Жарық интенсивтігі графигінің масштабын өзгерту. Графиктің үлкейтілген түрі көру үшін сол аумақтың жоғарғы сол жақтағы бұрышына маустың көрсеткішін қояды. Маустың сол кнопкасын басып тұрады. Көрсеткішті жоғарыдан төменге және солдан оңға қарай қажетті нүктеге дейін жылжытады. Кнопканы жібереді. Экраннан үлкейтілген бейнені көреді.
Графикті бастапқы қалпына келтіру үшін маусты дәл солай бірақ оңнан солға қарай және төменнен жоғары қарай жылжытады.
Поляризация құбылысын зерттеуге арналған қондырғы
Құралдарды бұру, параметрлерді таңдау, қондырғыны қосу және алып тастау “Интерференция” қондырғысында сияқты жасалады.
Телевизордың экранында поляроидтардың бұрылу бұрыштары көрсетіледі. Бұрыштар сәуленің бағытымен қарағанда вертикальдан сағат тілімен саналады.
Телевизор экранының ортасында өткен сәуленің бейнесі көрсетіледі, ал астында оның салыстырмалы интенсивтігі.
ЛабораториялыҚ жұмыстар
№ 1 лабораториялық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |