Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет105/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Сурет 1 ЖАКТ-ның бағыттары

ЖАКТ



Оқу-әдістемелік,электронды кешендер құру,әдістемелік Web-сайттар ашу

Бағыттары Мақсаттары





Электронды оқулықтар



Телекоммуникациялық технологиялар

Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану





Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,бағдарламлық сайттар,құралдар жасау



Мультимедиалық және гиперм әтіндік технологиялар



Қашықтықтан оқыту,басқару (Internet)



Өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету

ЖАКТ оқытудың әр кезеңінде де (жаңа тақырып түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру) қолданылады.


ЖАКТ-да компьютер:
- мұғалім мен оқулықты толықтай ішінара алмастыратындай білім алудың ақпарат көзі;
- мультимедиа және телекоммуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекі құрал, жеке ақпараттық кеңістік;
- талдау және тексеру құралы.
ЖАКТ жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор; есептегіш машина, нобайлау құралы сияқты қызметтерді атқарады.
ЖАКТ жағдайында компьютер оқыту объектісі ретінде берілген тапсырмаға сәйкес бағдарлама түзу, бағдарламалар жинағын жасау сияқты қызметтерді атқарады.
Өздерінің танып білетін (танымдық) және практикалық іс-әрекетті мазмұнын оқушылар өз бетімен анықтайды. ЖАКТ өз бетімен білім алу үдерісі дамуына нақты жағдай жасауда. Өйткені, электронды оқулықтар өзінің негізгі ерекшеліктер бойынша оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді. Бұл жағдайда мұғалім кеңесші функциясын атқарады.
ЖАКТ жағдайында қолданылатын негізгі әдіс бейнеәдіс- оқу орындарының жұмыс практикаларына ақпараттық мәліметтерді экран арқылы жеткізу көздерінің интенсивті (кодоскоп, проектор, киноаппарат, оқу телевизиясы, бейнетаспа, мәліметтерді дисплейлік бейнелейтін компьютерлер және т.б.) кіруі, бейнеәдісті бөліп көрсету және оны жеке оқыту әдісі ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. Бейнеәдіс білім беру қызметін атқара отырып, сонымен бірге оны тексеру, бекіту, қайталау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру жұмыстарын, яғни барлық дидактикалық функцияларды табысты орындайды. Бұл әдіс көбінесе мәліметтерді көрнекілігімен қабылдауға негізделген. Ол білімді меңгерудің индуктивті және дедуктивті жолдарын, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін және танымдық үдерісті басқарудың әртүрлі әдістерін, амалдарын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет