Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Жарық құбылыстары
Сынып: 8
|
Мектеп: « №17 ЖОББМ » КММ
Мұғалімнің аты-жөні:
Толеуханова Шынар Сарсеновна
Қатысқандар: 18 Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Толық іштей шағылу
|
Оқу мақсаттары
|
8.5.1.8 – тәжірбиеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:шағылған сәуленің жарықтылығы түскен сәуленің жарықтылығына тең болатынын біледі
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:толық іштей шағылу және шектік бұрышты анықтай алады
|
Кейбір оқушылар орындай алады: толық шағылудың шектік бұрышын анықтайтын формуланы пайдаланып есептеп, нәтижесін алады
|
Бағалау критерийлері
|
Оптикалық техникада( перископ, дүрбі), талшықтық оптикада жарықтың толық ішкі шағылу құбылысының өмірмен байланысын түсінеді.
Толық шағылудың шектік бұрышын формуланы пайдаланып есептей алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Үштілділікке байланысты терминдермен жұмыс жасайды.Нормаль,түскен сәуле,түсу бұрышы,сынған сәуле,сыну бұрышы, шектік бұрыш анықтамаларын береді
Қазақша
|
орысша
|
ағылшынша
|
түсу бұрышы
|
угол падения
|
angle of incidence
|
сыну бұрышы
|
угол преломление
|
angle of reflection
|
шектік бұрыш
|
краевой угол
|
boundary angle
|
|
Құндылықтарға баулу
|
-Ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
-Жауапкершілік, сыйластық;
-Өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия
|
Алдыңғы білім
|
Жарықтың сыну,жарықтың сыну заңы.Шының сыну көрсеткішін анықтау
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
( 2 мин)
Жеке жұмыс
(3 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Сиқырлы айна» әдісі бойынша психологиялық ахуал тудыру(оқушы зейінін сабаққа аудару)
Белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады
1- тапсырма. Сәуленің шағылу бұрышы 400 - қа тең. Сыну бұрышы қандай болады?
2 –тапсырма.
1 және 2 ортаның шекарасында SA жарық сәулесі өзінің бағытын өзгертті. Түсу бұрышы мен сыну бұрышын өлшеңдер. Оптикалық тығыздығы көп орта қай орта?
Миға шабуыл:
Сыну бұрышы 900 болуы мүмкін бе? Яғни екі орта шекарасының перпендикуляры бойымен тарала алады ма?
Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау(тамаша,жарайсың,талаптан!)
|
Таратпа материалдар
|
Сабақтың ортасы
(20мин)
Топпен жұмыс
|
«Ойлан -бірік - бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді.
І топ Толық іштей шағылудың физикалық мағынасы
ІІ-топ Толық іштей шағылу құбылысын байқайды.Оптикалық шайба дөңгелегінің көмегімен
ІІІ -топ Шектік бұрышты анықтауға есептер беріледі
Дескриптор:
1.Толық іштей шағылу құбылысына анықтама береді
2. Шайба дөңгелегінің бойымен орын ауыстыру жолымен сыну бұрышын арттыруға болатынын біледі
3. Шағылған шоқтың жарықтығы артып, сынған шоқтың жарықтығы кемитінін түсінеді
4.Формула бойынша есептеулер жүргізе алады
|
Оқулық Б.М.Дүйсембаев
Оптикалық шайба
|
Сабақтың соңы
( 6мин)
|
Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау
Саралау тапсырмасы:
«Үздік тапсырма» әдісі
1. Алмас(2,42),шыны(1,57),мұз(1,31) үшін толық шағылудың шектік бұрышын есептеңдер
2.Барлық денелер шыныдан жасалған деп есептеп, онда кескінделген әрбір жағдай үшін сынған сәулені көрсетіңдер.
3.Оптикада жарықтың призма пішінге ие денелер арқылы өту жағдайын жиі кездестіреміз. Призмаға түскен сәуле (мысалы, оның бүйіріне) екі рет сынады: призмаға кірерде және шығарда.
б суреттегі сызбаны - призманың қимасын (үшбұрыш) және оның бүйіріне түскен сәулені дәптерлеріңізге салып алыңыздар, Призма арқылы сәуленің жолын тұрғызыңыздар. Үшбұрышты призмадан өткен сәуле оның табанына қарай бұрылатынын көрсетіңіздер.
Ой қорыту. Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін стикерге жазып, кестеге іледі.
БББ кестесі
Білгенім
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма:§64 оқу
А.Жарықтың толық шағылу құбылысы қандай жағдайларда байқалады?
В.Жарық шоғының ауадан суға, судан ауаға өткенде толық шағылуы мүмкінбе?
С.159-сурет бойынша,суретті қайта салып, көз шардың кескінін көретін жерге дейін жарық жолының жүрісін аяқтаңдар.
|
Таратпа материалдар
|