Шырай категориясы заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дəрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата11.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#142711
1   2   3
Байланысты:
Темірхан Аяжан 7-семинар
pdf statements 1607940269091, pdf statements 1607940269091, pdf statements 1607940269091, 15-семинар, 15-семинар
-рақ/ -рек, -ырақ/ -ірек, -лау, -леу,-дау, -деу, -тау, -теу, 
-ғыл/-гіл, -ғылт/-қылт, -ғылтым/-қылтым, -шыл/-шіл, -шылтым/ 
-шілтім, -ғыш, -ілдір
жұрнақтарының сын есім түбірге жалғануы 
арқылы. Мысалы, 
жасылырақ, үлкенірек, жақсырақ, кішірек, 
үлкендеу, кішілеу, қысқалау, сұрғылт, ақшылтым
т.б.; 2) салысты-
рылатын зат не құбылыс шығыс септігінде тұрып, одан кейін сын 
есімнің айтылуы арқылы. Мысалы,
менен үлкенірек, ана есептен 
қиынырақ, ағасынан кішірек
т.б. 
Заттың бастапқы сапасын, сындық белгісін күшейтіп көрсететін 
шырай күшейтпелі шырай деп аталады. Күшейтпелі шырай сапалық 
сын есімдерге күшейткіш буындарды еселеу арқылы жасалады: 
сап-
сары, тап-таза, жап-жасыл, 
т.б.
Белгілі бір заттың, құбылыстың бастапқы негізгі сындық, сапалық 
белгісін тым асыра немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түрі 
асырмалы шырай деп аталады. Асырмалы шырай, негізінен, сөз ал-
дынан күшейткіш көмекшілердің қосылуы арқылы аналитикалық 
жолмен жасалады:
 тым биік, ең əдемі, өте жақсы, аса салмақты, 
т.б. Ғалым Н. Оралбай мұндай сын есімдерді күшейтпелі шырай 
тұлғасындағы аналитикалық сөзтұлғаға жатқызады.
Н. К. Дмитриев түркі тілдерінде сын есімдер шырайының 
абстрактілі жəне конкретті деп аталатын түрлерін бөліп көрсетеді. 
Абстрактілі салыстыру тəсілдеріне, негізінен, сапаны күшейту 


56
жəне бəсеңдету жолдарын жатқызады. Мысалы, 
көк – көкшіл, сары 
– сарғыш,
т.б. Сонымен қатар түркі тілдерінде сапаны күшейтудің 
аналитикалық жəне синтетикалық жолдарының бар екендігін атап 
көрсетеді. Мысалы,
 кіші – ең кіші, үлкен – ең үлкен, жақсы – ең жақсы,
т.б. Ал сапаны күшейтудің синтетикалық жолы сын есімдердің 
қайталануы арқылы қалыптасқан. Мысалы: 
сары-сары, ақ-ақ, қара-
қара,
т.б. Осындай қайталаудан кейіннен тілдің даму барысында 
сап-
сары, аппақ, қап-қара 
тəрізді сын есімдер қалыптасқан. Қазіргі түркі 
тілдерінің кейбірінде салыстырмалы шырай 
-ырақ/ -ірек, -рақ/ -рек 
жұрнақтары арқылы синтетикалық жолмен жасалады. 
Сонымен, шырай категориясы сапалық сын есімнің семантикалық 
жəне грамматикалық жағынан түрленуіне негіз болып, бастапқы 
мағынасын түбегейлі өзгертпегенмен, оған сəл де болса қосымша 
реңк, мəн үстейді. 
Шырай жұрнақтарына қатысты түрліше көзқарастар, көбінесе
шырай жұрнақтарының ішіндегі кейбір қосымшалардың бірде 
сөз тудырушы, бірде форма тудырушы жұрнақтар қатарында 
қарастырылуына байланысты туындайды. Бұл, əсіресе, 
-шыл/ -шіл, 
-ғыш/ -гіш, -ғылт,-қай
жұрнақтарына қатысты. Ғ. Мұсабаев 
-ғыл, 
-ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл
жұрнақтарын шағын шырай деп қараса, 
А. Ысқақов бұл жұрнақтарды салыстырмалы шырай тудыратын 
өнімсіз жұрнақтар ретінде қарастырады. Ал Ы. Маманов «жалпы тіл 
білімі қағидасы бойынша, бір категорияға жататын грамматикалық 
формалардың қосымшалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. 
Ал 
сарғыш, ақшыл, қоңырқайлау
деп шырай формаларымен 
түрлендіруге болады. Олай болса, 
-ғыш, -шыл, -қай
қосымшаларын 
форма тудырушы қосымша деп тану дұрыс емес. Бұлар – сөз ту-
дырушы қосымшалар. 
-ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау -теу 
қосымшалары сапалық сын есімге түгелдей жалғанады, ал 
-ғыш/-
гіш, -ғылт/ -шыл
қосымшалары бірді-екілі сөздердің ғана құрамында 
кездеседі, сонымен қатар 
ақшыл, сарғыш, сұрғылт
сөздерінің өзі шы-
рай формасымен түрленеді» деп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет