Жауап: Республиканың топырақ - климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның Сотүстік, Батыс және Орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңтүстік шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі.