялық дайындыққа басымдылық беру

  • Әртүрлі педагогикалық тұжырымдама- ларды іс-тәжірибеде сынақтан өткізу

Щвеция

Мұғалімдерді кәсіби дамыту

  • Білімді, ақпаратты ұдайы дер кезінде жеткізу

  • Арнайы бағдарламалар негізінде мұғалімдерді жиі-жиі қайта даярлаудан өткізу

Израиль

Мұғалімдерді кәсіби дамыту

  • Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен жалпы мәдени даярлығын арттыру

  • Мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыру

  • Әртүрлі бағыттағы эксперименттік бағдарламаларды жүзеге асыру

Нидерландия

Білім беру сапасын арттыру

  • Білім беруді интеграциялау

  • Оқу-тәрбие үдерісінде интеграциялан- ған бағдарламаларды сынақтан өткізу

  • Мұғалімдердің кәсіби даярлығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру

Англия

Мұғалімнің сұранысын қанағаттандыру

  • Оқушы мен мұғалім іс-әрекетіндегі шығармашылық бағыт

  • Креативтілікті дамыту

  • Мұғалімді зерттеушілік іс-әрекетке жұмылдыру

  • Әртүрлі эксперименттік жобаларды сынақтан өткізу, жетілдіру

  • Әрбір мұғалімді авторлық бағдарлама- мен жұмыс жасауға бағыттау

  • Мұғалімнің басты қызметі: авторлық бағдарламаны жасаушы эксперименттен өткізуші → зерттеуші

АҚШ

Оқытудың тұлғалық бағыттылық сипаттамасы

  • Оқытудың практикалық бөліміне басымдылық беру

  • Саралап оқыту

  • Білім сапасын диагностикалау

  • Бағдарламаның әртүрлілігі

  • Оқушы мен оқушының бағдарлама, оқулықтарды таңдау құқығы

  • Альтернативті бағдарламалардың сынақ тан жиі өткізілуі

Ресей

Оқытудың тұлғалық бағыттылық сипаттамасы

  • Оқу-тәрбие үдерісін субъект-субъект қатынаста құру

  • Мұғалімді ұдайы шығармашылық ізденіске бағыттау

  • Білім сапасын тексеру, жақсарту мақсатында түрлі эксперттік топтар құру

Қазақстан

Нәтижеге бағытталған білім беру

  • Оқу-тәрбие үдерісін субъект-субъект қатынасқа қарауға бағыттау

  • Нәтижеге бағытталған білім беру

  • Құрылымдық өззгерістердің басымдылығы

  • Мұғалімдердің зерттеушілік іс-әрекетке бет бұруы

  • Инновациялық бағдарламаларды сынақтан өткізу



«Білім» мемлекеттік бағдарламасы оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізуге инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтитын үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды көздейді.
Қазақстан Республикасында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Білім» мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді. Бағдарламаның негізгі мақсаты- сапалы білім алуға кеңінен жол ашатын ұлттық білім беру жүйесін тиімді дамытудың алғы шарттарын жасау. Жалпы орта білім беруді дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша мемлекетте сенімді құқықтық –нормативтік база жасақталады.
Тәуелсіздік алған 18 жылдың ішінде Қазақстан Рспубликасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары ашып көрсетілді. (2-кесте).
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын жасаудағы басты мақсат - жалпы білім беретін орта мектептердің әр сатысындағы оқу үдерісі барысында оқушы меңгеруге міндетті білімнің ең төменгі деңгейін (минимумым) белгілеу. Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі аясындағы білімнің жалпы нормаларын сақтай отырып,оқушыны саралап оқытудың түрін таңдау құқығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқу жүктемесі минимумына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне, мектеп бітірушілердің білімдерін обьективті бағалауға, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білім туралы құжаттардың эквивалентілігіне қойылатын талаптарды тағайындады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттің тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми - теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі - білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін (БСҰЖ) құру білімнің сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалап отыру үшін білім сапасы мониторингінің ұлттық жүйесін әзірлеуге, оқушылардың оқу жетістіктері басты компоненті болып табылатын білім сапасын тұрақты қадағалап отырудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік беретіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет