IV кезең (1990ж. - 2000 ж. басы) «педагогикалық технология» ұғымы эволюциясында тұтастай алғанда педагогикалық үдерістің технологиялық аспектілерін қарастырумен сипатталады.
V кезең (2000 ж.аяғы – қазіргі кезеңге дейінгі аралық) «педагогикалық технология» ұғымына «жаңа» сөзі қосылып, «инновациялық технология» термині педагогика ғылымына енгізілді. Бұл кезең білім беру саласында жаңа парадигманың енгізілуіне байланысты оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияны жаңа бағытта жаңаша қолдануымен ерекшеленеді.