Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
4. Оқу-зерттеушілік. Бұл технологияның басты мақсаты - оқушылардың зерттеу іс-әрекетімен айналысу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі кезеңдері:
- барлық тақырыптарды қамтитын оқу мәселесін қою;
- мәселені шешу әдістемесін анықтау;
- оқулық және қосымша әдебиеттерді оқу, конспектілеу;
- мәселені шешу және болжам жасау;
- жасалған болжамды тәжірибеде тексеру;
- алынған нәтижелерді, шешімді басқа да мәселелерді шешуге пайдалану;
- зерттеу нәтижелеріне сәйкес оқу ақпаратына қосымша түзетулер енгізу;
- жасалынған жұмысты қорғау.