Сурет -5. Инновациялық педагогиканың теориялық
және әдіснамалық негіздері
(Н.Р.Юсуфбекова, Ш.Таубаева бойынша )
Инновациялық педагогиканың теориялық және әдіснамалық
негіздері
Әдіснамалық негіздері
Теориялық негіздері
Жаңалықты енгізудің жүйелік тұжырымдамасы
Жалпы инновация
Жаңа педагогиканың теориясы
Инновациялық педагогика
1. Жаңалықты еңгізудің жүйелілік тұжырымдамасы
2. Жаңалықты ендіру үдерісін талдау -жинақтау тұжырымдамасы
3. Инновациялық үдеріс қарама-қайшылықтары
4. Инновациялық үдеріс нәтижелерін әлеуметтік талдау
1. Инноватика ғылым ретінде (нысанасы, топтамасы, жаңалық дәрежесі т.б.)
2. Жаңалықты енгізу мәселесі (қайшылықты енгізу ортасы)
3. Жаңалықты енгізуші ортасы (жоспарлау, инновациялық эксперимент)
1. Педагогика шығармашылық теориясы
2.Алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату
3. Педагогикалық жаңашылдық теориясы
4. Ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу теориясы
1. Педагогикалық неология
2.Педагогикалық аксиология
3.Педагогикалық праксиология
Инновациялық педагогиканың әдіснамалық негіздерін жалпы инновация мен жаңалықты енгізудің жүйелік тұжырымдамасы құрайды:
жаңалықты ендіру тұжырымдамасы;
инновациялық үдерістің қарама –қайшылықтары ;
инновациялық үдерістің нәтежелерін әлеуметтік талдау т.б.
Инновациялық педагогиканың теориялық негізін жалпы педагогиканың теориясы мен педагогикалық инновация құрайды:
педагогикалық шығармалық теориясы;
озат педагогикалық тәжірибені тарату;
педагогикалық жаңалық теориясы ;
ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу теориясы ;
педагогикалық неология;
педагогикалық аксиология;
педагогикалық праксиология.
Педагогикадағы «жаңаның» мағынасы, мәні, формасын анықтау педагогикалық неологияның пәні болып табылады, неология педагогикадағы инновациялық үдерісінің мәнін ашып көрсетуге көмектеседі. Сол себепті педагогикада «инновациялық үдеріс» пен «педагогикадағы жаңалық» ұғымдары бір-бірімен синоним ретінде қарастырылады.
Неология- педагогикадағы жаңалық атауына баға беретін инновациялық педагогиканың құрамды бөлігі.
Оқу- тәрбие үдерісіне педагогикалық жаңалықтардың теориясы және практикалық маңыздылығын анықтау үшін жаңалықтың шығу тегін, құндылығын білуіміз қажет. Ал бұл мәселемен инновациялық педагогиканың жаңа бөлімі- педагогикалық аксиология айналысады.
Ғалым Н.Р.Юсуфбекованың зерттеуіне сүйенсек, аксиология- құндылық теориясы, «құндылық табиғаты жайлы, оның өмірдегі алатын орны, яғни жеке тұлғаның құрылымы мен әлеуметтік жеке мәдени факторлары арасындағы әртүрлі құндылық байланыстары жайлы ілім».
Аксиологияның негізгі ұғымы құбылыстың мәдени- әлеуметтік мағынасын ашатын «құндылық» болып табылады. Тәжірибеге жүгінсек, аксиология үшін құнды нәрсе тек қана педагогикалық және ғылыми педагогикалық құбылыстардың құндылығын анықтау ғана емес, сондай-ақ, оларды бағалау критерийлерін де анықтау: жаңашылдық деңгейі, өзектілігі, теориялық және практикалық құндылықтары. Педагогикалық құндылықтары бағалау критерийлері өте күрделі, себебі жаңалықтың өмірге келуі мен орны жүзеге асырудағы субъектінің рөлі өте маңызды болып табылады.
Жалпы алғанда педагогикалық құбылыстарды бағалау критерийлері адаммен, оның іс- әрекетімен тікелей байланысты. Егер оның нәтижесі білім берудің мақсатына жақындай түссе, онда білім беру үдерісі мен оның мазмұны әлеуметтік- педагогикалық маңыздылығымен құндылық болады.
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағыттылған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы жылдары философиялық пайымдау жалпы адамзат құндылығын бағалау мен педагогикалық ізденістерге жол ашты. Қазіргі таңда педагогикалық аксиология жайында әртүрлі мәселе туындауда. Сондықтан,оқушылардың білімін бағалау мен құндылыққа бағдарлау мәселелерін тек дидактикада оқыту жеткіліксіз болып отыр. Құндылық бағдар мәселесімен (аксиологиялық құндылық, философиялық құндылық) әлеуметтану, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология айналысады.
Құндылық- бұл объектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым. «Құндылық» ұғымы алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған. Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р.Ротце мен Г.Коген түсініктеме берген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әртүрлі көріністеріне жататын жеке табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік сияқты этикалық, эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық заттың, объектінің адам үшін маңыздылығын айқындайды.
«Құндылық» бағыттарының терминін алғаш рет АҚШ- қа қоныс аударған поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін 20- жылдары У.Томас қолданған. Ғалым- педагогтар құндылық бағдарды қалыптастыруда оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де ескерген.
«Құндылық» ұғымының мазмұнынан ғалымдар Н.М.Анисимов, М.С.Каган, В.А.Ядов және басқалар қоғамдық сананың барлық түрлерін: маңызы, пайдасы, қажеттілік, анық мақсатқа ие болу сияқты белгілерін анықтайды.
Құндылық-ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі құбылыс, ол қоғам мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның қарым- қатынасы.
Педагогикалық құндылықты жеке тұлғаның дамуына, рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты қарастырамыз: оқушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен нәтиженің идеалы; білім, қабілет пен дағдылар, оқу-тәрбие үдерісінде мақсатқа жетудің негізгі; еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тәрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным мен сенім жеке тұлғаның мінез- құлқына байланысты болады.
Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның өзін тұрақтандыру функциясында көрінеді.
Адам іс- әрекетінің құрылымында құндылық бағдар танымдық-эмоционалды және оның еріктік жақтарымен тығыз байланысты бола отырып, жеке тұлғаның шындыққа қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Л.Ж.Божовичтің пікірі бойынша, құндылық бағдары- адамгершілікке, ал мінез- құлық іс -әрекеті -қоғамның маңызы мен тұрақтылығына ерекше мән береді.
Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының арасында өзара байланыстар бар. Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының мәнін ашатын ортақ категория- қарым-қатынас. Ол тұлғаның рухани дамуын талдай отырып, құндылық бағдарының саналы қатынастар жүйесін қамтиды.
Б.Г.Ананьев жеке тұлға көзқарасын «тұлға қатынасының күрделі жүйесі» деп, өз іс - әрекетінде басшылыққа алатын бағдар мен мотивтер әрекетіне бағытталған мақсаттар мен құндылықтар ретінде түсіндіреді. Психологтар жеке тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық мазмұны- мотивациялық тұтынушылық сферамен өзара байланысты қарастырады.
Кейбір ғалымдар ( Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин) құндылық бағдарды жеке тұлғаның бағытталған көзқарасына қатысты қарастырады.
Педагогикада құндылық бағдары өмірдегі жеке қасиеттердің қалыптасуы және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру құндылықтарын таңдап алу үдерісі ретінде қарастырылады. Құндылық бағдары құрылысын түрлі жағдайда қарастыра келіп, оларды қызмет субъектісі, қызмет объектісі түріне және қызмет тәсіліне қарай бөледі. Қызмет субъектісіне қарай құндылық бағдары топтық, классикалық, ұлттық, жеке қызметтік, жалпы алғанда бекітілген және нақты проблемаларды оқыту қажеттілігіне бағдарланады. Қызмет объектісіне қарай құндылық бағдарларын рухани және материалды қажеттілік деп бөлуге болады. Ал, қызметтің түріне қарай құндылық бағдарларының құрылысын еңбек, мәдени-танымдық, саяси-қоғамдық, тәрбиелік қызметтері аймағында зерттеуге болады. Құндылық бағдарлары құрылысындағы қызмет тәсіліне қарай жеке және әлеуметтік бағдарларды шартты түрде белгілей отырып, бірінші жеке қажеттіліктер әсерінен пайда болады, ал екіншісі басқа адамдардың қойған талаптар әсерінен пайда болған деп бөледі.
Б.Г.Ананьев жеке тұлға көзқарасын «тұлға қатынасының күрделі жүйесі» деп, өз іс-әрекінде басшылыққа алатын бағдарлар мен мотивтер әрекетіне бағытталған мақсаттар мен құндылықтар ретінде түсіндіреді. Психологтар жеке тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық мазмұны-мотивациялық тұтынушылық сферамен өзара байланысты екендігін көрсетеді.
Ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдиеттерге жасаған талдауымыз көрсеткендей, құндылық бағдар ұғымының мағынасын төмендегідей ашамыз:
- «құндылық» және «құндылық бағдары» ұғымдары – бұл жалпы ғылыми категорияға жатады;
- жақсылық, ақиқат, әдемілік және әділеттілік өз мәнділігіне қарай адамзат үшін тұрақта сапамен ерекшеленеді, тұрақтылыққа қатысты жоғарғы құндылықты категорияға кіруі мүмкін;
- педагогикалық құндылықтарға: білім, біліктілік және дағды; жеке бас қасиеттері; оқу қызметінде қарым-қатынас мақсатына жету құралы ретінде; көзқарас және сенім жүйесі, жеке мінездердің жиынтығы жатады;
- құндылықтар құндылықтар бағдарының объектісі ретінде өзін-өзі бағалауға, жеке өмірдегі және бейімдейді;
- тұлға қалыптасуында адамның сенімі мен идеалдары, қызығушылығы, мақсаттары құндылық бағдарымен анықталып, басты рөл атқарады;
- құндылық бағдары жеке тұлғаның мақсаттық, үміткерлік, адалдық сапаларын, анықтаушы принциптер мен идеалдарды ерікті істерге қабілеттілікті арттырудың белгілі типінде қызығушылық қажеттілігіне қарай бағыттайды;
- құндылық бағдары күшіне жеке тұлғаны басқару,мотивациялау сферасы кіреді.
6-суретте ресейлік ғалым Н.Р.Юсуфбекова мен қазақстандық белгілі ғалым Ш.Таубаеваның зерттеулеріне сүйене отырып, ғалым Қ.Нағымжанова бойынша инновациялық педагогиканың құрылымдық жүйесі ашылды.
Оқытудың мотивациясына саналы адамзатты ішкі және сыртқы қайта жасақтаудың нәтижесі және ең бірінші адамның адамның бағалы құндылығы жатады.
Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өмірді жасаушы ретінде адам қоршаған ортаға, ал қоршаған орта адамға әсер етеді. Оқу- танымдық әрекеті- бүкіл оқу үдерісінің элементі, мақсатқа бағытталған, жүйелі түрде ұйымдасқан басшылықпен немесе оқушылардың өз бетімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауы нәтижесінде білімге құндылық бағдар қалыптасады. Оқу- танымдық әрекеттің барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Барлық жағдайда оқушылар нақты білім алады. Оқу әрекетінің тиімділігінің негізгі шарты оқушы мен мұғалім әрекетінің бірлігі болып табылады. Барлық өзара байланыс жүйесінде басты орын алатын нәрсе қарым- қатынас.
Оқу үдерісі барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда немесе жетілдіруде рухани және әлеуметтік байлық үлкен қызмет атқарады. Өз санамызда белгілі кезеңде өсу ерекшелігін құндылық бағдарды бағалай отырып, өз қажетімізді қанағаттандыру мақсатына жұмсауды талап етеміз.
Адамның іс-әрекетінің тиімділігін зерттейтін ілімді праксиология деп аталады. Праксиологияның негізін қалаған поляк ғалымы Т.Котарбинский болды, ол адамның барлық іс-әрекетінің заңдылықтарын анықтап, соның негізінде адами іс-әрекеттердің жалпы ережелерін ашуға тырысты. Праксиология іліміне сәйкес, жаңаны практикаға ендіру мәселесі мен оның әртүрлілігіне жаңаша қарау қажет. Мәселен, жаңалықты ендіру мәселесін бағалауда оның тек қана практикалық маңыздылығын, тиімділігін ғана ескермей, оның дүниетанымдық, философиялық,әдіснамалық жақтарын, өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін арттаратындай экономикалық тиімділігіне де мән беру қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |