Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


ХХ ғасырдағы күнделікті өмірдің тарихнамасы



бет48/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

ХХ ғасырдағы күнделікті өмірдің тарихнамасы. Жалпы əлемдік ғылымда күнделіктілік тарихының екі түсінігі бар — микротарихи жəне макроконтексте талдау; яғни микротарихи талдау əдіснамасы (жиі қолданылған) кішігірім оқиғаларға, хронологиялық бес, онжылдықтарға бөліп жəне макроконтекстегі, яғни ірі оқиғалық тарихты тұтастай зерттеу арқылы заман бейнесін (елу, жүз жылдықтарды) құрастырып шығару. Бірінші бағытта, негізінен, əлеуметтанушы-тəжірибешілер, тарихшылар, өлкетанушылар жəне т.б., екінші бағытта мəденитанушылар мен философия саласының өкілдері зерттеу жұмыстарын жүргізеді деген көзқарас бар. Күнделіктілік тарихы саланың зерттеу пəні бірнеше зерттеулерде əр түрлі көрсетілген, мысалы, француз философы (екінші бағытта қызмет еткен) М.Д.Серто өз еңбегінде «күнделіктілікте» сол дəуір мен этносқа тəн мəдени тəжірибенің түрін көруге болады деп, мəдени-тарихи модельдерді зерттеуде құрылым мен иерархияларды көруден бас тартқан, билік басындағыларды, ұлы фабриканттар санаған. Ол күнделіктіліктен тек қана қайталануды ғана емес, даму мен болашақты да көрген. Ал объективті теориялық білімге байланысты, автор өз талдауларын объективтендіруге ынталанбай, субъективтік тұжырымдарын жоғары санап, өз зерттеулерінің ажырамас бөлігі санаған. Біртіндеп герман тарихнамасында да «күнделіктілік тарихының» бір нұсқасы пайда болды, мұнда өз заманының қалыптағы немесе белгілі бір əлеуметтік топтағы жеке адамның əдеттегі, білімсіз микротарихы деп түсіндірілді. Бір қызығы күнделіктілікке «мерекелер» мен «экстремалды оқиғаларды» қарсы қойып, белгілі бір уақыт аралығынан кейін бұл категорияларда əдеттегі күнделікке өтеді деп санаған. Танымал зерттеуші А. Людтке: «Жұмыс, еңбек, ойын, оқу «күнделіктілік» ұғымдары, оларды зерттеу күнделіктілік тарихының міндеттері, — деп санаған. Сонымен қатар «күнделіктілік тарихын», бір жағынан, микротарих деп тану, бұл бағытты ғылыми деңгейде санауға жағымсыз əсер етті.


  • ХХ ғасырдағы шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі күнделікті тарих пен тарихи антропологияның зерттелуі. Ресейде күнделіктілік тарихы — этнология саласының бір бөлігі, сондықтан да күнделіктілікті зерттеуде этнологиялық əдістер қолданылып, бұл тұрмыс тарихы саналады. Дегенмен тұрмыс тарихы этнографиялық баяндаудың пəні ретінде, ал күнделіктілік тарихы тарихи зерттеулердегі жаңа бағыт ретінде, екеуі аралық байланыс күрделі болып келеді. Сондай-ақ ағылшын тілді əлемнен жеткен əлеуметтік жəне тарихи-антропологиялық, гуманитарлық білім ықпалымен сол тұрмыстық ұғым тарихшылармен күдікті категорияға айналды.Ресей мысалында күнделіктілік тарихшылары, əсіресе ХІХ ғасыр этнографтары мен «тұрмысты жазушылармен» жиі байланыста болды, бұл үдеріс тарихты этнографиялық тұрғыда қарастырумен шектелді. Күнделіктілік тарихшыларына «күнделіктілікті» этнографиялық əдістер ықпалында қарастыру тиісті нəтижеге қол жеткізбеді. Тұрмысты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу мен этнографиялық тұрғыдан зерттеулерден (ресейлік) түбегейлі айыру, оқиғалық тарихтың маңыздылығын түсінуден тұрады, яғни саяси оқиғалар ширегіндегі (белгілі бір саяси қоғамдағы адамдар тобы) жекелеген адамдардың əр түрлі ынталарының ортақ немесе тұтас бейнесін көрсету. Ал тарихты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу болған оқиғаны басқа түрде немесе егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді. Тарихи оқиғалар ішіндегі жекелеген адамдардың тіршілігі бірінші орынға қойылады.

    Дәріс№10 МЕНТАЛЬДЫ ТАРИХ.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет