Шқо тарбағатай ауданы Сатбаев ауылы «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» кмм кайырбекова Шынар Молдабековна Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет2/3
Дата02.02.2022
өлшемі35,08 Kb.
#116810
1   2   3
Байланысты:
Аталар ерлігіне тағзым. Мерекелік сценарий

9-10-11- сыныптың көрінісі

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті.
Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді» Гулназ
1 қыз: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық - ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?» Аружан
1 ұл: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?» Орал

1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?Қуат
Бәрі: Отан үшін аттанайық! Ұлдар

«Священная война» әні тыңдалу керек.

Мұғалім Ақжарқынның сөзі.

Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып, өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді. Роллан мен Мансұр

Ән: « Соғыстан қайтқан солдаттар» әні тыңдалады

Көрініс: /оқ дауысы/
Қызы:- Ана, қарным ашты. Соғыс қашан бітеді? Менің әкем қашан келеді?
Анасы: Құлыным - ау, бітеді ғой, шыдай тұр. Әкең жеңіспен оралады. Дүниедегі бар тәттіні саған әкеледі. Балмұздақ па, кәмпит пе, тәтті нан бәрін саған әкеледі.
Қыз: Қашан, ана? /жыламсырап/
Анасы: Жақында. Ұйықтай ғой, қызым.

1-ж. Дүние жүзін жайпаған сұм соғыстың зұлматын елімізге де оңай болмады. Талай жас қыршын кетті. Жас аналарымыз жесір қалды. Аналарымыз баласын жоқтады. Сол кездегі балалардың балалық шағын ұрлады.

Тіпті бесік жыры жа өзгеше айтылды.

Ән М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Әбиірбек Тіналиевтың әні «40 жылдардағы бесік жыры»

Орындайтын Мектебіміздің ұстаздары.

Өлең: Асем ---------------- Гулназ бен Ақбаян

Көрініс: «Тылда» Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.
1 - әйел: Мынаны қарашы, ұлымнан қара қағаз келді. Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымнан айрылдым. Енді қалай өмір сүремін? //Жылайды//Аяжан
2 - әйел Сен ол қағазға сенбе. Бәлкім ұрыста адасып кеткен шығар. Көр де тұр. Ұлың аман - есен келеді әлі. Жылама.Аружан
1 - әйел: Соғыс, сұрапыл соғыс. Қанша уйдің әкесін алды қаншама үйдің ұл - қаздарын жалмады. Қаншама аналар зар илеп балаларынан айрылып, жесір қалды. Бұл соғыс қашан бітеді. /Музыка/

Көрініс: «Жеңіс» Музыка
Сүйінші, халқым, сүйінші! Неміс фашистері тізе бүгіп, жеңіліпті. Шынымен қарғыс атқан соғыстың біткені ме? //Бір - бірімен құшақтасып жатады// Халық қуанысып, бір - бірінен сүйінші сұрасып жатады. Аяжан Амантаева

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командован иесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды. 9 мамыр жеңіс күні!

«Атамекен»

Жауынгерлерді күтіп алу сәтінен көрініс
//Жауынгерлер бастарын орап, таяқ ұстап келе жатады//

Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет