Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы



бет30/33
Дата13.02.2017
өлшемі6,1 Mb.
#9181
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33



№ р/н

Модуль 13. ӘК – аэродинамика, құрылым және жүйе

Аталған модуль В2 санатына қолдануға арналған.

Деңгей/Level

В2

1.

Ұшу теориясы





Ұшақтың аэродинамикасы және басқару органдары
Пайдалану және әсер ету:
- кренмен басқару: элерондар мен спойлерлер;
- тангажбен басқару: биіктік рулі, тұрақтандырғыш, тұрақтандырғыш еңісінің өзгеруі және «үйрек» сызбасындағы әуе кемесі;
- курсты басқару, бағыттау рөлінің шектеулері;
Элевондар, ruddervators арқылы басқару;
Көтергіш күшті ұлғайту конструкциясы, саңылау, қанатасты, қанатүсті, флаперондар;
Тежеу шақыратын конструкция: спойлерлер, тежегіш қалқаншалар, ауамен тежегіш;
Триммерлер жұмысы және әсері, серво-триммерлер, еңіс қабаттарды басқару;
Жоғары жылдамдықта ұшу
Дыбыс жылдамдығы, дауысқа дейінгі ұшу, дауыс айналасында ұшу, дауыстан жылдам ұшу;
Маха сана, Маха сындарлы саны;
Айналмалы қанаттың аэродинамикасы
Терминология;
Біріге және қарсы-айналуды басқару айналымын пайдалану және әсері.

1
 
 
 
 
 
 

1
 
 


 

1


2.

Құрылым – жалпы тұжырым
Конструкция жүйесінің негізі
Аймақ және орналасу орны бойынша анықтау жүйесі;
ӘК электрлі металлдау;
Найзағайдан қорғанысты қамтамасыз ету.

1

2


3.

Автопилот (АТА22)
Автоматты ұшуды басқарудың негізгі, оған қоса жұмыс прициптері және ағымдық терминология;
Дабылды басқарушыларды өңдеу;
Пайдалану режимдері: крен, тангаж және курс арналары;
Іздеу демпфері;
Тікұшақтағы тұрақтандырғыш көтергіш жүйесі;
Триммермен автоматты басқару;
Навигациялық құрылғының автопилотпен әрекеттесуі;
Авторотация жүйесі;
Автоматты қондыру жүйесі: принциптер мен санаттар, пайдалану режимдері, ену, глиссада, қону, 2-ші айналымға кету, іздестіру жүйесі және бас тарту шарты.

3

4.

Байланыс/Навигация (АТА23/24)
Радиотолқындарды тарату негіздері, антенналар, тарату желісі, байланыс, қабылдағыштар мен таратқыштар;
Төмендегідей жүйелердің жұмыс принциптері:
- Ультрақысқа байланыс(VHF),
- Қысқатолқынды байланыс (HF),
- Дауыс жазбасы,
- Апаттық радиомаяк,
- Пилоттар кабинасындағы дыбыс хабарламаларын тіркегіш,
- Ультрақысқатолқынды жан-жаққа жолданған маяк (VOR);
- Автоматтық радиокомпас (ADF);
- Қонудың аспаптар жүйесі( ILS);
- Қонудың қысқатолқынды жүйесі (MLS);
- Ұшуды басқарудың директорлық жүйесі, қашықтық өлшегіш (DME),
- Аса төменгі жиіліктегі және гиперболалық навигация (VLF/Omega),
- Допплерлік навигация,
- RNAV жүйесінің зоналық навигациясы,
- Ұшуды үйлестіру және ұйымдастыру жүйесі,
- Ғаламдық позициялау жүйесі(GPS),
- Спутникті ғаламдық навигациялық жүйе(GNSS),
- Инерциальді навигациялық жүйе,
- Ұшақ автожауап бергіші, екінші радиолокация құрылғысы,
- Ұшақтардың әуеде соқтығысып қалмауын ескертетін жүйе (TCAS),
- Ауа райы радиолокаторы,
- Радиобиіктікөлшегіш,
- ARINC стандартында байланыс, мекенжайлық және мәліметтерді беру жүйесі.

3

5.

Электрмен жабдықтау(АТА24)
Батареяларды орнату және пайдалану;
Тұрақты токты генерирлендіру;
Ауыспалы токты генерирлендіру;
Электрмен жабдықтаудың апаттық көздері;
Кернеуді реттеу;
Қуатты бөлу;
Инверторлар, трансформаторлар, түзеткіштер;
Электр тізбектерінің қорғанысы;
Сыртқы/жерүсті қайнаркөздері.

3

6.

Жабдықтар және өңдеу (АТА25)
Апатты-құтқару жабдықтарына қойылатын талаптар;
Жолаушылардың көңілін көтеретін жабдықтар.

3

7.

Басқару органдары (АТА27)
Бастапқы басқару: элерондар, биіктік рөлдері, бағыттау рөлдері, спойлерлер;
Триммероммен басқару;
Рөл үстіндегі жүктемемен басқару,
Көтергіш күшті арттыру құрылғысы;
Тежегіш қалқаншалар, ауамен тежегіш,
Жүйені пайдалану: қолмен басқару гидравликалық, пневматикалық,
Ұшу жүктемелері, іздеу демпфері; Маха санының триммері, бағыттау рөлінің шектегіші, рөлді бекіту жүйесі,
Құлдыраудан қорғаныс.
Жүйені пайдалану: электрлі, ұшақты электронды ұзақтан басқару жүйесі.

2
 
 
 
 
 
 

3


8.

Аспаптық жабдықтар жүйесі (АТА 31)
Классификация;
Атмосфера;
Терминология;
Қысымды өлшеу құрылғысы және жүйе;
Толық қысымды қабылдау жүйесі;
Биіктік өлшегіш;
Тік жылдамдықты өлшегіш;
Әуе жылдамдығының индикаторы;
Маха сандарын өлшегіш;
Биіктік туралы хабарлау/ескерту жүйесі;
Әуе мәліметтерінің жүйесі;
Қысым мен температураны тікелей санайтын датчиктер;
Температураны индикациялау жүйесі;
Отын көлемін индикациялау жүйесі;
Гироскоп принципі;
Авиакөкжиек;
Сырғанау индикаторы;
Гироскоптық курстық жүйе;
Жерге қауіпті жақындау жүйесі;
Компастар жүйесі;
Ұшу мәліметтері жазбасының жүйесі;
Ұшу параметрлері электрондық индикациясының жүйесі;
Ескерту жүйесі және шабуылдау бұрышының индикациясының жүйесі;
Тербелісті және индикацияны өлшеу;
Пилоттар кабинасын шынылау.

3

9.

Жарық беру (АТА33)
Сыртқы: навигациялық оттар, қону, рөлді бұру, мұз құрсанған аймақ;
Ішкі: жолаушылар салоны, пилоттар кабинасы, жүк бөлігі;
Апаттық.

3

10.

Техникалық қолдау көрсетудің борттық жүйесі (АТА45)
Техникалық қызмет көрсетудің орталық компьютерлері;
Мәліметтерді жүктеу жүйесі;
Электронды кітапхана жүйесі;
Баспа;
Конструкцияны іздестіру (бүлінулер ықтимал тұсты іздеу).

3

11.

Ауаның кондиционирленуі және үрлеу (АТА 21)

См.ниже

1)

Ауаның қайнаркөзі
Ауаның қайнаркөзі, оның ішінде қозғалтқыштан алу жүйесі, ӘКҚ және жердегі қайнаркөздер.

2

2)

Ауаның кондиционирленуі
Ауаның кондиционирленуі жүйесі;
Турбомұздатқыштар мен құрғатқыштар;
Бөлу жүйесі;
Ағыстарды, температураны және дымқылдануды басқару жүйесі.

2
3
1
3

3)

Үрлеу
Үрлеу жүйесі;
Басқару және индикация, оның ішінде басқару клапандары және қауіпсіздік;
Кабинадағы қысымды реттегіш.

3

4)

Хабарлау және қауіпсіздік конструкциясы
Қоғаныс және хабарлау конструкциясы

3

12.

Өрттен қорғану (АТА26)
(а)Өрт пен түтінді анықтау және ескерту жүйесі;
Өрт сөндіру жүйесі;
Тест жүйесі;
(b)Қозғалмалы өрт сөндіргіштер.

3
 

1


13.

Отындық жүйе (АТА28)
Жүйенің орналасуы;
Отын бактары;
Жабдықтау жүйесі;
Апаттық төгу, желдету және дренаж;
Отын бактарын сақиналау және отын сору;
Индикация және ескерту;
Отынды үстемелеп құю және төгу;

1
1
1
1
2
3
2
1

14.

Гидравликалық қайнаркөз(АТА29)
Жүйенің орналасуы;
Гидравликалық сұйықтықтар;
Гидравликалық сауыттар мен аккумуляторлар;
Қысым туғызу: электрлік, механикалық, пневматикалық;
Апатты қысым туғызу;
Фильтрлер;
Қысымға бақылау жасау;
Қуаттарды бөлу;
Индикация және ескерту жүйесі;
Басқа жүйелермен қатынасы.

1
1
1
3
3
1
3
1
3
3

15.

Мұз бен жауыннан қорғанысы (АТА30)
Мұзды қалыптастыру, классификация және анықтама;
Мұзданудан қорғау жүйесі: электрлік, ыстық ауаны пайдалану арқылы және химиялық;
Мұздануды жою жүйесі: электрлік, ыстық ауаны пайдалану арқылы және химиялық;
Жауынды кері тебу;
Датчиктер мен дренаждарды қыздыру;
Сыпырғыш жүйесі

2
2
3
1
3
1

16.

Шасси (АТА32)
Конструкция, амортизаторлар;
Жинау жүйесі және шығару – қалыпты және апатты;
Индикация және ескерту жүйесі;
Дөңгелектер, тежегіш, антиюздік жүйе және автоматты тежегіш жүйесі;
Шина;
Дөңгелектерді бұруды басқару;
Жер/ауа анықтағышы

1
3
3
3
1
3
3

17.

Оттегі (АТА35)
Жүйенің орналасуы: пилоттар кабинасы, жолаушылар салоны;
Қайнаркөздер, сақтау, қуаттандырғыш және бөлу;
Жабдықтауды реттеу;
Индикация және ескерту.

3
3
3
3

18.

Пневматика/Вакуум (АТА36)
Жүйенің орналасуы;
Қайнаркөздер: қозғалтқыш/ӘКҚ, компрессорлар, резервуарлар, жерүсті қайнаркөздері;
Қысымға бақылау жасау;
Бөлу;
Индикация және ескерту;
Басқа жүйелермен қатынасы.

2
2
3
1
3
3

19.

Су жүйесі және қалдықтарды жою жүйесі
(АТА38)
Жүйенің орналасуы, жабдықтау, бөлу, қызмет көрсету және төгу;
Әжетханалар жүйесінің орналасуы, жуу және қызмет көрсету.

2

20.

Радиоэлектрондық ықпалдастырылған модульдік жабдық (АТА42)
«Радиоэлектрондық ықпалдастырылған модульдік жабдық» (IMA) модуліне типтік ықпалдастырылған функция, олардың арасында:
Клапандарды басқару, ауа қысымын басқару, ауа желдету және басқару, радиоэлектрондық жабдықтар бөлігін және пилоттар кабинасын желдетумен басқару, температурамен басқару, ауа қозғалысы кезінде байланыс, авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтар байланысының тросшысы, жүктемені электрлендірумен басқару, торап қорғанысы автоматтарын іздеу, кіріктірілген бақылау жүйесі(BITE), отынмен басқару, тежегішпен басқару, шассидің алдыңғы тірегінің бұрылыстарын басқару, шассиді жинау және шығару, дөңгелектердің қысымын индикациялау, қатаң қысымды индикациялау, тежегіштердің температурасын бақылау және т.б
Орталық жүйе, торап компоненттері.

3

21.

Жолаушылар салонының жүйесі (АТА44)
Тораптары мен бөлшектері, ұшақтың жолаушылардың көңілін көтерумен байланысты қамтамасыз ету құралдары (Жолаушылар салонының ішкі байланыс және мәліметтерді беру жүйесі), ӘК жолаушылар салоны мен жердегі станса арасындағы байланыс жүйесі Жолаушылар салонының сервистік желісі). Жүйенің ішінде дауысты беру, мәліметтер, музыка бейнеқойылым бар.
Жолаушылар салонының ішкі байланыс және мәліметтерде беру жүйесі пилоттар кабинасындағы экипаж мүшелері мен жолаушылар салоны және ӘК жолаушылар салоны жүйесін өзара байланыстырып тұрады. Бұл жүйе пайдалануға беру кезінде ауыстырылатын түрлі блоктардың мәліметтерімен (LRU) бортсеріктер панелі арқылы алмасуға мүмкіндік береді.Жолаушылар салонының сервистік желісі типтік  жағдайда, әдетте, бәрінен бұрын мына жүйелермен әрекеттеседі:
- Мәліметтерді беру/Радиобайланыс, ұшу кезінде Жолаушылардың көңілін көтеру жүйесі.
Жолаушылар салонының сервистік желісі мына жүйелердің арасында жетекші болуы мүмкін:
- Ұшар алдындағы есеп беруге/ұшу сәтіндегі есеп беруге қолжетімділік;
- Электронды поштаға/интернетке/интранетке қолжетімділік;
- Жолаушылардың мәліметтер базасы;
Жолаушылар салонының орталық жүйесі;
Жолаушыларға арналған көңіл көтеру жүйесі;
Ішкі байланыс жүйесі;
ӘК бортында электрондық құжаттарды сақтау жүйесі;
Жолаушылар салонының іздеу жүйесі;
Жолаушылар салонының басқа жүйелері;

3

22.

Ақпараттық жүйе (АТА46)
Сақтаудың құрамдас бөліктері болатын тораптары мен бөлшектері, әдетте қағаз тасығыштармен қамтамасыз етілетін сандық ақпараттарды жаңарту және алу, микрофильмдер мен микрофиштер. Жүйеге ӘК бортындағы электрондық құжаттарды сақтайтын электронды кітапхана мен бақылаушы сияқты ақпараттық сақтау және жаңартушы ретінде анықталатын блок енеді. Ол басқа пайдалануға арналған блоктар мен компоненттерге енбейді және пилоттар кабинетіндегі принтерге немесе жалпы қолданыстағы дисплей сияқты басқа жүйелерге қосыла алады.
Типтік мысал Әуе қозғалысын басқару жүйесі мен ақпараттық басқару және Серверлік желілер жүйесін қосады.
ӘК жалпы ақпараттық жүйесі;
Пилоттар кабинасының ақпараттық жүйесі;
ӘК техникалық қызмет көрсету жағдайының ақпараттық жүйесі;
ӘК жолаушылар салонының ақпараттық жүйесі;
Басқа жүйелер.

3





Модуль 14. Күштік қондырғы

Аталған модуль В2 санатына қолдануға арналған.

Деңгей/Level

В2

1.

Реактивті қозғалтқыштар
(а) Конструкция классификациясы және турбореактивті, турбовентиляторлық, еркін турбиналық, турбопропеллерлік қозғалтқыштарды пайдалану;
(b) Қозғалтқыш пен отынды өлшеуді электрондық басқару жүйесі (FADEC).

1

2


2.

Қозғалтқыштарды индикациялау жүйесі
Кіретін газ температураларын/турбина каскадтары арасындағы температураны өлшеу жүйесі;
Қозғалтқыш айналымы;
Қозғалыс тарпа күшін индикациялау: қозғалтқыштағы қысым арақатынасының коэффициенті, турбинадан немесе реактивті құбырдан қысым шығару жүйесі;
Май қысымы және температура;
Отын қысымы, температура және шығын;
Магистралдағы қысым;
Қозғалтқыштың айналмалы сәті;
Ауа бұрандасының айналымы.

2

3.

Іске қосу және оталдыру жүйесі
Іске қосу жүйесін пайдалану және оның компоненттері;
Оталдыру жүйесі және оның компоненттері;
Техникалық қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша талап.

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет