5. Экологиялық егіншілік жүйесі.
Жауап: Экологиялық немесе органикалық егіншілік жүйесі дегеніміз – егіншіліктің табиғи құрылым жолына бағытталған жаңа жүйе. Ал, топырақтың табиғи жолы ұзақ уақытты қамтиды. Қазіргі біздің тіршілік өте жылдам екені белгілі. Жетіспеген органикалық зат болса, оны компост (органикалық тыңайтқыш) түрімен толықтыруға болады. Себебі, көбінесе ауыспалы егіс дақылдарының қалдығы топырақ құрамын жеткілікті мөлшерде толықтыра алмай отыр. Органикалық заттар қоры (жоңышқа тамырлары) бактериялар арқылы тез қорытылатындықтан, топырақты гумустық заттармен қанағаттандыра алмайды..Органикалық егіншілік жүйесі біртіндеп табиғи жолмен жасалады.
Экологиялық егіншілік жүйесі жерді пайдалану, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі технологиялық (агротехникалық), мелиорациялық және ұйымдастыру іс-шараларының кешені. Егіншілік жүйесі өзара байланысты бірқатар элементтерді қамтиды: жер аумағын және ауыспалы егісті ұйымдастыру, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, арамшөптермен, а.-х. дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күрес жөніндегі іс — шаралар, тұқым шаруашылығы, топырақты су және жел эрозиясынан қорғау жөніндегі іс-шаралар; жекелеген аудандарда-суару, құрғату, химиялық мелиорациялау (әктеу, сылау және т. б.), егістікті қорғайтын орман екпелерін құру.ялық егіншілік жүйесі.
Егіншілік жүйесінің бұл түрі органикалық-биологиялық бағытқа қарағанда дәстүрлі агрономияға біршама жақын. Онда өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын қолдануға тыйым салынады және топырақтың гранулометриялық құрамын ескере отырып, минералды тыңайтқыштардың суда еритін формалары есебінен қоректік заттардың жетіспеушілігін толтыруға рұқсат етіледі
Достарыңызбен бөлісу: |