Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
өнертапқыштық (кіріктірілгеннен және педагогикадағы белгілі әдіс –тәсілдер, формаларды түрлендіру, зерттеулер ендіру);
жаңашылдық (педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыратын жаңа әдістер мен формаларды табу);
инновациялық (ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұны, жаңа формасы мен әдістерін, жаңа ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру);
ғалымдар мен практик- мұғалімдердің бірлескен шығармашылық ізденістері.
Соңғы жылдары педагогикалық білім мен оларды практикада қолдану арасында айтарлықтай қарама – қайшылықтар орын алуда. Бұрын қоса жаңа ғылыми, тәжірибиелі және практикалық білімді құру үдерісі мен практик –мұғалімдердің педагогикалық тәжірибені, ғылыми- зерттеу нәтижелерін меңгеру үдерісі арасында үлкен алшақтық белең алуда. Осындай алшақтықтың бірден – бір себебі – педагогикалық білімнің дамуы, түрленуі және іс-тәжірибиеге ендіру мәселелері бір –бірінен байланыссыз, тұжырымдамалық негіздемесіз қарастырылып келуі. Ал инновациялық педагогика осындай бір-бірімен алшақтықты, жүйесіздікті жойып, оларды бір-бірімен тығыз байланыста қарайды, инновациялық үдерістің ерекшеліктерін аша түсіп, педагогикадағы жаңалықтың өмірге келуі, оның дамуы, практикаға енгізілуі сияқты мәселелерді қарастырады. Сондықтан, инновациялық педагогика ғылымындағы жаңалықтың өмірге келуімен оны меңгеру, практикаға ендіру үдерістерін қарастыратын педагогиканың үлкен саласы болып табылады .
Инновациялық педагогика инновациялық үдерістердің теориясын жан-жақты қарастырып, инновациялық үдерістерді сипаттайтын ұғымдар мен принциптерді ашады.
5-суретте ғалымдар Н.Р.Юсуфбекова мен Ш.Т.Таубаеваның зерттеулеріне сүйене отырып, инновациялық педагогиканың әдіснамалық және теориялық негіздері ашып көрсетілді.