Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


ІІ-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет23/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • «techne»
ІІ-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2.1 «Педагогикалык технология» ұғымының мәні және инновациялық іс-әрекет

Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты - технологиялық бағыт өмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның педагогикада тереңірек зерттеле басталуы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден ақ білім беру, тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді әдіс-тәсілдерді табуға, оны өмірде пайдалануға, жоғары нәтиже алуға талпынады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады.


«Технология» ұғымының мағынасы не? Технологияға негізделген оқытудың мақсаты неде? Педагогикалық технологияяның құрылымы қандай? Педагогикалқ технологияны оқу-тәрбие үдерісіне қалай ендіруге болады? Оның нәтежиесі қандай болмақ? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған:
- «techne» - өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;
- «logos» - ғылым, ілімді дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім».
Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданылған жоқ. Дәстүрлі педагогика өкілдері «технология» терминіне үрке қарады, себебі оған дейінгі түсінік бойынша технология деп белгілі бір объектінің өзгерісін айтатын еді, яғни технологияның барлық шарты орындалған кезде нәтижеге кепілдік берілетін. Бірақ педагогтар бұл категорияны педагогикалық құбылыс ретінде қарастыруды қажет деп таппады. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқу үдерісін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Оқытудың мұндай тетігін, яғни нәтижеге қол жеткізетін оқу үдерісін Я.А.Коменский «дидактикалық машина» деп атады. Оған мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Сөйтіп, мақсат-құрал -оны қолдану ережелері - нәтиже модулі шықты. Бұл - білім берудегі кез-келген технологияның өзегі. Я.А.Коменскийден кейін педагогикалық технология элементтерін Г.Песталоцци еңбектерінен кездестіруге болады.
Алғашында «технология» ұғымы өндіріс саласында қолданыла бастады да ғылымда «технологиялық үдеріс» термині ендірілді. Технологиялық үдеріс деп бұған дейін ашылған ғылыми заңдылықтар негізінде белгілі бір реттілікпен орындалатын операциялар жүйесінен тұратын жәй басқарылатын өндірістік үдерісті атайды.
Технологиялық үдерістің шартты нобайы 8 суретте көрсетілді.
Кез келген объект ( шикізат) технологиялық өңдеуді қажет етеді. Ол үшін өңделетін шикізатқа дайын өнімді алуға дейінгі аралықта белгілі бір талаптар қойылып, стандартқа сай бақылау және өлшеуіш құралдары арқылы сапалық бақылау жүргізіледі. Шикізатты өңдеу барысында алдын ала анықталған қасиеттері бар жаңа объект (өнім) алу үшін басқарылатын үдеріс жүзеге асырылады. Аралық кезеңдегі диагностикалық нәтижелерде түзетушілік (коррекциялық) іс-әрекет орын алады. Бұл үдеріс алдын-ала жоспарланып, белгілі заңдылықтарға сүйене отырып жүзеге асады және оның өтілу барысы диагностиканың арнайы құралдары арқылы бақыланады. Соңғы алынатын өнімнің қасиеттері белгілі бір сенімділік интервалында нақты анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет