5. Кәдімгі адыраспан Кәдімгі адырасапан (Адыраспан тұқымдасы) - солтүстік пен төменгі тау белдеулерінен Қазақстанның барлық жазықтарына кеңінен тараған. Улы өсімдік, мал жемегендіктен жайылымда көп кездеседі. Көпжылдық өсімдік. Биіктігі 60 см, бұтақтанған тік сабақтары көп, жиі бұтақтанып, жайылып өседі. Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақсыз, ұзын, таспа тәрізді бөліктерге дұрыс бөлінбеген. Гүлдері үлкен, ұзын гүл тұғырына бір-бірден орналасқан. Тостағанша жапырақшалары мен желектері бестен, ал аталығы он бес. Желектері ақ және сарғыш, 2 см-ге дейін, ұсақ бөліктерге тілімденген. Мамыр-шілдеде гүлдейді, шілде-тамыз айларында жеміс береді. Жемісі шар тәрізді, 3 ұялықты қорапшалар, үлкен қара дөңес тұқымға толы.