Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


Тарихи өмірбаян және жаңа өмірбаяндық тарихы



бет4/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

5. Тарихи өмірбаян және жаңа өмірбаяндық тарихы
Тарихи өмірбаянның қоғамдағы алатын орны. Плутарх заманынан белгілі «тарихи өмірбаян» ғасырлар бойы Европа тарихнамасының құрамдас бөлігі болып келді. Орта ғасырлар тарихында әулиелердің өмірін суреттеуден асып кетпеген өмірбаян тарихы «қайта өрлеу» заманында қайта дамып, жаңа заман тарихында жан-жақты формаларға ие болып тарихи шығармалардың белгілі кеңейтілген түріне ие болды. ХІХ-ХХ ғасырлардың І-жартысында тарихи зерттеудің бұл түрі мемлекет басшыларының өмірін бейнелеген дәстүрлі саяси тарих есебінде кең етек жайды. Бірақ бірте-бірте бұл еңбектерде тарихи тұлғаның қоғамдық қызметімен қоса оның жеке өмірі мен ішкі дүниесіне көптеп назар аударыла бастады.

6. Бүгінгі интеллектуалдық тарих: проблемалары мен перспективалары
Интеллектуалдық тарихтың дүниежүзі тарихын зерттеуге қосқан үлесі. «Интеллектуалдық тарих – деген лекцияның аты зерттеушінің зерттеу бағыты экономикалық, саяси тарих сияқты адам әлеуметінің бір бағытына, тармағына қатысты екенін көрсетеді. Өткенді зерттеуде бәрі бөлініп көрсетілмеген, сондықтан зерттеуші өз тақырыбының төңірегінде қалып қоя алмайды. Алайда тарихнамадағы шартты еңбек бөлінісі бар және бұл бағыттағы даму кезеңінде бұның қортындылары қайта қаралып, қайта бағаланады. Тарихи танымдағы қазіргі кездегі революция тарихнаманың методологиялық және құрылымдылық-пәндік негіздерін қайтта айқындауға мәжбүрледі.

7.Бүгінгі «күнделікті тарих» тұжырымдамасы
Германиядағы «күнделікті тарих» концепциясының пайда болуы. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Германияның тарих ғылымында өзін «әлеуметтік» немесе «әлеуметтік-тарих ғылымы» деп атаған жаңа бағыт пайда болды. Ол негізінен дипломатия мен саясаттың, ең бірінші кезекте сыртқысаясаттың көрнекті құралдарын зерттеуге бағытталған және «даралық» әдіске тән «неміс тарихилығымен» байланысты болған дәстүрлі неміс тарихнамасына үлкен соққы болып тиді.


8. Қазақстанның қазіргі тарихшылар буынының тарихнама ғылымына қосқан үлесі
Қазақстандағы тарихнама ғылымының дамуы, алғашқы орталықтары мен жетістіктері. Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтанда қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Шетелдік тарихнама заманауи бағыттарының негізгі ұстанымдары. Қазіргі таңдағы қоғамтану гуманитарлық саладағы өтіп жатқан әр түрлі ғылыми пәндердің мамандану, ішкі жіктелу, топтастыру реинтеграциясы күрделі және қарама-қайшы үдерістері кәсіби сана алдына жаңа мәселелер қояды. Қандай да болмасы бір пәннің тарихы туралы көзқарастар әдетте дағдарысты сезіну күшейген уақытта үдей түседі. Ол ғылыми танымның тек қана жаңа мәселелеріне ғана емес сонымен қатар ғылымның өткеніне де қызығушылық тудырады. Сондықтан тарихты академиялық пән ретінде түсінуге ұмтылыс заңды болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Соколов А.Б. Введение в современную западную историографию. Ярославль. 2002.


  2. Репина В.П., Зверьева В.В., Парамонова М.Ю.


  3. История историографического знания. М.2004.


  4. Румянцев М.Ф. Теория истории. М. 2002


  5. Историческая наука на рубеже веков. Под ред. Фурсенко А.А. М., 2001.


  6. Мир историка: ХХ век. Под.ред. Сахарова А.Н. М.2002


  7. Кроче Б. Теория и история историографии. М.1998


  8. Есмагамбетов К. Что писали о нас на Западе / К. Есмагамбетов.- Алма-Ата: Казак университеті, 1992.-


  9. Атабаев Қ. Деректану [Мәтін]: Оқу құралы / Қ. Атабаев.- толықтырылып 2-ші бас.- Алматы: "Қазақ тарихы", 2007.- 272 б


  10. Немецкие исследователи в Казахстане. [Текст]=Die deutschen forscher in Kasachstan. т.5.- Алматы: Санат, 2006.- 408 стр.;.- (История Казахстана в западных источниках XII-XX в.в.).



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРКЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫ



«Бекітемін» Гуманитарлық-педагогикалық институт директоры


________________С.Т.Тайман




« ____»_____________ 2021ж.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет