Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. «Тірек конспектісі», «тірек белгісі» ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2. Тірек конспектісін жасауға қойылатын талаптарды атаңыз.
3. Тірек конспектісін жасау жолдарын көрсетіңіз.
4. Тірек белгілерінің атқаратын қызметін ашып көрсетіңіз.
5. Тірек конспектісімен оқыту технологиясының мәні неде?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педогогических поисках. Пособие к спецкурсу для высших педагогических учебных заведений, институтов усовершенствования учителей, повышение квалификации работников образования. -М.: Арена, 1994, - 221с.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии, -М.: Народное образование, 1998. - 225с.
3. Бұзаубақова К.Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. – Алматы; Жазушы, 2005, - 240 б.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.:Педагогика, 1989, -192с.
5. Еньцина Н.А. Инновационные процессы в образовании. - Барнаул, 2002. – С.64 – 67.
6. Хайруллин.Г.Т. Технология и техника взаимодействия. -Алматы:КИЦ «АВС»1999.-248с.
7. Шаталов В.Ф.Точка опоры. –М.:Педагогика,1987
8. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза. –М.:Педагогика,1980, -143с.
9. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. –М.:Педагогика,1989, -540с.
10. Шаталов В.Ф.Үштіктен қалай құтылдық. -Алматы,1989. -134б.
11. Бұзаубақова К.Ж., Сайымқұлов З.Ә. 8-сыныптағы физиканы оқыту әдістемесі.-Тараз:ТарМУ, 2003. -196б.
4.14 Проблемалық (ділгірлік) оқыту технологиясы
Ділгірлік (проблемалық) оқыту бағдарламаланған оқыту жүйесі сияқты білім берудің белсенді технологиясына жатады. Оның негізінде қандай да бір тапсырманы, проблеманы шешу жатыр. Проблема гректің «problema» - тапсырма сөзінен алынған. Кең мағынада проблема- теориялық және тәжірибелік қиын, шешілмеген, шешуді және зерттеуді талап ететін сұрақ. Ғылымда проблема дегеніміз - қарама-қарсы жағдаят, қандай да бір құбылыстың, обьектінің, удерісітің түсініктемелерінің қарама-қарсы жағдайда көрінуі.
Психологиялық сөздікте төмендегідей анықтама беріледі: «проблема-субьектінің қиындық пен қарама қайшылықты білімі мен тәжірибесі арқасында қалыптасқан жағдайда шешу мүмкіндігі жоқтығын тусінуі»
XX ғасырдың 80-жылдарында проблемалық оқытуға қатысты көптеген педагогикалық еңбектер жарық көрді. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа пайда болған құбылыс емес, ертеректе проблемалық оқыту Сократ, Ж.Руссо, А.Дистерверг, Н.Чернышевский, К.Ушинский, Д.Дьюи сияқты есімдермен байланысты. Проблемалық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – мұнда мотивация жүйесі өзгеше, акцент интеллектуалдық ойларға жасалады. Проблемалық оқыту – бұл оқушылардың танымдық, шығармашылық теориялық және тәжірибелік іскерлігін тиімді басқару жүйес, ойлау үдерісінің заңдылықтары мен білімді меңгеру жағдайына, танымдық қабілеттің дамуына негізделген.
Проблемалық оқыту мәні- толық шешімін таппаған, таласты сұрақтардың бірі. Проблемалық оқытуды дидактикалық жүйе, әдіс, оқыту принципі, типі деп жүр.
Проблемалық оқыту- проблемалылық принципін ескере отырып жасалған оқыту үрдісі:
- ойлау операцияларының логикасын талдау, жүйелеу, қорытындылау мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің зағдылықтарын жағдаяттың, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің дәрежесін ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жүйесі;
- ойлау қабылеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру, ақыл-ойын, ойлауды дамыту заңдылықтары негізінде арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларды ғылым негіздерін оқып-үйрену, ғылыми біліммен қаруландыру арқылы жүргізілетін жұмыс.
Проблемалық оқыту, оқытудың жаңа принципі, ол қазіргі кезеңде ең өзекті, оны іс-тәжірибеге енгізу қажет және де дидактикаға оқытудың әдіс, жүйесі, типі, түрі, не формасы мағынасында емес, оқыту формасы мағынасында енеді (Э.Г.Мингизова).
Проблемалық оқыту – оқытудың жаңа типі. Ол түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті алмастырып, оқушылардың шығармашылық ізденіс негізінде білім алуына негіз болады (В.И.Загвязинский).
Дәстүрлі оқыту мен проблемалық (ділгірлік) оқыту арасындағы негізгі ерекшелік, айырмашылық 2 жайттан көрінеді:
1) педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мақсатынан;
2) қағидасынан (принципінен);
Дәстүрлі оқыту мақсаты - таным нәтижелерін меңгеру, оқушыларды ғылым негіздері білімімен қаруландыру, оларға тиісті іскерліктер мен дағдыларды сіңіру болса, ал проблемалық оқыту мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білім деңгейін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып қоймай, бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісін де меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық ізденіс үстіндегі алғырлығы мен ойшылдығын арттыру, қабылеттерін дамыту;
Проблемалық оқыту удерісін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-танымдық ізденіс әрекетінің, білімдерді ділгірлік меңгеру, яғни ғылым қорытындыларын, әрекет тәсілдерін ашу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану тәсілдерін ойлап табу принципі жатыр.
Проблемалық мәселенің мазмұны оқушылардың алған білімімен, олар шешуге тиісті жаңа мәселелерінің арасындағы қайшылыққа негізделген проблемалық жағдаятқа байланысты. Проблемалық мәселенің шешімін табу оқушылардан жаңа жағдайда алған білімін пайдалануды қажет етеді, бүл олардың ойлау қабылетін дамытады.
И.Я.Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді:
- ділгірлік баяндама;
- эвристикалық (пікір алысу);
- жеке ізденіс (жартылай);
- зерттеу әдістері.
Ділгірлік баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім ділгірлік жағдай туғыза отырып, ізденіс материалын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болуы негіздерінғ оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Оқушылар әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді.
Эвристикалық пікір алысуда мүғалім ділгірлік мәселені тікелей енгізеді де, бір-біріне байланысты сұрақтар қояды, қайтарылған тура жауаптар мәселенің шешіміне әкеледі.
Жеке жартылай ізденіс әдісі оқушылардан қойылған мәселені өз бетінше шешуді талап етеді. Дегенмен, мұғалім көмектесіп, ойлау әрекетінің жоспарын белгілейді, қиындықтарды шешу жолын көрсетеді.
Проблемалық оқытудағы оқушылардың білімінің, дағдысы мен икемділігінің өзекетілігі:
- Болжамды ұсыну және негіздеу;
- Өзекті мәселені қалыптастыру, өзекті жағдай туғызу;
- Болжамды тексеру;
- Мәселені шешудің дұрыстығын тексеру;
- Шешуші қорытынды құру;
Проблемалық оқыту- дидактикалық принцип, ол жүйе де, әдіс те емес, ол оқушылардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде қарастырылады.
Жеке адам білімі толық және толық емес болуы мүмкін. Сондықтан проблема белгілі мен белгісіздің әсерінен пайда болады деп толық айтуға болады (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |