ОПТИКА
Есеп шығару үлгілері
Геометриялық оптика
5. 1. Жазық айнаға түскен сәуле β = 15° бұрышпен шағылған. Горизонталь айнаны қандай γ бұрышқа бұрғанда, сәуленің шағылу бұрышы 3 есе ұлғаяды?
Ш е ш у і. Айна γ бұрышқа бүрылғанда сәуленің түсу нүктесінде айнаға тұрғызылған нормаль γ бұрышқа бұрылады . Сондықтан сәуленің шағылу бұрышы β' = β+γ:. Ал β' = 3β болуы керек. Осыдан 3β= β+ γ; γ = 2β; γ = 2·15°=30°=0,53 рад.
5. 2. Жарық сәулесі екі жазық айнадан кезек шағылып, түскен бағытына параллель кері тарауы үшін, айналарды қалай орналастыру керек?
Ш е ш у і. Айналарды бір-біріне тік бұрыш арқылы орналастыру керек . Сонда γ + δ = α+Θ = 90°. Бұдан β + ε = = 360°- (α+γ+δ+Ө) = 180°. Олай болса, екі айна өзара тік бұрыш жасай орналасқан болса, онда екі айнадан кезек шағылған сәуле түскен сәулеге параллель болады.
5. 3. Ойыс айнадағы нәрсенің кескіні оның өзінен екі есе үлкен. Нәрсе айнадан = 60 см қашықтықта орналасқан. Айнаның фокус аралығы қандай?
Ш е ш у і. Айнаның фокус аралығы ойыс айнаның формуласымен
анықталады:
, Есептің шарты бойынша
;
Достарыңызбен бөлісу: |