Нүктелік жарық көздерін қосу және өшіру үшін көрсеткішті көзге қояды (қол пайда болады) және маустың оң кнопкасын басады.
Жарық көздерін вертикаль бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін жарық көзіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.
Жарық көздерін горизонталь бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы көздердің бекітілген блогының винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты оңға немесе солға ығыстырады.
Сәулелерді іріктеуші маска мен жылжымалы сызғышта дәл солай орнын аустырады.
Линзаның орны орындықта бекітілген және ауыспайды.
Линзаның параметрлерін өзгерту. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы линзаның бекітілген винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың оң кнопкасын басып линзаның параметрлерінің терезесін ашып, линзаның түрін және оның фокустық қашықтығын таңдайды. Қондырғыны орындықтан алып тастау үшін осы терезедегі “удалить” деген кнопканы басады.
Бұл қондырғыда нақты сәулелермен бірге жалған жарық көзінің сәулелері де көрсетіледі (олардың жарқырау көбірек).
Достарыңызбен бөлісу: |