Шизофрения және сандырақ бұзылыстары Шизофрения



бет5/12
Дата06.01.2022
өлшемі254,48 Kb.
#109971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Шихофрения слайд

Шизофренияның формалары:




Параноидты формасы





Гебефрендік формасы





Кататоникалық формасы





Қарапайым формасы





Циркулярлы формасы





Сенестопатиялы-ипохондриялық формасы


Параноидты шизофрения

  • Шизофрениялардың ішіндегі ең жиі таралған түрі болып табылады. Клиникалық көрінісінде салыстырмалы тұрақтылық,жиі параноидты, сандырақты, көбінесе есту галлюцинацияларымен жүретін , қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді. Сана-сезім, ерік, ойлау бұзылыстары, кататоникалық симптомдар әлсіз көрінеді.
  • Шизофренияның параноидты түрінде ауру күйінде сандырақ идеялар басым келеді. Көбінесе галлюцинациялардың байқалуымен қоса жүреді. Бір жағдайларда ауру жедел басталып, бас кезінде үзік-үзік және ауытқымалы пікірлер нақты сипатта көрінеді(“бейнелі” сандырақ). Енді бір жағдайларда сандырақ маңайындағылар үшін түсініксіз, ақиқаттан қол үзген елес түрінде жиі білінеді (“дерексіз” сандырақ).
  • Параноидты түрде әртүрлі сандырақ идеялар: қарым-қатынас, ықпал ету, аңду, қызғану, жаңашылдық сандырақтары, ипохондриялық сандырақ, ұлылықтың сандырақ идеялары түрлерінде байқалады. Көбіне сандырақ синдромының орталығы психикалық жаттандылық құбылысын құрайды (Кандинский-Клерамбо синдромы)
  • Парафрениялық синдром шизофренияның клиникалық көрінісі ретінде өз дамуында бірқатар сатылардан өтеді.

Мұның алғашқысы инкубациялық кезең. Бұл кезеңде аурудың жеке басы баяу дамитын өзгеріске ұшырайды. Ашушаңдық. Сарыуайымшылдық, ипохондриялық ойлар біртіндеп шүбәлану мен күдікшілдікке ұласады.



Екінші кезең-сандырақ идеяларының жүйеленуі. Бұл жағдайда есту, дем сезу, қимылдық, ал сирегірек көру галлюцинациясы пайда болады. Осы кезеңде психикалық жаттандылық синдромының әр алуан көріністері: ай жаңғырығы, қимыл галлюцинациялары, зорлық ойлар және басқалары байқалады.

Үшінші кезең-ұлылық идеясының дамуы. Мұның өзі әр қилы түрде: байлық, құдіреттілік, өзгертушілік, жаңашылдық идеялары арқылы көрінеді. Ұлылық сандырағы басым болған кезеңде сезімдік әсер эйфориясымен, көтеріңкі күймен сипатталады. Ауру өзін менмен, қадір-қасиетін биік сезімде ұстайдыоның пікірлері өсиеттік, нақылдық сипат алады.

Төртінші кезең-кемақылдық. Бұл кезең шизофренияға тән кейіннен болатын енжарлық кемақылдыққа соқтырады. Кемақылдықтың дамуында сандырақ жүйесі ыдырап, сезімдік айқындығын жоғалтып, аурудың мінез-құлқын анықтаудан қалады.ауру құбылысы баяу, ондаған жылдар бойында өсе береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет