Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»



бет47/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

1.З.Фрейдтің «Күнделікті өмір» ұғымын ғылыми айналымға ендіруі. Психоанализдің туындауы. Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды.

Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды.


Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады.Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет