Шпаргалка на казахском языке



бет2/6
Дата31.12.2019
өлшемі365,5 Kb.
#54712
түріШпаргалка
1   2   3   4   5   6

1722ж – Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін Қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды

1723ж – Цеван-Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады

1723-1727ж – Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама, ақ мешін

1725ж – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады

1724-1738ж – Сәмеке хан Орта жүз аймағын биледі

1726-1730ж – Болат хан билігі

1726ж – Қалмақ қырылған шайқасы. Сарысудың орта ағысы(Торғай даласы)

1726ж – Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді

1729ж – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлі оңт.)

1730ж – Кіші жүз билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды, алайда Әбілхайыр елшлеріне Ресей құрамына кіру құжатын тапсырды

1730-1829ж – Райымбек БАтыр

1731-1748ж - Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды

1731ж – 19 ақпан елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоановна қабылдады

1731ж – қазанда А.И Тевкелев басқарған елшілік жіберілді

1731ж – 10 қазан Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астыга кіруге ант берді

1733ж – Уса Серен бастаған жоңғар қолы Қара Ертіспен келіп, зайсаеға, Аягөзге жетіп, Қарқаралы, Баянауыл тауларые асып, Кәрітауға ат басын тірейді

1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі

1734ж – 10 маусым императрица Анна Иоаннова Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды

1734ж – мамырда орыс үкіметі Сенаттың хатшысы И.К.Кирилов басқарған экспидиция жабдықтады

1735ж – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі салынды

1738ж – тамыз айында Орынбор комиссияның басшысы, тарихшы В.Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді. Кіші жүзден 15 Орта 27 старшина ант берді

1740ж – 28 тамыз Әбілмәмбет хан мен Сұлтан Абылай Орынборға келіп Ресей билігін мойындады

1740ж – Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлатты

1741-42ж – Қолдан Церен ОРта жүз бен Кіші жүзге екінші ақтабан шұбырынды жорық жасады

1742ж – Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсіп, 1743ж қиыншылықпен босады

1741-1742ж – Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылып, қалмақтардың бмлігін мойындауы талап етілді

1742ж – 2 қыркүйекте Орынбор комиссияның бастығы И.Неплюев Галдан Церенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті.

1742ж – 20 мамыр Ресей Сенаты қазақтарды және шекалалық бекіністері қорғау жөнінде жарлық шығарды

1742-1802ж – Сырым Датұлы өмір сүрген жылдары. 1775ж Пугачевтің жасағын басқарды

1743ж – Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы И.И. Неплюев Орска қалашағын жаңа жерге көшірді.Қоныс Орынбор деп аталды

1743ж – тұтқынан босаған Абылай жоңғар феодалдарымен күресті өрістетті

1745ж – қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты

1745ж – Жоңғар қонтайшысы Галдан Цереннің қайтыс болуына байланысты таққа талас басталып, Орта Азия жағдайы шиеленісіп кетті

1745-1759ж – қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген 135447 қой, 49697 жылқы, 7740 ешкі, 238 бұқа жалпы құны 1млн. сом шмасында бағаланған

1747ж – Хиуа тағына Батыр сұлианның баласы Қайыптың отыруы қазақ ханының бұл өңірдегі ықпалын әлсіретті

1747ж – патшайым Елизавета Петровна үкіметі Демидовтар әулетінің қолында болған Алтай тау-кен кәсіпорындарын орыс патшаларының меншігі деп жариялады

1748ж – Ор бекінісі маңында Әбілхайыр мен Ресей дипломаттары кездесіп, екі арадағы салқындықты жойғандай болды

1748ж – Ұлқияқ және Торғай өзендері арасындағы қақтығыста, Әбілхайыр Барақ сұлтан қолынан қаза тапты

1748-1819ж – Тілеуке Құлекеұлы. Шал-акын- Көкшетау өңірде туған. Әкесі-Абылайдың батыры, Анасы – Төле бидің туған қызы

1752ж – Қалмақтар Орта жүзге басып кірді

1752ж – Петропавл ешбінің салынуы

1753ж – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасады

1755ж – башқұрт халқы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске шықты

1755ж – 19 шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Маньчжур – Цинь өкіметінің меншігі деп жарияланды

1755ж – күзде Әмірсана күтпеген жерден Цинь билігіне қарсы шығып, Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеді

1756ж – 2 қыркүйек Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет шек қойылды

1756ж – наурыз Маньчжур – Қытай әскері Іле өзенін бойлай Қазақ хандығын шекарасына жақындады

1756ж – Императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені ушін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат етті

1757-1758ж – Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен Тевкелев 1756ж үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді

1757ж – маусым қолбасшылар Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскері Қазақ еліне басып кірді

1757ж – 24 желтоқсан Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тиым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды

1757-1760ж – Абылай Қытайдың билігін мойындады

18ғ 70 жылдары - белгілі қолбасшы Абылай Ходжент, Ташкент билеушілеріне соққы бенрді

1758ж – Жоңғария толық талқандалды

1758ж – Жоңғария дербес мемлекеті жойылып, орнына 1761ж империялық әкімшілік бірлестік – Шыңжан құрылды

1759ж – 1 қантар Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды

1760ж – Ертіс өңіріне Ресейдің әр түпкірінен жерсіз шаруалар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды.

1761ж – Абылай императрица Елизавета Петровнадан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап отырықшылықты дамытты

1761ж – бұрыңғы жоңғар жерінде Шыңжаң(жаңа шекара) құрылды

1766ж - Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды

1767ж – 15 қараша 2 Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді

1769ж – П.С. Паллас өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспидицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» енбегін жазды

1769-1772ж – Н. Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып, «Капитан Н.Рычковтың 1771ж қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» енбнгін жазды(1772)

1771ж – Түркістанда Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес Абылайды хан сайлады

18ғ 50 жылдары – Кіші жүз ханы Нұралы 1742ж 19 қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкімін жою талап етті

1773-1775ж – Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған соғыс. Орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты

1773-1774ж – Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тартылуы(қыркүек, наурыз)

1774ж – наурыз-күз Көтерілістің кең жайылуы

1775ж – Қозғалыстың саябырлап басылуы

1773ж – 20 қыркүйек Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды

1773ж – қазан көтеілісшілер Пресногорьковск бекінісіне, Троицк, Гагарьевск редуттарына шабуылдады

1773ж – 7 қазаң Орынбор Губернаторы Петербургке хабарлағандай, қазақ руларының арасындағы қобалжу ерекше байқалды

1773ж – қарашаның 17 нен-18не қараған түні. Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты

1773ж – қараша Пугачевтің манифесіне арқа сүйген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды

1774ж – жаз Звериноголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып жүр деген лақап тарады

1774ж – күз Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысиы

1774ж – күз қарауыл, кенжеғалы, қыпшақ, керей т.б. рулардан құрылған топтар Пресногорск, Петропавл, Верхнеозерный бекіністеріне шабуылдады

1774ж – күзінде генерал Деколонгтың Петербургке граф Панинге жолдаған хатында көтерілісшілердің күш алып кеткендігі соншалық, бекіністердегі гарнизондарға сүйеніп, қазақтардың толқуын басу мүмкін емес деп қынжыла хабарлады

1775ж – Пугачев көтерілісі әлсіреді. Суворов бастаған күш Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандағаннан кейін ғана қазақ өлкесінде де көтеріліс әлсіреді

1775ж – 7 қараша сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Еділ, Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды ппайдалануға рұқсат етілді

1775ж – шаруалар көтерілісін жаныштаған А.Суворовтың П.Панинге жолдаған хатында Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күрескен топтардың басшысы деп сипаттлаған

1776ж – сәуірде генерал Н.А. Рейндорф «тыныштық» орнағаны туралы үкіметке хабарлады

1778ж – Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды

1778ж – 24 мамыр 2 Екатерина Абылайды тек Орта жүз ханы етіп бекітті

1781ж – Абылай дүние салды. Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленді

1781-1819ж – Абылай мұрагері Уали хан болып сайланды

1782ж – Уәли Петропавл бекінісіне барып, Ресейге адалдыққа ант берді

1782-1783ж – жұт әсерінен малдың шығын болуын қазақ әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды

1782ж – 27 желтоқсан патша үкіметінің 1775ж 7қараша жарлығы өзгертілді

1783-1797ж – Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

1783ж – күзі Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды

1783ж – желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды

1784ж – Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан оны көктемде тұтқыннан босатты

1784ж – маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды

1784ж – қараша Сағыз өзені бойында сырым тобы 1000 адамға жетті

1785ж – 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді(300(237) казак,2432башқұрт)

1785ж – 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Көтер. Саны 7000 адам

1785ж – көктеміне дейін, көтерілісшілердің басты қимылдары патша үкіметінің Жайық бойындағы бекіністеріне, казак әскеріне қарсы бағытталды

1785ж – Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары Табын руына шабуылдады

1785ж – Кіші жүз старшындарының сьезі Нұралыны зандықтан тайдыру жөнінде шешеім қабылдады

1785ж – күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды

1786ж – көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады

1786ж – Орынборда шекаралық комиссия құрылды

1787ж – Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды

1787ж – наурыздың 15 көтерілісшілерді талқандау үшін 1250қарулы казактары бар Орад казак әскерінің старшиналары Колпаков пен Пономарев жорыққа шықты

1789ж – Азиялық училище ашылып, моңғол, маньчжур, қытай, парсы т.б. тілдері оқытты

1790ж – Нұралы Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды

1790ж – тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А. Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді

1790ж – 21 қазан және 5 қараша бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды

1790-1815ж – 1226 Кіші жүз қазағы Ресейге өтіп, башқұрт болып аттарын өзгерткен

1791ж – наурыз Сырым, Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды

1791ж – Көтерілістің жаңа кезенінің кенеюіне Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791-1794)

1791ж – маусымда Сырымның көтеріліс талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Партизандық күрес әдісіне көшті

1791ж – Исатай Тайманұлы туды қозқаррастың қалыптасуына Жабай Бегалыұлы әсер етті

1792ж – Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады

1794ж – Ералы хан қайтыс болды

1795ж – Есім хан болып сайланды(1795-1797)

1796-97ж – қысқы жұт, ханның салықты көбейту, көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.

1796ж – Стамбулдан қымбат тауарлармен шыққан Бағдад көпестері Парсыны, Ауғанстанды, Үндістанды аралап, Семейге жетті

1797ж – 17 наурыз Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді

1797ж – күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады

1797ж - Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол Кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды

1797-1805ж –Айшуақ хан болды

1797ж – Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті

1799ж – 21 қараша император 1 Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына (45000) Ертістің оң жағасына мал жаюға,, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді

1799ж – Орта жүздің 1200 шаңырағы Ресейге өтіп, башқұрт болып аттарын өзгерткен

1799-1879ж – 19ғ Қазақ тарихы туралы жазған орыс тарихшы А.Левшин

18ғ 2-ші жартысы – Орыс саудасының белгілі орталықтар: Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма(1761ж негізі қаланған

1801ж – патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді

1801ж – 11 наурыз император 1 Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы зандастырылып, Бөкей хандығы құрылды

1801-1818ж – Петропавл кедені арқылы Қытайға өткізуге рұқсат етілген әр түрлі тауарлар құны 302763 сомға тең болды

1802ж – Сырым Датұлы Хиуада қайтыс болды

1802-1847ж – Абылай ханның немересі Қасым төренің баласы, Кенесары Өмір сүрген жылдары

1802-1874ж – Дулат Бабатайұлы, «Бейшара менің қазағым», «О,Сарыарқа, Сарыарқа», «Ақжайлау мен Сандықтас» өлендерін жазды

1803ж – 19 мамыр керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ресей үкіметі көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді

1803-1906ж – Мұрат Мөңкеұлы, «Үш қиян», «Қазтуған», «Шалгез» өлеңдерді жазды

1804-1846ж – Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдары

1805-1806ж – Қытаймен жағдайды ретке келтіру үшін Пекниге жіберілген Ю.А. Головкиннің елшілігі Ургадан қайтып оралды

1807-1867ж – Шернияз Жарылғасұлы, Әдебиетте суырып салма өнерді жетілдірді

1808-1895ж – Шөже Қаржаубайұлы. Жастайынан екі көзінен айырылып.

1809ж – Жантөре атақты «Шалқыма» күйін шығарды

1809ж – Тара қаласынан 5000 сомға әр түрлі тауарлар жеткізген көпес Нерпин Бұқтырманы басып өтіп, Қытайдың Шауешек қаласында тауарларын сатып, сол бекініске қайтып оралды

1812ж – алғашқыда елін сұлтандық дәрежеде басқарған Бөкей Нұралыұлы хан аттанды

1812ж – Бөкей хан Исатайды 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындады

1812ж – 6 шілде Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқандығы туралы үндеу қабылданды( Наполеонмен соғыс)

1812ж – 27 шілде Мұрат Құлшоранұлы мен Еріш Азаматұлына хорунжий атағы берілді

1812ж – қыркүйек Ертіс шебінің полктері Бородино шайқасына қатысып, Майлыбайұлы күміс медальмен, Зындағұлұлы көгілдір ленталы медальмен марапатталды. Вязьма түбіндегі ұрыста 1812ж – қазн, қараша Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті. Қазақтарды күш жұмылдыруға шақырған Байсақал Тілекұлы

Сағит Хамитұлы 3 дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды, Башқұрт полк құрамында Нарынбай Жанжігітұлы Георгий орденінің толық кавалері болды

1812жылғы соғыста Ресей үкіметін Францияны жеңуіне қазақ жігіттерінің қосқан үлесі мол болды. Француздар қазақ мергендерін «Азиялық амурлар» деп атады

1812-1871ж – Нысанбай Жаманқұлұлы, «Наурызбай-Қаншайым» дастанында соғыс жорықтарын жазды

1812ж – Ташкент көпестері Мирқұрбан Ниязов пен Ахмадий Ашировтардың керуені құны 1млн. сомға жуық тауарларын Құлжа базаларында тиімді сатып, пайдамен оралды

1813ж – Шоқынған өазақ Яков Беляков 3 Орынбор қазақ полкі Беннигсеннің, Польша әскерінің авангардында болып, кейін Сеслаиннің партизан корпусы құрамында шайқасты

1813ж – Орынборда әскери училище ашылып, ресейлік әкімшілік үшін чиновниктер дайындалды

1814ж – 14 наурыз император 1 Александордың бұйрығымен Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген әскер арасында Әмен Байбатырұлы мен Нарындай Жанжігітұлы болды.

1814ж – Исатайды Орынбор шекаралық комиссия старшындыққа бекітті

1815ж – Уәли мен қатар Бөкей хан болды

1817ж – сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды

1819ж – 1817ж Бөкей, 1819ж Уәли қайтыс болып№ Орта жүзге хан тағайындалмады

1821ж – Кіші жүз ханы Арғынғазы(1785-1833) Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды

1820ж – Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым 10000 әскерімен 2000 жуық қазақ ауылдарын талқандады

1820-30ж – «Азия комитеті» құрылды

1821ж – Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды

1822-1895ж – Сүйінбай Аронұлы, Жамбылдың ұстазы

1822ж – Жарғы бойынша жаңа округтерді Ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты

1822ж – Кіші Орда ставкасында тұңғыш жәрмеңке ашылды

1822ж – «Сібір қырғыздарының жарғысы» шығып, Орта жүзде билеу жүйесі өзгерді. Авторы: М.М. Сперанский, көмекшісі: Г.С. Батеньков

1822ж – Орта жүзде хандық билік жойылды

1822ж –жылғы ереже бойынша қазақ даласында шарап сатуға тыйым салынды

1823-1845ж – шын есімі Жиһангер, Әбілхайырдың шөбересі, Бөкейдің баласы – Жәңгір хан

1824ж – Қарқаралы, Көкшетау округтері ашылды

1824ж – Орынбор губернаторы П.К. Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады, жарғыда 3 хан тағайындауы жоспарлағандықтан уақытша іске аспады, кейі сол жылы қабыданды

1824ж – Кіші жүздің соңғы ханы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды

1824ж - өзбек көпесі Муминов Құлжада сауда жасап келді

1824ж – Кенесары, ағасы Саржан бастаған көтерілістерге қатыса бастады

1825ж – Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жнрлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді

1825ж – желтоқсан айының 14-нде болған Сенат алдындағы көтеріліске дейін де бірқатар болашақ желтоқсандықтар Қазақстанда қызмет бабымен болды немесе жер аударылған еді

1826ж – Баянауыл округі ашылды

1827ж – Жәңгір патша үкіметі қаражатымен Жасқұс деген жерде хан сарайын салды

1827ж – 12 биден құралған хандық кенес ұйымдастырылды

1827ж – үйірме құпиясы ашылып, оның мүшелері Сібірге айдалды

1827-1914ж – П.П.Семенов Тянь-Шанский жылдары, Алтайға, Жетісуға мен Орта Азияға саяхат жасап, «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» енбегінің «Қырғыз өлкеі», «Түркістан өлкесі» бөлімдерін қазақ жеріне арнады

1829-1830ж – шаруалар толқуына Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды

1831ж – Қазақстанда тұңғыш мұражайды желтоқсаншылар Орынборда ашты

1831ж – Аягөз, Ақмола округтері ашылды

1831ж – Хиуа ханы Аллақұл жеріне шабуыл жасады

1831ж – 18 қыркүйек Семейде алғашқы орысша оқытатын училище ашылды

1833ж – А.С. Пушкин Орынборда болып, 1773-1775ж Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинады, Оралда «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» поэмасын қағазға түсірді

1833ж – Үшбұлақ округі ашылды

1833ж – Жәңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Касапий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы – көтеріліске түрткі болды

1833-1841ж – В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды

1834ж – Аманқарағай округі ашылды

1835-1885ж – Сармалай, өмір сүрген жылдары сазгер, сыбызғышы

1835ж – Ш.Уәлиханов қарашада Құсмұрын бекінісінде туды.

1836-1838ж – Ішкі Ордадағы (Бөкей) шаруалар көтерілісі

1836ж - Өскеменде интернаты бар училище ашылды

1836ж – ақпанда басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, билігін мойындамауға шақырды

1836ж – 17 наурыз Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды

1836ж – қазан ауылының маңында Исатай маңына 20 ауыл көшіп келді

1836ж – 13 желтоқсанда Жәңгірді қолдаушы старшындар Махамбет ауылына тұтқиылдан шабуылдап, малдарын әкетті

1836ж – Қоқан ханы Саржанды өлтіреді

1836ж – Сыр бойындағы қазақтардың көтерілісі, Амудария мен Сырдария арасында орналсқан Хиуа әскеріне қарсы күресі басталды

1837-1918ж – В.В Радлов, Шығыс зерттеуші Іле алқабын, Жетісуды зерттеді

1837ж – 30(3 наурыз) наурыз шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талап етті

1837ж – 2 қазанда Атаман Покатиловтың 200 казактан тұратын тобымен Исатайды қамауға алу талпынысы іске аспады

1837ж – 15 қазан Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Балқы бидің ауылын ойрандады

1837ж – 24 қазанда Исатай 1500 сарбазымен хан ауылына қауіп төндірді

1837ж – 15 қараша Тастөбе шайқасында 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күштермен шайқасты

1837ж – 13 желтоқсан Исатай Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті

1837ж – қараша Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Актау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді

1837ж – Орынбор әскри училищесі Сібір кадет корпусы болып қайта құрылды

1838ж – Исатайдың көтерілісін тез арада басуға Ресей басшылары бастады

1838ж – қантарда Исатай 100-ге жеткен жасағы Горск бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төндірді

1838ж – 12 шілде Ақбұлақ щайқасы. Зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды: Айшуақ жасақтары, Казактар тобы

1838ж – 23 шілде Махамбет тобы сұлтандар Нұртазғали Өзбекұлы мен Табылды Шерғазыұлының ауылдарына шабуыл жасады

1838ж – 26 мамыр Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді

1838ж – жазы мен күзі Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды

1838ж – күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды

1838ж- желтоқсанда Ақбұлақ төңірегіндегі К.Қасымұлынан Батыс Сібір ген-губ. Князь Горчаковқа және 1 Николайға арналған хаты тапсыруға жіберген елшілігі.(Тобылды Тоқтыұлы, Жүніс Жанкүшікұлы, Малберді Қонысбайұлы, Қосымбай Қазанғапұлы, Майтөк Дөненұлы) тұтқынға алынып, жазаланды

1838ж – көктемде полковник Даниловский Көтерілісшілер күштерінің шоғырланған аудандарын бағдарлады, сұлтан Байғамбет Айшуақұлына Исатайды қудалайтын, тез қимылдайтын қарлуы топ жасақтауды тапсырды

1838-1916ж – Мәмбетов Жәмеңке Жетісу облысындағы Қарқара көтерілісінің ұйымдастырушы

1839-1840ж – Даль Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838ж шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына қолдау білдірді «Бөкей мен Мәулен» повесін жазды

1840ж – Кенесарының әкесі, бауырлары қайтыс болды

1841-1889ж – Ыбырай Алтынсаринұлы, ағартушы, педагог, жазушы

1841ж – тамыз Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды

1841ж – тамыз айында Кенесары қазақ көшпенді қауымында белгілі билердің сотын жойып, орнына хандық сотты кіргізді

1841ж – Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды

1841ж – Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастырылуымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды

1842ж – Сыр қазақтары Хиуа бекінісі Бесқаланы қтартты

1842ж – Кенесары көтерілісіне қарсы Орынбор генерал-губернаторы Обручев әскері жіберілді

1842ж – Көтеріліске қарсы Сібірден Сотников әскері жіберілді

1842ж – жаңа қозғалыс баталды. Жетекшілері – Ноғай руынан Аббас Қошайұлы және Масқар руынан Лаубай Мантайұлы

1842ж – Аббас қарашада Оралға, Орынборға жолықты

1843ж – Лаубай 18 ақпанда Орынборға барды

1843ж – Жаңқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуандария бойындағы бекінісін талқандады

1843ж – 27 маусым 1 Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісі берді

1843ж – тамыз сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, поковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды

1843ж – 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен щайқасып, қазақ сарбаздары шегінді

1843ж – Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет