Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


ДӘРІС №2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ТАРИХТАНУ, ИДЕЯЛАР ТАРИХЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ



бет32/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

ДӘРІС №2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ТАРИХТАНУ, ИДЕЯЛАР ТАРИХЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ.
1.Идеялар тарихы пәнаралық зерттеу обьектісі ретінде.
2.Тарихтанудың әдіснамалық арсеналы.»Нақты білімнің ізденісі» «микроталдау, статистикалық тәсілдерді пайдалану, теориялық қалыптарды құрастыруға жүгіну)
3.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы герменевтикалық бетбұрыс.


1.Идеялар тарихы пәнаралық зерттеу обьектісі ретінде. Идеялар тарихы - қазіргі заманғы тарихтың ойларын зерттеуді фрагменттілікті жеңу мақсатында идеялардың тарихи зерттеуде пәнаралық ыңғай (осылайша әлеуметтану, ғылымдар, философия, әдебиет т.б. тарихтары өмір сүреді). Берілген ыңғай әр түрлі пәндер идеяларының өзара байланысына шоғырланған зерттеудің маңыздылығын көрсетеді (мысалы, «табиғат» немесе «натурализм» мағынасы контекске байланысты). Идея тарихы-адам идеяларын құрудың, сақтаудың және өзгертудің Тарихи процесі туралы ғылым. Тарих пен интеллектуалдық тарихпен, философия тарихымен, ғылым тарихымен, әдебиет тарихымен және жалпы мәдени тарихпен тығыз байланысты, сондықтан оларды олардың бөлігі немесе қолданбалы пән ретінде қарастыруға болады. Әдіс негізіне дара идеяларды зерттеу кіреді, олар енді жаңа қатынасқа түседі, формаларымен өзгерткенімен, мазмұны салыстырмалы түрде сақталып қалады. Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғым¬дарын білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып келіп, адамның рухани жан дүниесін құрай¬ды. Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.
Тарих өткенді тану үдерісі ретінде өзінің құрамына өткен өмір туралы ақпаратты іріктеу мен оны сақтауды біріктіретін әлеуметтік еске сақтаудың бір түрі болып табылады. Тарихи жады және ұмыту. Жады, еске сақтау адамзат қауымдастығын жануарлар әлемінен ерекшелендіретін қасиет болып табылады: осы қасиеті арқылы адамдар өз өткеніне салиқалы қатынас жасайды, өзін-өзі таниды, өз бағытын айқындайды. Еске сақтау қабілетінен айрылған адам өзін-өзі түсінуден қалады, басқа адамдар арасынан өз орнын табу мүмкіншілігінен айрылады. Еске сақтау абстарктілеуден өзгеше: бұл адамзаттың өз басынан өткен өмір, оның өмірлік тәжірибесі. Тұтас адамзаттың өмірлік тәжірибесі – яғни, тұтас қоғамның тарихи тәжірибесі. Тарихи жадының қалыптасуы үшін үш фактордың болуы шарт: өткенді ұмыту; белгілі бір фактілер мен оқиғаларды түсіндірудің әртүрлі әдістерінің болуы; бүгінгі заманда өзекті болып отырған мәселелердің үдерісін өткен заманнан іздеп тауып, ашу.
Тарихи жады және ұмыту. Өткеннің белгілі-бір аспектілерін ұмытудың 3 түрлі себептері. Тарихи ұмыту тарихи жадының қажетті құрамдас бөлігі ретінде.

Тарихи жады және өткенді түсіндіру. Тарихи фактінің өзі және оның мағынасын түсіндіру. Тарихи құбылыс түсінігінің мағынасы. Түсіндірудің көпмодальдылығы: тарихи құбылыстың өзінің мағынасы; тарихи құбылысқа өткен уақыт факторын ескере отырып, болашақ ұрпақтардың беретін мағынасы; тарихи құбылысқа дербес идеологиялық және саяси мақсаттарын көздей отырып, өткен өмірдің беделін пайдалана отырып жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың беретін мағынасы. Тарихи мағынаға баға беру қажеттілігі мен оны жүзеге асыру. Тарихи оқиғаға баға берудің көпмодальдылығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет