Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Инновациялық педагогикалық технологиялар классификациясы



бет33/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

2.2 Инновациялық педагогикалық технологиялар классификациясы

Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе «кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылыми-теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады.


Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық - озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.
Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады:
1) жаңашылдық - білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдай (білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.);
2) жаңашылдық - жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар (педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.);
3) ұйымдастыру-басқарушылдық жаңашылдық (білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер).
Инновациялардың саралануы төмендегідей бағытта өтеді:
- білім беру мазмұнына қарай;
- оқыту технологиясына сай;
- білім беру жүйесінің тәрбие саласында;
- педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара іс-әрекеттестік құрылымына қарай;
- педагогикалық құралдар жүйесіне қарай және т.б.
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне 8 түрін ажыратуға болады:
1) Нөлдік деңгейдегі инновация - жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан құрастыру).
2) Бірінші деңгейдегі инновация - сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады.
3) Екінші деңгейдегі инновация - жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ерекшелерінің түрленуі).
4) Үшінші деңгейдегі инновация - ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.
5) Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компонентерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады).
6) Бесінші деңгейдегі инновация-білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады).
7) Алтыншы деңгейдегі инновация - жүйенің түрленуші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
8) Жетінші деңгейдегі инновация - нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген инновациялардың тек соңғы 3 деңгейі ғана жүйелі жаңашылдығымен сипатталады және инновациялық білім беру жүйесі ретінде қарастыруға болады. Инновацияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инновациялық үдерісті басқаруға қоятын талап жоғары болады.
Көптеген педагогикалық әдебиеттерде білім беру жүйесінде жаңалық ендіру дискретті деңгейде немесе жеке компоненттерін пайдалану ретінде ғана көрініс табады. Инновация педагогикалық практикаға жаңа идеялар есебінен өмірге келіп бір рет қолданысқа еніп келеді. Дегенмен де ғалымдардың соңғы зерттеуіне сүйенсек, (И.И.Лапин, А.И.Пригожин және т.б.) үздіксіз білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуда пайдаланылатын инновациялық үдерістердің тұжырымдмалары жасалынды. Бұл ғылыми тұжырымдаманың маңызы - инновация жүйенің өзін-өзі тетігі арқылы жаңарту үдерісімен сипатталады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі инновациялар бастауы 1999 жылы Республикамыздың білім беру жүйесіндегі Болон үдерісіне енуімен сипаатталады. Білім беру саласындағы инновациялар ендірудің қиындықтарының бірнеше деңгейлерін атап өткен жөн:
1. Стратегиялық деңгей. Бұл деңгейге инновациялыққа талпыныстың жоқ болу себебі, білім беру басқарудың әкімшілік-командалық ерекшеліктерімен сипатталады (орталықтандырудың бөлінбеуі, «жоғарыдан» реформалау және т.б.), яғни жергілікті органдардан жаңашылдыққа оң көзқарас танытпауы, білім беру жүйесіндегі өзін-өзі дамыту базасының қалыптасуы жатады;
2. Білім беру жүйесінің деңгейі. Бұл деңгейдегі білім беру жүйесіндегі жаңалықты қабылдамаудың себептері:білім берудің басқа құрылымындағы ведомстволық үстемдік орын алуы, аймақта инновациялық циклдің негізгі элементтерін қамтамасыз етудің дамымауы (ақпараттық инфрақұрылым), барлық деңгейдегі білім беру құрылымының унификациясы, ішкі әлеуметтік мәдени саладағы білім беру жүйесінің «жабдықтығы» білім берудің теориясы мен практикасы арасындағы «аралық» мекеменің жоқтығы, жоғары білікті кадрлардың инновацияны қабылдамауы, әсіресе білім беру жүйесіндегі басқару-ұйымдастырушылық салада;
3. Білім беру мекемелерінің деңгейі. Бұл деңгейдегі инновациялық үдерістерді қабылдамаудың себептеріне мекеме басшыларының, педагогикалық ұжымның жаңашылдыққа психологиялық дайындықтарының болмауы жатқызылады.
Жаңашылдыққа даярлау феномені педагогтың шығармашылық іс-әрекетінің тұлғалық көрініс табуы (жаңа педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға деген қажеттілік, талпыныс), кәсіби іс-әрекеттің жаңа формасы мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыра алу іскерлігіне бағытталған тұлғалық құндылық.
Қазіргі кезеңде ғылымда инновацияның топтастыру жүйесі әлі қалыптасып болған жоқ. Ресейлік ғалым А.И.Пригожин инновацияны оқу-тәрбие үдерісінің түрлі бөліктерінің ара-қатынасына қарай төмендегідей етіп қарастырады:
1) білім мазмұнына;
2) оқыту әдістемесіне, технологиясына, формасына;
3) оқу-тәрбие үдерісінің құралына;
4) оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуына;
5) мектеп жүйесінің басқарылуына.
Бұл топтастыру шеңберіне қарай инновацияны төмендегідей бөлуге болады:
1) Масштбына (көлеміне) қарай енетін жаңалық көлеміне;
2) Жеке, басқалармен байланыссыз түріне;
3) Белгілі бір пәндердің тобына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне;
4) Бүкіл мектепті қамтитын жүйелілігіне байланысты.
Егер бастауыш сыныптарда өтілетін «Технология» және «Көркемөнер» сабағы бір кіріктірілген курс «Көркемөнер технологиясы» болып өтілетін болса, бұл жекеше инновацияның түрі болып тбылады.
Егер жүйеленген бір жаңа бағдарлама бірінші сыныпта немесе барлық сыныпта енетін болса, жаңа бағдарлама енгізіліп шығармашылық жұмыс, кафедра, шағын педагогикалық топтар т.б. пайда болады. Онда біз бұндай инновацияық идеяны модульді инновация дейміз.
Егер де инновация бұрынғы оқыту жүйесінің барлық бөлігін қамтитын болса, онда ол жүйелі инновация түріне жатады. Жүйелі инновацияға байланысты бүкіл мектепті жаңа идеямен, тұжырымдама бойнша немесе жаңа білім беру орнын бұрынғы базада қайта құру жатады.
Бұл жерде әңгіме жаңа типті гимназиялар, лицейлер, колледждер туралы. Инновацияны топтастыруда маңызды рөл атқаратын инновациялық әлеует. Біз мұнда модификациялы аралас (комбинаторлы) және радикалды (ұсақ) инновацияларды қарастырамыз.
1) Модификациялық инновация бағдарламаның немесе белгілі бір әдістеменің түрін өзгертіп пайдаланумен байланысты. Дәстүрлі әдістемені басқа пәнге кеңейте отырып тиімділігін арттырып пайдалану. Мысалы, В.Ф.Шаталовтың «Тірек белгілерін» жатқызуға болады. Бұл идея психолог Б.Я.Гальпериннің еңбектерінде көрсетілген.
2) Комбинаторлық (аралас) инновация. Бұл жаңа құрылымда элементтердің қосылып, бұрыннан таныс әдіс-тәсілдердің осы қосылыста бұрын пайдаланылмаған жаңа түрі. Бұл әрбір бағдарлама технологиясының бөлшектерінің жай бірігуі емес, жаңа кіріктірілген тәсілдің пайда болуы. Мысалы, комбинаторлық инновация Е.Н.Потаповтың 6-7 жасар балаларды жазуға үйретуді оптимизациялап оқытудың үш кезеңі:
а) Бала қолын шығармашылық сурет салу арқылы жаттықтыру. Мысалы, инженерлік сызғышпен әртүрлі фигураларды оңнан солға, жоғарыдан төмен қарай сыздыру арқылы есте сақтау;
ә) Қатты қағаздан кесілген әріптерді қолмен ұстап сезіну арқылы ест сақтау;
б) Әріптерді бірнеше қайтара трафаретпен жазғызу, трафаретсіз жазғызу.
Бұл аталған элементтердің әрқайсысы модификациялық жаңалық. Ал енді үш элементті біріктіре отырып бір каллиграфиялық жазу сабағын өткізуде балалардың орфографиялық қырағылығын арттырып сабақ уақытын екі сағатқа шейін үнемдейді. Аталған тәсіл бұрын еш жерде қолданылмаған. Бірақ, Е.Н.Потаповқа шейін элементтерді әр жерде пайдалана білу өзінің жаңаша тиімділігін дәстүрлі тәсілдерден артықшылығын көрсете білген.
3) Келесі радикалды инновацияның мысалына дәстүрлі пәндерді оқыту емес, басқа жаңа пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жатады.
Н.В.Горбунова, В.И.Слабодчиков инновациялқ іс-әрекет, жаңалықтар топтамасымен тікелей байланысты деп көрсетеді.Бұл авторлар инновацияны төмендегідей жіктейді:
- идея мен іс-әрекет толығымен жаңа;
- идея мен іс-әрекет белгілі, бірақ кеңейтілген, модификацияланған, белгілі жағдайға бағдарланған;
- педагогика тарихының теориясы мен практикасында бұрыннан белгілі, ал белгілі жағдайда жаңа болып табылатын идея мен іс-әрекет.
Аталмыш топтағы жаңалықтың авторын анықтауға, өмір сүруші инновацияға салыстырмалы талдау жүргізуге, олардың нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Н.Нұрахметов жасаған жаңалық топтамасы қызығушылдық туғызады:
- білім беру мазмұнында;
- әдістемелерде, технологияларда форма мен оқу-тәрбие үдерісінің құралдарында;
- мектеп басқару жүйесіндегі жаңалықтар көлеміне.
Бұл топтамада автор инновацияны масштабына қара бөледі:
- жеке, бір-біріне байланыссыз;
- модульдік (жеке кешендік) бір-бірімен байланысты.
Мысалы: бір пән тобы, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты немесе жүйелі (бүкіл мектепті қамтушы).
Н.В.Горбунова өз топтамасын төмендегідей 5 факторға негіздейді:
- мектеп басшыларының шығармашылық әлеуетін құндылық бағдар және жеке бас тәртібінің жаңа үлгісін жасау, оқытудың жаңа технологиялары және оқу үдерісін жүргізушілердің инновациялық қызметке даярлығын көтеру;
- әзірленген кешенді (бағдарлама, жоспар) тек инновациялық үдерісін жүргізушілердің ғана емес, оның әсер етуші ортаға қатысын белгілеу;
- жетекшілер қызметіне сенім тудырушы жоспар (бағдарлама) және инновациялық үдеріске дер кезінде түзетулер жасап, қосымша толықтыру енгізіп отыру;
- әлеуметтік-экономикалқ орта, педагогикалық - психологиялық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамсыздандыру тұрғысынан инновацияның кепілдігі болады;
- инновацияның үдеріске қатысушылардың рөлдік қызметі.
Олардың инициативалы, бірге қызмет етуші, қарама-қарсы қызмет етуші, мүлде қызмет етпеуші топтарға бөлінуі.
- Олардың басым бағыттағы инновациялық мектепттердің жаңалықты қолдануы, енгізу, тарату әрекеттерінен анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет