5. 34. Нәрсе мен оның линзадағы жорамал кескінінің арасындағы қашықтық L = 5 cм. Линзаның үлкейтуі k = 0,5. Нәрсенің кескінін салып, линзаның түрін анықтап, оның оптикалық күшін табу керек.
Ш е ш у і. Нәрсенің кескінін табу үшін алдымен бас оптикалық ось арқылы белгілеген масштабта нәрсені және оның кескінін бір-бірінен 5 см қашықтықта орналастыру керек (76-сурет). Енді нәрсенің Α нүктесі мен оның кескіні А' нүктесі арқылы түзу жүргізсек, осы түзумен бас оптикалық осьтің қиылысқан Ο нүктесі линзаның оптикалық центрі болады. Нәрсенің А нүктесінен бас оптикалық оське параллель жүргізілген сәуле линзада сынған соң А' нүктесінен өтпейтіні көрініп тұр. А' нүктесі арқылы сынған сәуленің кері бағыттағы созындысы ғана өтеді. Осы созындының бас оптикалық осьпен қиылысқан нүктесі линзаның фокусы болады. Суретте көрсетілген линза — шашыратқыш линза.
Есептің шарты бойынша D=-10 дптр.
5. 35. Жақыннан көретін кісі кітапты көзілдіріксіз 10 см қа-шықтықтан оқи алады. Кісіге керек көзілдіріктің оптикалық күші қандай болуы керек?
Ш е ш у і. Сау көздің ең жақсы көретін қашықтығында (d = 25 см) тұрған нәрсенің көзілдіріктегі кескіні, жақыннаң көрeтін көздің ең жақсы көретін қашықтығында орналасуы керек. Сондықтан:
5. 36. Лупа сыну көрсеткіші п=1,6 қос дөңес бетті шыныдан жасалған. Егер дөңес беттердің қисықтық радиусы 12 см-ге тең болса, онда лупаның үлкейтуі қандай болады?
Ш е ш у і. Лупаның үлкейтуі /г ең жақсы көретін қашықтығы. Линза формуласы бойынша . Есептің шарты бойынша R1 = R2=R. Осыдан
Достарыңызбен бөлісу: |