Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.
Педагогикалық технология – жобалау, реттеу, әрі іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді . Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |