Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы



бет10/33
Дата13.02.2017
өлшемі6,1 Mb.
#9181
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын


авиация персоналының кәсіптік даярлығының 
үлгілік бағдарламасына           
4-қосымша                 





Оқу пәндерінің атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердің әуе құқықтары мен нормативтік құқықтық актілері

ИКАО конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжірибеліктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.

2

Авиациялық-көлік жүйесінің жұмысындағы адам факторы

Авиациялық көлік және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде адам рөлінің әсерін зерттеу. Қауіптер мен қателіктерді басқару. Экипаждың ресурстары.

3

Ұшу қауіпсіздігінің негіздері

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін зерттеу. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын реттейтін нормативтік база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептері. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтік актілеріне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.

4

Еркін жылу аэростатында ұшу теориясының негіздері

Аэростатика және аэростаттың көтергіш күші. Халықаралық стандартты атмосфера. Биіктік, кернеу және температура арасындағы тәуелділік. Сыртқы ауа температурасы 15оС және биіктік теңіз деңгейінен Н=0 м болған жағдайда түрлі газдар үшін салыстырмалы көтергіш күштің мәні. Көтергіш күштерін ньютондардан килограммға ауыстыру. Қабығына ішкі қысым. Аэростаттың толық көтергіш күшінің сыртқы ауа температурасы мен қабық ішіндегі ауа температурасының айырмасына тәуелділігі. Салыстырмалы көтергіш күштің шамасы. Түрлі газдардың бір текше метрге шаққандағы салыстырмалы көтергіш күшінің мәні бойынша жылу аэростаттары мен газ аэростаттарының салыстырмалы тиімділігі. Ұшудың түрлі деңгейлерінде аэростатқа әсер ететін күштер. Жүктеудің есептеулері. Аэростаттың жылу балансы. Аэростаттың жылу балансының теңеуі. Ауаның жылу өткізу және кинематикалық жабысқақ коэфициенті. Жылу шығындары. Отын шығындарының (пропан-бутан қоспасы) Ра толық көтергіш күші мен сыртқы ауа температурасынан теориялық тәуелділігі. Қабықтың көлемі бойынша нақты температура мен аэростаттықтың арасындағы айырмашылық.

5

Әуе навигациясы

Әуе навигациясы теориясының негізгі ережелерін, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді зерттеу.

6

Авиациялық метеорология

Ұшуға негізгі метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктік процестердің, метеорологиялық элементтердің әсерін зерттеу. Әдістемені оқыту: авиация үшін қауіпті ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезінде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және білімдерін ұшу мүддесі үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалану.

7

Конструкция және еркін жылу аэростатын ұшуға пайдалану. Жердегі жабдықтар.

Аэростаттарды классификациялау. Қабық. Шілтер. Газ жабдықтары мен баллондар. Гондолдар. Құрал-жабдықтар блогы. Жердегі жабдықтар. Жерде және ауада пайдалану ережелері.

8

Электрлі, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану

Аспаптық, электрлі техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнін, жиынтығын және МДП орналасуын, аспаптар мен жүйенің күштік қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс істеу принциптерін ұшуды пайдалану ережелерін зерттеу.

9

ЕЖА пайдалану бойынша нұсқаулық

Пайдалану кезіндегі шектеулер және олардың физикалық мәні. Ұшу даярлық және есебі.Ұшу. Айрықша жағдайларда ұшу техникасы. ЕЖА жүйесі мен жабдықтарын пайдалану. Ұшу кезінде туындаған айрықша жағдайлар бойынша пилоттың әрекеті.

10

Апаттық-құтқару даярлықтары

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығы бойынша, еріктен тыс қондыру бойынша процедурасы даярлау. Жергілікті жерлерде өзінің тірі қалуы бойынша жаттығу.

11

Фразеология және радиотелефон байланысы

Терминдерді, белгілеулерді зерттеу және пилот пен ӘҚО органдары арасындағы радиоалмасу жүргізу ережелерін оқу.

12

Еркін жылу аэростатын техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын


авиация персоналының кәсіптік даярлығының 
үлгілік бағдарламасына           
5-қосымша                   





Оқу пәндерінің атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердің әуе құқықтары мен нормативтік құқықтық актілері

ИКАО Чикаго конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжірибеліктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.

2

Авиациялық-көлік жүйесінің жұмысындағы адам факторы

Авиациялық көлік және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде адам рөлінің әсерін зерттеу. Қауіптер мен қателіктерді басқару. Экипаждың ресурстары.

3

Ұшу қауіпсіздігінің негіздері

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін зерттеу. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын реттейтін нормативтік база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептері. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтік актілеріне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.

4

Аэродинамика негіздері және планердің тәжірибелік аэродинамикасы

Теориялық аэродинамика негіздерін және планердің тәжірибелік аэродинамикасын, ұшу аппараттарының ұшқанда ауамен ара-қатынасы кезінде, көлденең ұшу кезінде, маневрларды жасағанда, төмендегендегі, қонғандағы процестерін зерттеу.

5

Қалықтап ұшудың теориясы мен техникасы

Қалықтап ұшудың теориялық негіздері. Термикалық ағындағы қалықтап ұшудың негіздері. Қалықтап ұшудың классикалық теориясы (теория МАК-КРЕДИ) және оған толықтырулар. «Дельфин» стилімен ұшу стационарлық теориясының және қалықтаудың станционарлық емес режимінде қалықтау негіздері. Термикалық және тау толқындарынан шығатын ағындарынан арасынан қалықтау. Маршрут бойынша және бұлттар тізбегі арасында қалықтап ұшудың негіздері. Маршрут бағытына қарама-қайшы ағын тізбектерін қолдану.

6

Авиациялық метеорология

Ұшуға негізгі метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктік процестердің, метеорологиялық элементтердің әсерін зерттеу. Термикалық ағындардың шығу жағдайы және оларды пайдалану. Тік термикалық және динамикалық ағындар. Әдістемені оқыту: авиация үшін қауіпті ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезінде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және білімдерін ұшу мүддесі үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалану.

7

Әуе навигациясы және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясы теориясының негізгі ережелерін, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді зерттеу.

8

Конструкция және планермен ұшуды пайдалану

Конструкцияны, планердің төзімділігін және планермен ұшу ережесін зерттеу. Агрегаттар конструкциясы және әуе кемесінің негізгі тораптары.

9

Конструкция және мотопланерлерге арналған авиациялық қозғалтқыштарды ұшуға пайдалану

Конструкцияны және ішкі жану авиациялық піспекті қозғалтқышын ұшуға пайдалану ережесін зерттеу. Авиациялық жанар-жағармай материалдарының негізі түрлері мен арнайы сұйықтықтарды, олардың физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу.

10

Электрлі, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану

Аспаптық, электрлі техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнін, жиынтығын және планерде орналасуын, аспаптар мен жүйенің күштік қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс істеу принциптерін ұшуды пайдалану ережелерін зерттеу.

11

Планерді ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулық

Шектеулерді және планерді пайдалану ережелерін, ұшу кезіндегі айрықша жағдайда экипаждың әрекеттерін зерттеу.

12

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығы бойынша, еріктен тыс қондыру бойынша процедурасын даярлау. Жергілікті жерлерде өзінің тірі қалуы бойынша жаттығу.

13

Фразеология және радиотелефон байланысы

Терминдерді, белгілеулерді зерттеу және пилот пен ӘҚО органдары арасындағы радиоалмасу жүргізу ережелерін оқу.

14

Планерді техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын


авиация персоналының кәсіптік даярлығының 
үлгілік бағдарламасына         
6-қосымша                





Оқу пәндерінің атауы

Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердің әуе құқықтары мен нормативтік құқықтық актілері

ИКАО Чикаго конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжірибеліктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.

2

Авиациялық-көлік жүйесінің жұмысындағы адам факторы

Авиациялық көлік және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде адам рөлінің әсерін зерттеу. Қауіптер мен қателіктерді басқару. Экипаждың ресурстары.

3

Ұшу қауіпсіздігінің негіздері

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін зерттеу. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын реттейтін нормативтік база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептері. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтік актілеріне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.

4

Аэродинамика негіздері және ұшақтың тәжірибелік аэродинамикасы

Теориялық аэродинамика негіздерін және ұшақтың тәжірибелік аэродинамикасын, ұшу аппараттарының ұшқанда ауамен ара-қатынасы кезінде, көлденең ұшу кезінде, маневрларды жасағанда, төмендегендегі, қонғандағы процестерін зерттеу.

5

Авиациялық метеорология

Ұшуға негізгі метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктік процестердің, метеорологиялық элементтердің әсерін зерттеу. Термикалық ағындардың шығу жағдайы және оларды пайдалану. Тік термикалық және динамикалық ағындар. Әдістемені оқыту: авиация үшін қауіпті ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезінде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және білімдерін ұшу мүддесі үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалану.

6

Әуе навигациясы және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясы теориясының негізгі ережелерін, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді зерттеу.

7

Конструкция және ұшақпен ұшуды пайдалану

Конструкцияны, планердің төзімділігін және ұшақпен ұшу ережесін зерттеу. Агрегаттар конструкциясы және әуе кемесінің негізгі тораптары.

8

Конструкция және авиациялық қозғалтқыштарды ұшуға пайдалану

Конструкцияны және ішкі жану авиациялық піспекті қозғалтқышын ұшуға пайдалану ережесін зерттеу. Авиациялық жанар-жағармай материалдарының негізі түрлері мен арнайы сұйықтықтарды, олардың физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу.

9

Электрлі, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану

Аспаптық, электрлі техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнін, жиынтығын және ұшақта орналасуын, аспаптар мен жүйенің күштік қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс істеу принциптерін ұшуды пайдалану ережелерін зерттеу.

10

Ұшақты ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулық

Шектеулерді және ұшақты пайдалану ережелерін, ұшу кезіндегі айрықша жағдайда экипаждың әрекеттерін зерттеу.

11

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығы бойынша, еріктен тыс қондыру бойынша процедурасын даярлау. Жергілікті жерлерде өзінің тірі қалуы бойынша жаттығу.

12

Фразеология және радиотелефон байланысы

Терминдерді, белгілеулерді зерттеу және пилот пен ӘҚО органдары арасындағы радиоалмасу жүргізу ережелерін оқу.

13

Ұшақты техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.

Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
contents -> «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
contents -> «Жолға арналған техникаларды пайдалану және жөндеу» кәсіби стандарты
contents -> 10 Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы қазан Атырау қаласы әкімдігі 11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет