Шүйішбаева Нұргүл Найзабекқызы Жумабаева Шолпан Нурлановна Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна Физика ІІ мамандығы: 5В070700 «Тау-кен ісі»



бет165/165
Дата18.03.2017
өлшемі17,71 Mb.
#11969
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165

Елестер


Ортанаың сыну көрсеткіші тығыздыққа байланысты төмен қарай өсетін болғандықтан сәуле h биіктіне жеткеннен соң төмен Жердің бетіне қарай майысуы мүмкін. Аталған биіктікте толық ішкі шағылуға ұқсас құбылыс болады(4 сурет). Бұл құбылыс биіктік бойынша ауа тығыздығының аномал үлестірілуіне байланысты болады және атмосферада байқалатын әртүрлі елестердің себебі болады.





4 сурет.

Кәдімгіде жоғарғы және төменгі елестер байқалады. Жоғарғы елес пайда болғанда заттың өзінен басқа оның жоғарғы жағында орналасқан кескіні де көрінеді; төменгі елес пайда болғанда заттың кескіні заттан төмен орналасқан болады. Төменгі елестер жылдың уақытында шөл мен далада байқалады. Ол кезде Жердің бетіне жақын орналасқан ауа қабаттының температурасы өте жоғары болады, ал тығыздығы мен сыну көрсеткіші биіктік өскен сайын өседі. Заттың әр нүктесінен адамның көзіне түзу сәулелер түседі, б.а. ауада шағылмаған сәулелер, оларға кәдімгіде заттың тура кескіні сәйкес болады. Бірақ сыну көрсеткішінің үлкен градиенттерінде толық шағылған сәулелер де түсуі мүмкін. Олар айнадағыдай заттың кері кескінің береді (5 сурет). Заттың үстіңгі жағындағы аспанның бөліктерінен келетін сәулелер шағылатын болғандықтан.судың бетіне ұқсас елес пайда болады және онда айнадағыдай аспанның кескіні болады.






5 сурет. Төменгі еллестің пайда болуы (сәулелер жолы).
Сол сияқты жоғарғы елестіде түсіндіруге болады (6 сурет). Егер салқын ауаның жоғарғы жағында жылы және сиретілген ауа қабаты болса, онда жарық сәулелері доға сызып жарық көзінен оншақты километрден ары төмен түседі. Мысалы Франциядағы Лазурный берег деп аталатын жерден 200 километрден астам жерде орналасқан Корсиканы көруге болады. 1815 ж. Белгияда Вервье қаласының тұрғындары аспаннан әскерді көрген. Осы қаладан жүз километр жерде сол күннің таңында Ватерлоо шайқасы болған.




6 сурет .Жоғарғы елестің пайда болуы (сәулелер жолы).
2. Жұмыстың орындалу реті

2.1. Сыну көрсеткіші тереңдікке қарай nо-ден nmax-ға дейін бірқалыпты өзгеретін ортасы бар ыдысты оптикалық орындыққа орналастырыңыз.

2.2. Маустың сол кнопкасын екі рет қатарынан басып қондырғыны іске қосыңыз.

2.3. Сәулің горизонтал бағытын белгілеп алып, сәулені бастапқы бағытына параллель төменнен жоғары қарай ығыстырады және ортадағы сәуле трассасының өзгеруін байқайды.

2.4. 2.3 п. көк сәуле үшін қайталаңыз.

2.5. Сәуле траекториясының ыдыстың жоғарғы жағымен төменгі жағындағы майысуын түсіндіріңіз. Қызыл және көк сәулелердің траекторияларының өзгеруін түсіндіріңіз.

2.6. Сәулені ыдыстың бірінші қабырғасының ортасына орналастырып қызыл сәуленің ортадағы бағытының бұрышын өзгертіп сәуле трассасының ортадағы және ыдыстан шыққандағы өзгеруін байқаңыз.

2.7. Қызыл және көк сәулесі бар лазерден жоғарғы елестің пайда болуының шекті бұрышын анықтау.

2.8. Лазердің үш түрлі сәулелерін кезегімен қосып, 2.7. п. қызыл сәуле үшін анықталған жоғарғы елестің шекті бұрышына қойыңыз. Сәулені бастапқы бағытына параллель жылжытып ыдыстан шыққан кезде қызыл, жасыл және көк сәулелердің жоғалып кететін орнын анықтаңыздар.

3. Бақылау сұрақтары

3.1. Төменгі елестің пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

3.2. Сәулелердің рефракциясының нәтижесіндегі жарық күн ұзаруының механизмін түсіндіріңіз.

3.3. Күннің батысы мен шығысындағы “жасыл сәуле” құбылысын түсіндіріңіз.


Н.4.02-05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

_________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

5В070700 «ТАУ- КЕН ІСІ» мамандығы

(мамандық шифры, атауы)


Физика 2 пәні бойынша

(атауы)


Емтихан сұрақтарының

Т І З Б Е С І



I. «Электрмагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік тербелістер мен толкындар» тарауына арналған сұрақтар:

  1. Электрмагниттік индукцияның негізгі заңы.

  2. Ленц ережесі.

  3. Индуктивтілік.

  4. Максвелл теңдеулері.

  5. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электрсыйымдылық.

  6. Магнит өрісі және олардың сипаттамалары

  7. Тербелмелі контур. Томсон формуласы.

  8. Электр тогы. Ток күші. Ток тығыздығы.

  9. Еріксіз электр тербелістері.

  10. Ом заңдары. Өткізгіштердің кедергісі.

  11. Электромагниттік толқындар.

  12. Кулон заңы.

  13. Остроградский – Гаусс теоремасы.

  14. Электр өрісінің энергиясы.

  15. Холл эффектісі.

II . «Оптика» тарауына арналған сұрақтар:

  1. Фотометрия. Жарық интерференциясы.

  2. Интерференциялық құралдар. Жарық дифракциясы.

  3. Гюйгенс-Френель принципы. Дифракциялық тор.

  4. Сәулеленудің спектрге жіктелуі, спектрлік құралдардың сипаттамасы.

  5. Поляризацияланған сәулелердің интерференциясы.

  6. Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы.

  7. Кирхгоф заңы.

  8. Жарықтың көзі. Люминесценция.

  9. Жарықтың фотохимиялық әсері.

  10. Доплер құбылысы.

  11. Линзалар.



  1. «Кванттық физика, атом және атом ядросы физикасының элементтері» тарауларына арналған сұрақтар:

    1. Уақыт теңдеуін түрлендіру жолымен Шредингердің стационар теңдеуін алу.

    2. Бөлшектің бірөлшемді тікбұрышты потенциалынан шағылу

    3. Шредингер теңдеу.

    4. Бірдей бөлшектердің тепе-теңдіқ принципі

    5. “Потенциалдық шұңқырдағы” бөлшек

    6. Паули принципі.

    7. Фотоэффект.

    8. Шредингердің уақытша теңдеу.

    9. Бор бойынша сутегі атом теориясының элементтері.

    10. Атом ядросы

    11. Ядролық күштер

    12. Ядролық реакциялар.

«____» ____________2015 ж. № __________ хаттама

Шүйішбаева Нұргүл Найзабекқызы

Жумабаева Шолпан Нурлановна

Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна
Физика ІІ
Оқу-әдістемелік кешені

Редакционно-издательский отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 73.12.15 г. Объем 9,4 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №241

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова



e-mail: www.kgu.kz





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет