«Педагогикалық технология» ұғымы
2.1
|
Педагогикалық технология - бұл біртұтас оқыту үдерісі мен білімді техникалық және адам ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.
|
ЮНЕСКО анықтамасы.
Доклад ЮНЕСКО о положении дел в мировом образовании за 1991 год. - Париж, 1991.
|
2.2
|
Педагогикалық технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізуде бірлескен педагогикалық әрекетті жобалау- дың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
|
Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. - Волгоград, 1995. -С.45.
|
2.3
|
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдар- дың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі.
|
Кларин.М.В Педагогическая технология. – М., 1989. - С.17.
|
2.4
|
Педагогикалық технология-қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
|
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -М.:
Педагогика, 1989. - 192 с.
|
2.5
|
Педагогикалық технология- педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы; оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құрал- дарын, формаларын анықтайтын арнайы психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жиынтығы.
|
Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие для студентов пед. учеби. заведений и слушателей ИПК и ФПК. -М.: Прометей. Юрайт, 1998.
|
2.6
|
Педагогикалық технология – бұл баламен өзара іс-әрекет жасау үдерісінде онымен педагогика- лық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздемелік сипаттамасы.
|
Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. -М., 1998. - С.19
|
2.7
|
Педагогикалық технология - алдын ала жоспарланған оқыту үдерісін тәжірибеде жүзеге асырудың және осы мақсатқа жетуді басқару- дың әдіс-тәсілдерінің жүйелі жиынтығы.
|
Яцукова И.Л. Подготовка будущих учителей к выбору педагогических технологий. – Автореф. дисс.к.п.н. - Астрахань, 1996. - 24с.
|
2.8
|
Педагогикалық технология - бұл оқыту мен тәрбиенің мақсат, мазмұнында айқындалған қажетті өзгерістердің оқушының мінез-құлқы мен іс әрекетінде көрініс табатын әртүрлі дидактикалық, жалпы педагогикалық, психологиялық және т.б. әдіс-тәсілдерінің тұтас жиынтығы.
|
Околелов О.П. Современные технологии обучения в вузе: сущность, принципы проектирова- ния, тенденции развития // Высшее оброзование в России. – 1994. №2. – С.45.
|
«Педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие жүйесі», «педагогикалық технология» ұғымдары бір-бірімен өзара байланысты. «Педагогикалық жүйе» ұғымы кең көлемді ұғым, себебі ол оқу- тәрбие үдерісінің өзара байланысты барлық құбылыстар жиынтығын қамтиды:
- «тәрбие жүйесі» мен «дидактикалық жүйе» ұғымдары «педагогикалық жүйе» ұғымының құрамды бөлігі және оқу-тәрбие үдерісінің өзара байланысқан 2 жағын құрайды;
- «дидактикалық жүйе» мен «тәрбие жүйесі» өз кезегінде әдістемелік жүйеден тұратын біртұтас жүйені құрайды;
- әдістемелік жүйенің құрылымына негізгі компонет болып өзі әдістемелік жүйенің құрылымында болатын педагогикалық технология енеді.
«Педагогикалық жүйе», «педагогикалық технология», «тәрбие жүйесі», «дидактикалық жүйе», «тәрбиенің әдістемелік жүйесі» ұғымдарының өзара байланысы 9,10 суреттерде ашылып көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |