ШҚО
Семей қаласы
«№25 Жалпы білім беретін ортамектеп» КММ
Дайындаған: Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жұмақұлов Б.А.
Пән: «Бейнелеу өнері».
Сыныбы: 6 «А».
Өткізілген күн: 27 қазан 2016 жыл.
Тақырыбы: ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру.
Дамытушылығы: Ойлау қабілетін, логикасын дамыту, суретке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды эстетикаға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың үрі: Топтық жұмыс.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топпен шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Ертегі кітаптар,слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-сәлемдесу
- Оқушылардың оқу-құралын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
жұмыстарын қарау, кемшіліктерін түзету, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабаққа дайындық: «Ребус шешу»
Ой қозғау: Сұрақ-жауап.
-Ерте, ерте, ертеде деп не басталатын еді, балалар?
Әрине ертегі басталады. Дұрыс айтасыңдар.
Яғни бүгінгі сабағымыздын тақырыбы: ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ
Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына байланысты сурет салу.
Әрбір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық. Яғни ертегі адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі.
Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |