Байланысты: ?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è
Білім стандарты- мемлекеттің әрбір азамат алдындағы, өз кезегінде азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басын біріктірген басты құжат. Мемлекет әрбір жас азаматынан стандарт бойынша анықталған білім деңгейін игеруді талап етеді, ал өзі соған қажетті мүмкіндіктердің бәрін жасауды мойнына алады.
ТМД елдерінің білім кеңістігіндегі білімді стандарттау сияқты жаңа бастамалар біздің елдегі оқу үдерісіне әсерін тигізбей қоймады. Мектеп қрылымын жаңартып, оған сай жаңа білім мазмұнын айқындауға бағытталған ізденістер отандық білім стандартын дайындау проблемаларымен ұштасады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министірлігінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институнының ұжымы осы өзекті мәселе төңірегіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы ереже дайындалып, көпшілік талдауынан кейін министірлік тарапынан 1996жылы бекітілді.
Бұл жаңа құжатта «білім стандарты» деген ұғым мемлекет тарапынан жалпы білім беруге қойылатын талаптар жүйесі деген кең мағынада қарастырылған. Сондықтан, мемлекеттік білім стандарты бір-біріне сабақтас үш құрамдас бөліктен тұратындығы алғаш рет нақтыланды.
Олар:
1) тұжырымдамалық;
2) нормативтік;
3) әдістемелік бөліктер.
Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат-базистік оқу пәндері бойынша дайындалатын білім стандарттары кіргізілген. Ал үшінші бөлікті оқу-әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған.
Бұл жұмыстардың заңды жалғасы ретінде оқу үдерісін жаңа мотивациялық идеяда құрудың ғылыми теориялық және оқу-әдістемелік негіздерін ойластыратын уақыт келді. Басқаша айтқанда мектептегі оқу үдерісін мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды жан-жақты қарастыру проблемаларды түгелдей қайтадан қарап, көптеген жаңалықтар енгізуді қажет етеді.
3-кестеде ғалым М.Жадрина ұсынған білім беру стандартына байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік проблемалары берілді.
Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезеңде жалпы қоғам дамуының үдерісіндегі білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген толғаныстарды пайымдау болып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда.