1. Оқу-ақпараттық жүйе - бұл жалпы білім беретін мектептерде кең тараған технология; бұл технология төмендегідей кезеңдерде жүзеге асады:
- тақырып пен сабақтың мақсатын қою;
- негізгі оқу ақпаратымен танысу, конспектілеу, есте сақтау;
- шағын теориялық тапсырмалар мен практикалық жұмыстар орындау;
- репродуктивті тапсырмаларды орындау арқылы оқу ақпаратын жүйелеу, қайталау;
- білім мен репродуктивті білімді сынақтық бақылау.
2. Шығармашылық тапсырмалар жүйесі. Бұл технология негізге жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін ашуға бағытталған шығармашылық тапсырмалар жүйесін қолдануды алады. Бұл технологияның негізгі кезеңдері төмендегідей:
- тақырып пен сабақтың мақсатын қою;
- жаңа оқу ақпараты материалдармен танысу, конспектілеу, негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгеру;
- шығармашылық тапсырмалар жүйесін орындау;
- меңгерілетін материалдарды жүйелеу, тереңдей ұғыну;
- жинақталған сынақ.
Шығармашылық тапсырмалар жүйесі технологиясы продуктивті технологияның аналогы болып табылады.
3. Жобалау. Бұл технология өзінің құрылым жағынан шығармашылық тапсырмалар жүйесі технологиясына ұқсайды және дәл сол технологияның кезеңдерін қамтиды бірақ, түбегейлі айырмашылығы да баршылық. Негізгісі - оқу ақпараты әртүрлі нобайлар (мәтіндік, сызбалық, математикалық) арқылы жүзеге асады. Ал, екінші кезеңде жаңа жобалар жасалады. Үшінші кезеңде құрылған жобалар таным құралы боып табылады:
- ақпараттық модельдерді тереңдей ұғыну үшін, олардың мән-мағынасын ашу үшін практикалық жұмыстар орындалады;
- шығармашылық тапсырмаларды шешу оқу бағдарламасынан тыс жаңа ақпараттар алуды қамтамасыз етеді.
Төртінші кезеңде бірнеше тақырыптарды меңгеру кезінде қолданылған жобалар салыстырылады, олардың арасындағы өзара байланыстылық, тәуелділік анықталады, себеп-салдарлық байланысын ашу барысында жүйені дамытудың байланысы ашылып, бірнеше жобаларды бірден қамтитын шығармашылық тапсырмалар орыдалады.