57
жұрнақтарының жалғануын тілдік құбылыстардың, заңдылықтар-
дың өзгеріп отыруымен байланысты түсіндіреді.
Сондықтан кейбір
шырай жұрнақтарының қызметі мен қолданысындағы мұндай
ерекшеліктерді тілдік заңдылықтардың өзгеріп, дамып отыруымен
байланысты қарастыру да ғылыми тұрғыдан негізсіз емес.
Сын есімдер сөз табы ретінде басқа сөз таптарымен тығыз байла-
ныста болады. Бұл байланыс тілдегі сөз
таптарының бір-біріне ауысу
үдерісі арқылы жүзеге асады. Қазақ тілінде сын есімдер, негізінен,
заттануға бейім сөз таптарының біріне жатады. Сын есімнің зат
есімге ауысуы заттану немесе субстантивтену деп аталады. Заттану
үдерісінде сын есімдер зат есімге түбегейлі
немесе уақытша, белгілі
бір контекст жағдайында ғана ауысады. Осыған орай сын есімдердің
заттануын толық заттану жəне уақытша заттану деп екіге бөлуге
болады. Мысалы,
жақсының сөзі, үлкенді тыңдау, кішіге қамқор
болу,
т.б. Мұндағы сын есімдер зат есімдердің орнына қолданылып,
белгілі бір контекст жағдайында уақытша заттанған. Ал
бала, жас,
жарық, сұлу, бай, батыр, жарлы, кедей
сөздері, Қ.
Жұбановтың
пікірімен айтсақ, зат есім мен сын есімге ортақ есімдер. Зат пен сын
орнына бірдей жүретін мұндай сөздерді А. Байтұрсынұлы зат-сын,
ал жалғыз сынды көрсететін сөздерді жай сын деп атайды. Н. Орал-
бай сын есімнің заттануын контекстік жəне лексикалық заттану деп
екіге бөледі. Сын есімдерге септік, көптік, тəуелдік
жалғауларының
бірінің жалғанып қолданылуы да осы заттану құбылысымен байла-
нысты.
Сын есімдер заттанумен қатар адвербиалдануға да бейім. Бұл
бейімділік сын есімдердің кейбір үстеу сөздермен байланысы
негізінде анықталады. Мысалы:
жақсы бала жақсы оқиды
дегендегі
жақсы сөзі бірінші жағдайда сын есім ретінде анықтауыш қызметін
атқарса, екінші
жағдайда сын есім бола тұра, сөйлемде пысықтауыш
қызметінде қолданылған. А. Ысқақов кейбір сын есімнің əрі
анықтауыш, əрі пысықтауыш болуын, сондай-ақ оның əрі зат есімге,
əрі етістікке тіркесуін сын есімге тəн ерекшеліктің бірі деп танып,
онда (сын есімде) əрі адъективтік, əрі
адвербиалдық қасиеттің бар
екендігін айтады.
Сын есім, зат есім, үстеу сөз таптарының бірінің орнына бірі
алмасып қолданылуы бір жақты құбылыс емес. Жоғарыда аталған
құбылыстарға қарама-қарсы, яғни басқа
сөз таптарынан сын есімге
ауысатын сөздер де бар. Тілде бұл құбылыс адъективтену, яғни зат
есімнің жəне басқа да сөз таптарының сын есімге ауысуы ұғымымен