Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#420
1   2   3   4

Әдебиеттер:

  1. Ойшыбаев Бақтығұл: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-417 б.

  2. Боранқұл А. Журналистиканың тарланы: [журналист Бақтығұл Ойшыбаев туралы] //Айна.-2010.-24 маусым.-7 б.

  3. Боранқұл А.Алғыр журналист, талантты жазушы//Орал өңірі.-2007.-23 маусым.-3 б.

  4. Кенжеғалиев М. Қысқа ғұмырдың қимас күндері: [ақын Бақтығұл Ойшыбаев туралы]//Орал өңірі.-2010.-22 сәуір.-10 б.

  5. Қуатов Б. Қарымды қаламгердің құрметіне: [журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев жайында] // Информбиржа.-2010.-27 мамыр.-31 б.

  6. Нарымбайұлы А. Сырымдағы сағынышқа толы кеш: [журналист, жазушы Бақтығұл Ойшыбаевты еске алу кеші өтті] // Жайық үні.- 2010.-20 мамыр.-6 б.

  7. Нарымбайұлы А. Турашыл мінезінен таймаған тұлға: [журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев туралы] // Жайық үні.-2010.-6 мамыр.-10 б.

  8. Рашид Ғ. Ойшыбаевқа арналған ойлы кеш: [жазушы-журналист Бақтығұл Ойшыбаев] // Орал өңірі.-2010.-18 мамыр.-4 б.

  9. Шыңғали Э. Өмір белестері: [жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаев жайында] // Айна.-2010.-13 мамыр.-10-11 б.



20 ақпан МУСИН ЧАПАЙ

туғанына 80 жыл (1935-2009)




Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мусин Чапай Ғабдығалиұлы 1935 жылы 20 ақпан күні Сырым ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-ді бітірген . 1956 -1959 жылдары Жамбыл облыстық Фурманов селосындағы орта мектептің мұғалімі, 1959-1963 жылдары Жамбыл облысында комсомол жұмысыңда, 1963-1966 жылдары Жамбыл гидромелиорат. құрылыс институтының аға оқытушысы, 1969-1975 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, 1975-1982 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының доценті, 1982-86 жылдары Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының, 1986 жылдан Қазақ ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі.



Әдебиеттер:

  1. Мусин Чапай: [Өмірдерек] //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-395 б.

  2. МадановХ., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы: оқу құралы.-Алматы, 1994.-272 б.

  3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы: оқулық.-Алматы, 2003.-463 б.

7 наурыз КУШАЕВ ҒАЯЗ

туғанына 90 жыл (1925-1992)


Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі Кушаев Ғаяз Абдувалиевич 1925 жылдың 7 наурызында Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1953 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген.

1945-1965 жылдары Қазақстан ҒА-ның Тарих институтында ғылыми қызметкер, 1967-1992 жылдары Орал педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болған. Оның ғылыми жұмыстары Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ежелгі тарихын археологиялық тұрғыдан зерттеуге арналған. «Іле» және «Тува-моңғол» атты ғылыми-археологиялық экспедициясына қатысқан, Батыс Қазақстан өңірінің ежелгі мәдениетін зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Көне ескерткіштер жөнінде мол материал жинақтап, қорыту нәтижесінде тұңғыш рет Орал облысының археологиялық картасын жасады.

Ғаяз Абдувалиевич «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

Әдебиеттер:__Кушаев_Ғаяз_Абдувалиевич:_өмірдерек_//_Батыс_Қазақстан_облысы:_энциклопедия.-Алматы,_2010.-326-327_б.___13_наурыз_ОСПАНОВ_ҚАБАШ'>Әдебиеттер:


  1. Кушаев Ғаяз Абдувалиевич: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-326-327 б.


13 наурыз ОСПАНОВ ҚАБАШ

туғанына 100 жыл (1915-1970)


Мемлекет қайраткері Оспанов Қабаш 1915 жылы 13 наурызда Бөкей ордасы ауданының Азғыр ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, 1936 жылы Астархан ВТУЗ-ының технология факультетін бітірген. 1936-1945 жылдары Бөрлі ауданындағы орта мектепте, аудандық атқару комитетінде, сондай-ақ Орал облыстық партия комитетінде жұмыс істеген. Кейін Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының партия-кеңес органдарында, 1958-1970 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде, Ақмола өлкелік астық дайындау басқармасында, Қазақ КСР Дайындау министрлігінде және ауыл құрылысы министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. Бірнеше орден, медальмен марапатталған.

Алматы қаласындағы Қабаш Оспанов тұрған үйге (Фурманов және Жамбыл көшелерінің қиылысында) ескерткіш тақта орнатылған.


Әдебиеттер:

  1. Оспанов Қабаш: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-439- 440 б.



14 наурыз ЖАНТИКИН МИФТАХ

туғанына 90 жыл (1925-1992)


Журналист, аудармашы Жантикин Мифтах 1925 жылы 14 наурызда Бөкей ордасы ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Жиекқұмдағы 7 жылдық мектепті бітірген. 1941 жылы майданға аттанған ағасы Масин Темір Жантекеұлының орнын басып, отбасына көмектесу үшін Орда ауданындағы «Осоавиахим» кеңесіне жұмысқа орналасты.

1943 жылы өз тілегі бойынша әскер қатарына алынып, Уфа жаяу әскер училищесінде оқыды. 4-оқу бригадасының 138-мергендер полкінің құрамында соғысқа кірісіп, Украина, Молдова, Польша жерлерін азат етуге қатысты. 1946 жылы ақпанда денсаулығына байланысты әскери қызметтен босап, туған жері Ордаға оралып, аудандық «Жаңа жол» газетінің жауапты хатшысы, кейін редакторы болады.

1948-1950 жылдары республикалық жоғарғы партия мектебінде оқиды. 1950-1952 жылдары Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1952 жылы Қазақстан КП ОК-тінде, Алматы облыстық газетінің «Үгітші блокноты» журналының редакцияларында, сондай-ақ 1958-1981 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Қазақ радиосында лауазымды қызметтер атқарды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнет демалысына шыққанға дейін Қазақ КСР үкіметі қаулылары жинағының бас редакторы болған.

Мифтах Жантикин «Жауынгерлік даңқ шежіресі» кітабында өзінің майдан жолы, қарулас достары, ержүрек қазақ жауынгерлері туралы әңгімелейді. Ол 3-дәрежелі Даңқ және Отан соғысы ордендерімен, бірнеше жауынгерлік медальмен марапатталған. Сонымен қатар П. Мальковтің «Москва Кремлі комендантының жазбаларын», Ф. Селивановтың «Панфиловшыларын» және т.б. шығармаларды қазақшаға аударған.


Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Бюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 4-ый квартал 2012 года
kaz -> Шыңғырлау аудандық окж-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар. «Бір ел – бір кітап»
kaz -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
kaz -> Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
kaz -> Сырым аудандық окж бойынша «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің
kaz -> Қуатов Б. Ұмытылмас ұлағатты тұлға
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет