Босану кезіндегі қансыраудың алдын-алу
Нәресте туылғаннан кейін стерильді катетермен босанып жатқан әйелдің қуығын босатады.
Туудың 3- ші кезең күтімі жүргізіледі
Көкткмырға жайлап окситацин 5ЕД (1мл) немесе 0,2мг (1мл) метилэргометрин 40 % - 20,0 глюкоза ерітіндісімен енгізіледі.
Іштің төменгі жағына суық қою керек (мұзды мұйық, орамалға оралған)
Жолдас кезеңі жолдас кезеңін жүргізу
Плацентаның ажырау белгілері:
Дәрігер немесе акушерка плацентаның жатыр қабырғасынан ажырағанын білдіретін белгілерді үнемі бақылап тұрады.
Шредер белгісі - жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұсында орналасады. Плацента бөлінген кезде ол кіндіктен жоғары көтеріліп, оң жаққа ығысады пальпация арқылы анықтаймыз.
Довженко- әйел терең тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі.
Чукалов – Кюстнер алақанның қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғары жағынан басқанда егер плацента жатыр қабырғасынан бөлінсе кіндік бауы жоғары тартылмайды.
Альфельд- плацента бөлінген кезде кіндік бауына салынған лигатура(кохер қысқышы) 8-10см төмент түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |