Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі.
Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті.Химияны оқыту методикасы ғылыми оқыту әрекетін методикалық деңгейде зерттейді.Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды ӛзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.
Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады.Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру.
Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады.Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей;
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады.
Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: - жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.
Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін арттырады.Қазіргі сабақ оқушылардың ӛзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол- оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Ӛзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар кӛрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, ӛзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |