Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#420
  1   2   3   4
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ

Ж. МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі


Знаменательные и памятные даты

по Западно-Казахстанской области

на 2015 год

Орал, 2014



УДК 016:908

ББК 91.1

Б 28
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі / Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год /құраст: С.С. Иргалиева, Д.С.Шакелова; ред.: Ш.К.Уразаева, С.К.Кенжебаева; Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК.- Орал, 2014.-130 б.

© Ж.Молдағалиев атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасы, 2014


АЛҒЫ СӨЗ
1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегін шығарып келеді.

Күнтізбеге тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, облыстың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан ұйымдардың, өңіріміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді.

Күнтізбе «2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Бірқатар айтулы күндерге өткен жылдарда шығарылған құралдарына сілтеме жасалынды.

Көрсеткіштің мақсаты өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелерін және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Айтулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді. Іріктеу жұмысы 2014 жылғы сәуір айында аяқталды.

Көмекші құрал ретінде есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.

Өлкетанушылардан, облыс жұртшылығынан, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап көмек беруіңізді өтінеміз.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегінің» электрондық нұсқасы Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының www.zkolib.kz. сайтында орналасқан.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңізбен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады.

417000 Орал қаласы, Карев көшесі 47 үй

Ж. Молдағалиев атындағы БҚ ОӘҒК
Тел.: 50-35-09; 50-75-49; 51-51-53.

E-mail: info@zkolib.kz




2015 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР
Қаңтар
*5 қаңтар – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935-2011).
15 қаңтар – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, журналист Дауымов Сатыбалдының туғанына 80 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1935-2004). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
25 қаңтар – Күйші-қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әжімұратов Қуаныштың туғанына 70 жыл, Сырым ауданының тумасы (1945-2000).
28 қаңтар – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Айталиев Шмидт Мұсаұлының туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1935-2007). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
31 қаңтар - Ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ақмамбетов Ғалихан Ғаламғалиұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935).
Ақпан
1 ақпан – Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері Мырзағалиев Тауасихтің туғанына 85 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1930).
*5 ақпан - Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ойшыбаев Бақтығұлдың туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1940-1997).

*20 ақпан – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мусин Чапай Ғабдығалиұлының туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1935-2009).
Наурыз
*7 наурыз – Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Кушаев Ғаяз Абдувалиевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1992).
8 наурыз – Композитор, хор дирижері Культюшнов Николай Николаевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1993).

10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы «Бөкей Ордасы» ауданы деп атала бастағанына 15 жыл (2000).
*13 наурыз – Мемлекет қайраткері Оспанов Қабаш Распайұлының туғанына 100 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1915-1970).
*14 наурыз - Журналист, аудармашы Жантикин Мифтах Қуанышқалиұлының туғанына 90 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1925-1992).
14 наурыз - Генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Өтегенов Наурыз Әлжанұлының туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-2005).
19 наурыз – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қажымұратов Сердештің туғанына 65 жыл, Казталов ауданының тумасы (1950). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
Сәуір
*3 сәуір – Ақын Жұмағалиев Абдолланың туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1915-1942).
24 сәуірТілші-ғалым, қазақ тілінің сөздігін құрастырушыларының бірі Неталиева Қанапияның туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1925).
26 сәуір – Тілші-ғалым, филология ғылымының докторы Манкеева Жамал Айтқалиқызының туғанына 65 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1950).
Сәуір – Қазіргі «Уралречфлот» АҚ құрылғанына 95 жыл (1920).

Мамыр
9 мамыр – Жайық өзені жағалауында орнатылған Жеңіс мемориалы ескерткішінің құрылғанына 35 жыл (1980).
24 мамырСуретші Садомсков Анатолий Яковлевичтің туғанына 75 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1940-1996).
24 мамырОрыс жазушысы Шолохов Михаил Александровичтің дүниеге келгеніне 110 жыл (1905-1984). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)

31 мамыр - Өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Чесноков Николай Григорьевичтің туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумасы (1925).
Маусым
18 маусым - Жазушы, журналист Доронин Геннадий Николаевичтің туғанына 70 жыл, Орал қаласының тумасы (1945). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
*20 маусым – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлының туғанына 75 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1940).
Шілде
20 шілде – Журналист, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Пышкин Борис Борисовичтің туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумасы (1930-1996).
23 шілде – Композитор Бақтыгереев Темірәлінің туғанына 65 жыл, Казталов ауданының тумасы (1950).
Тамыз
15 тамыз – Кеңес Одағының Батыры Губарев Григорий Мироновичтің туғанына 90 жыл (1925-1998).
17 тамыз – Социалистік Еңбек Ері Нагурный Владимир Александровичтің туғанына 80 жыл, Теректі ауданының тумасы (1935-2001).
29 тамыз - Кеңес Одағының Батыры Куличев Иван Андреевичтің туғанына 100 жыл (1920-1979).
30 тамыз – Жазушы Еркебаев Сайымжан Нұрсейітұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1935-1997).
Қыркүйек
1 қыркүйек – Кеңес Одағының Батыры Стрелец Дмитрий Лаврентьевичтің туғанына 95 жыл (1920-1998). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
*13 қыркүйек - Өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Махымов Темірболаттың туғанына 75 жыл, Бөкейордасының тумасы (1940-2009).
*15 қыркүйек – Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң қызметкері Жақыпов Хабидің туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1915-2002).
15 қыркүйек – Журналист, ақын Исағалиев Қуаныштың туғанына 75 жыл, Шынғырлау ауданының тумасы (1940-2012).
16 қыркүйек - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Елагин Андрей Сергеевичтің туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумасы (1920-1993).
17 қыркүйек«Оралагрожөнмаш» ААҚ (Орал жөндеу зауыты) кәсіпорнының құрылғанына 60 жыл (1955). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
26 қыркүйек – Белгілі өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Зарипов Ғұмар туғанына 110 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1905-1975).
Қазан
5 қазан – Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Молдағалиев Жұбанның туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1920-1988). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
6 қазанБатыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 15 жыл (2000).
6 қазан – Орал қаласында Ж. Молдағалиев ескерткіші ашылғанына 15 жыл (2000).
7 қазан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Омарғалиев Мақсот Константинұлының туғанына 70 жыл (1945). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
*13 қазан – Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, экономист Ахметов Ким Ғұсманұлының туғанына 85 жыл, Сырым ауданының тумасы (1930-2010).
*23 қазан – Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы Атоян Петр Александровичтің туғанына 100 жыл, Орал қаласының тумасы (1915-2003).
Қараша
*13 қараша - Әнші, композитор Хасанғалиев Ескендірдің туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1940).
21 қараша – Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қадырбаева Айсұлудың туғанына 65 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1950). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
26 қараша – Еңбек ардагері, Орал қаласының тұрғыны Батыров Мақсоттың туғанына 85 жыл (1930).
28 қараша – Аудармашы, баспагер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Иманғалиев Қибат Бәйішұлының туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1930-2000).
Желтоқсан
1 желтоқсан – Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Қанатбаева Әсия Бәкіқызының туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1940).
15 желтоқсан – Еңбек ардагері, Орал облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы болған Сыздықов Қимаддиннің туғанына 100 жыл (1915).
15 желтоқсанОрал газ-мұнай және салалық технология колледжінің (бұрынғы Ауыл шаруашылық колледжі) құрылғанына 65 жыл (1950).
16 желтоқсан – Ғалым, ауыл шарушылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбуғалиев Ізтілеудің туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1930-2004).
16 желтоқсан – «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын, әнші, күйші Ғұбайдуллин Аманжолдың туғанына 65 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1950-1994).
21 желтоқсан – Ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі Камалов Сухан Мақсотұлының туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1935). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
23 желтоқсан - Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс қайраткері Ипмағамбетов Меңдігерейдің туғанына 140 жыл, Орал қаласының тумасы (1875-1919). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)
ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ БЕЛГІСІЗ ҚАЙРАТКЕРЛЕР, МЕКЕМЕЛЕР МЕН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР ТІЗІМІ


  • Кіші жүз ханы Айшуақ ханның туғанына 295 жыл (1720-1810).




  • Би Шүкірәліұлы Көбектің туғанына 255 жыл Батыс Қазақстан облысының тумасы (1760-1825).




  • Кіші жүз ханы Абылғазыұлы Арынғазының туғанына 230 жыл (1785-1833).




  • Кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор Айшуақов Баймағамбеттің туғанына 225 жыл (1790-1847).




  • Батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан Үсеұлы Үбінің туғанына 225 жыл (1790-ө.ж.б.).

- Жергілікті тарихшы, өлкетанушы Савичев Никита



Федоровичтің туғанына 195 жыл (1820-1885).


  • Күйші-композитор Шығайұлы Дәулеткерейдің

туғанына 195 жыл (1820-1887). (Қараңыз: 1995

жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


  • Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Бекмұхамбетов Мақаш Шолтырұлының туғанына 185 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1830-1904). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)

- Ақын Қожамбайұлы Қашқынбайдың туғанына

185 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1830-1870).

- Сыбызғышы, күйші Сармалайдың туғанына 180

жыл, Казталов ауданының тумасы (1835-1885).

(Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы

бойынша...)
- Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан

әскери қайраткер Бөкеев Ғұбайдолла



Жәңгірұлының туғанына 175 жыл, Бөкейорда

ауданының тумасы (1840-1909).


- Белгілі ботаник Леман Александрдың Орал

қаласында болғанына 175 жыл (1840).


- Географ, этнограф Ханыков Яков

Владимировичтің Орал қаласында болғанына 175

жыл (1840).


- Орал қаласындағы С. М. Киров атындағы

мәдениет демалыс паркінің құрылғанына 175 жыл

(1840).
- Күйші Асанов Жақияның туғанына 160 жыл,

Жәнібек ауданының тумасы (1855-1920).


  • Көтібарұлы Есеттің басшылығымен Кіші жүзде

ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 160 жыл (1855-

1857).



  • * Қоғам қайраткері, заңгер ағартушы-демократ Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлының туғанына 155 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1860-1934).




  • Күйші, домбырашы Бөкейханов Науша Мырзагерейұлының туғанына 145 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1870-1944).

- Жоғары білімді алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі

Батыс Алашорда қайраткері Күсепқалиев

Дәулетшенің туғанына 145 жыл (1870-1944).


  • * Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Қараш Ғұмардың

туғанына 140 жыл, Жәнібек ауданының тумасы

(1875-1921).




  • Социалистік Еңбек Ері Абдуллин Ғұсманның туғанына 130 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1885-1965).




  • Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың жоғары білімді алғашқы мал дәрігерлерінің бірі Бердиев Ғұбайдолла Есқалиұлының туғанына 130 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1885-1921).




  • Күйші-композитор Салауаткерейдің туғанына 130 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1885-1915).




  • Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы арнайы білімді әскери мамандарының бірі Тәтібаев Қазмұхамед Мұқанұлының туғанына 130 жыл,

Батыс Қазақстан облысының тумасы (1885-1962).


  • Күйші-композитор Бөкейханов Махамбет

Нұрмұхаметұлының туғанына 125 жыл, Жәнібек

ауданының тумасы (1890-1937). (Қараңыз: 1995



жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)


  • 1916 жылғы Қаратөбе аймағының Соналы болысындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі – Дәуешов Сенғалидің туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1890-1928).




  • Батыс Қазақстан аймағына танымал көріпкел әулие, тәуіп, сынықшы Жұмалиұлы Арыстанның туғанына 125 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1890-1976).




  • Алаш қозғалысына қатысушы, қазақтың арнаулы білімді алғашқы әскери мамандарының бірі Сарбөпин Нұғыманның туғанына 125 жыл, Батыс Қазақстан облысының тумасы (1890-1918).




  • Социалистік Еңбек Ері Сержанов Мәмбеттің туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1890-1954).


- Орда орман шаруашылығының құрылғанына 125

жыл (1890).


- Тоқай Ғабдолланың Орал қаласында тұрғанына

120 жыл (1895-1907).




  • «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын Досқалиев Мектептің туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1920-1985).

- Орал қаласында наркологиялық диспансер



орталығының ашылғанына 95 жыл (1920).


  • Кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек

сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның

киномотография үздігі Айтушев Фазылдың

туғанына 90 жыл, Жәнібек ауданының тумасы

(1925-1988).




  • А. Островский атындағы облыстық драма театрының әртісі Акимова Зинаида Михайловнаның туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумасы (1925-1983).

  • Үшінші дәрежелі солдат даңқы ордендерінің иегері, талантты журналист, жазушы Балашов Александр Георговичтің туғанына 90 жыл, Орал қаласының тумасы (1925-1999).

- Кеңес Одағының Батыры Зрелов Иван



Петровичтің туғанына 90 жыл (1925-1983).
- Орыс жазушысы Иванов Всеволодтың Орал

қаласына тоқтағанына 90 жыл (1925).




  • Орал қаласында "Динамо" - облыстық спорт

қоғамының құрылғанына 90 жыл (1925).


  • Облыстық туберкулез диспансерінің ашылғанына 90 жыл (1925). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...)




  • Социалистік Еңбек Ері Әбілғазиев Бақтығалидың туғанына 85 жыл, Теректі ауданының тумасы (1930).

- Ақын, журналист Әбілов Хамиттің туғанына 85

жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1930-1998).


  • Еңбек ардагері, қоғам қайраткері Мұхамбетов Айсағали Әбілхасымұлының туғанына 85 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1930).

- Жаңақала ауданының құрылғанына 85 жыл (1930).




  • Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, палуан Абдолов Ыбырайым Төлеуғалиұлының туғанына 80 жыл, Тайпақ ауданының тумасы (1935).




  • КСРО-ның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, ғалым-маман Айтасов Мүсір Иманқұлұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1935).




  • Күйші Аюпов Биболат Насырұлының туғанына 80 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1935-1969).




  • Ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Бозов Нұрбек Сафиұлының туғанына 80 жыл, Зеленов (Приурал) ауданының тумасы (1935).




  • Ғалым, география ғылымының докторы Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлының туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1935).




  • Палуан, еркін күрестен спорт шебері Мұқашев Сайлау Төленғалиұлының туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1950).

- Орал қаласында онкологиялық диспансерінің

ұйымдастырылғанына 65 жыл (1950).


  • Композитор Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлының туғанына 60 жыл, Казталов ауданының тумасы (1955).




  • Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы Орал қаласында құрылғанына 55 жыл (1960).

- Орал қаласында екінші кәсіптік-техникалық



лицейдің ашылғанына 55 жыл (1960).
- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының

ашылғанына 55 жыл (1960).


- ТЭЦ-тің құрылғанына 55 жыл (1960).

анықталғанына 55 жыл (1960).


  • «Красный маяк», (қазіргі Тасқала ауданының Ақтау ауылы) ауылының құрылғанына 50 жыл (1965).

- Орал нан комбинатының құрылғанына 50 жыл

(1965).



  • Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту

жұмыстарының ғылыми-әдістемелік орталығы

жанынан «Ақжайық» ансамблі құрылғанына 40 жыл

(1975).
- Орал қаласындағы көрме залына 35 жыл (1980).


  • Ардагерлер ұйымының Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрылғанына 30 жыл (1985).




  • Теректі ауданында «Дубров» ботаникалық қорықшасының құрылғанына 30 жыл (1985).




  • «Қазақ тілі» облыстық қоғамдық ұйымының құрылғанына 25 жыл (1990).


- «Нарын» қоғамдық қозғалысына 25 жыл (1990).

(Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы

бойынша...)


  • «Оралэнерго» ААҚ компаниясының құрылғанына 25 жыл (1990).




  • Зеленов ауданындағы «Селекционный» ботаникалық қорықшасының

ұйымдастырылғанына 25 жыл (1990).


  • Батыс Қазақстан облыстық «Ғылым» қоры

құрылғанына 20 жыл (1995).


  • «Ковчет-тапан» - облыстағы армян диаспорасы мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл (1995).




  • Ресей мен Қазақстан арасындағы консулдықтардың – РФ консулдығы Орал қаласында, ҚР консулдығы Астрахан қаласында ашу туралы келісімге қол

қойылғанына 15 жыл (2000).

Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша

анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген


5 қаңтар МЫРЗАЛИЕВ ҚАДЫР

туғанына 80 жыл (1935-2011)


Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған "Балдырған" балалар журналында бастаған. Кейін "Жұлдыз" журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды.

1968-1973 жылдары "Жазушы" баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы "Пионер" журналында жарияланды.

Ақынның 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары жарық көрді. Қазақ әдебиетінің майталманы атанған жазушының "Көктем" (1959), "Данышпан" (1961), "Сабақ", "Ой орманы" (1965), "Дала дидары" (1966), "Бұлбұл бағы" (1967), "Ақ отау" (1968), "Күміс қоңырау", (1970), "Домбыра" (екі кітап, 1971 және 1974), "Кеш" (1973), "Жерұйық" (1976), "Қорамсақ", "Көкпар", "Қызыл кітап", "Алақан" (1981), "Сөз сиқыры" (1982), "Күндер-ай" (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары ақынның таңдамалы шығармаларының бес томдығы жарық көрді. 2001 жылы "Қазығұрт" баспасынан 15 томдығы шықты.

Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар бірнеше пьесасы сахнада қойылды.

Ақынға 1966 жылы "Ой орманы" жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы "Жерұйық" жыр кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі, 1966 жылы Қазақстан Лениндік комсомолы премиясының лауреаты атанды, 1980 жылы Қазақстанның мемлекеттік премиясын, тәуелсіз "Тарлан" және «Дарабоз» сыйлығын алды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Парасат» орденімен марапатталды.


Әдебиеттер:

  1. Мырза Әли Қадыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-406 б.

  2. Әбілұлы М. Қадыр Мырза Әлидің "Күлтегін" жыры: [ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Ұлағат.-2013.-№5.-45-50 б.

  3. Бейісбай С. Сәттер өтіп барады - ау..: [бұлбұл ақын, дүлдүл ақын Қадыр Мырза-Әлімен театрда өткен соңғы сыр-сұхбаттан түйген ой] // Егемен Қазақстан.- 2013.- 20 тамыз.-5 б.

  4. Ғилымханов М. Туған жер сағынышы: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

  5. Ержанова А. Ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

  6. Есенғалиева М. "Жырымен жас ұрпақты тербеткен": [ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Орал өңірі.-2014.-25 қаңтар.-5 б.

  7. Зұлпақарова Ж. Қазақтың Қадыры: [өлең] // Самал.-2014.-12 ақпан.-1 б.

  8. Кемелбаева А. Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтар әлемі: [жұмбақтар жанрының ғылыми негізі мен әдеби үндестігі хақында] // Әлем әдебиеті.-2013.- №1.-203-221 б.

  9. Қадыр Мырза Әлидің айтқандарынан: [Қадыр Мырза Әлидің афоризмдері] // Ақиқат.- 2013.- №3.-96 б.

  10. Құрманай З. Жыр тұлпары: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

  11. Мағзомова Г. Қадыр ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Орал өңірі.-2013.-18 маусым.-8 б.

Шығармалары:

12. Мырза Әли Қ. Алаштың арманы: Жыр жинағы.-

Алматы, 2001.-256 б.

13. Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә.- Алматы, 2001.-496 б.

14. Мырза Әли Қ. Еңіреп өткен ерлер-ай..: Өлең-тарих,

өлең-портреттер.-Алматы, 2001.-112 6.

15. Мырза Әли Қ. Жазмыш.-Алматы, 2001.-464 б.

16. Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармаларының көп

томдығы:12т.Т.1.-Алматы,2002.-Т.1.-480 б.

17. Мырза Әли Қ. Алтын омырау: Өлеңдер.-Алматы,

2003.-160 б.

18. Мырза Әли Қ. Иірім.-Алматы, 2004.-360 б.

19. Мырза Әли Қ. Шырғалаң: Жаңа өлеңдер кітабы.-

Алматы, 2004.-336 б.

20. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар

жинағы.-Алматы, 2005.-Т.1.-424 б.

21. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар

жинағы.-Алматы,2005.-Т.2.-432 б.

22. Мырза Әли Қ. Таңдамалы жинақтар. Екі томдық

жинақ: Өлеңдер.-Алматы, 2006.

23. Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылмана.-Алматы,

2008.-320 б.

24. Мырза Әли Қ. Ой-өріс: Өлеңдер, нақыл сөздер.-

Орал, 2009.-320 б.



5 ақпан ОЙШЫБАЕВ БАҚТЫҒҰЛ

туғанына 75 жыл (1940-1997)


Жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаев 1940 жылдың 5 ақпанында Тайпақ ауданының Базартөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті сол кездегі аудан орталығы – Калмыковтан тәмамдап, аудандық газет жұмысына араласқан. Онда корректор бола жүріп, мақалалар жазған. Журналистиканы жанындай сүйген Бақтығұл Ойшыбаев осы мамандықты игеру мақсатында 1961 жылы Алматының ҚазГУ-іне оқуға түседі. Қиын да қызықты мамандыққа түсерде белгілі ақын Жұбан Молдағалиевтің көп көмегі тиген екен. Университет қабырғасында Зейнолла Қабдолов, Бейсенбай Кенжебаев, Тауман Амандосов, Темірбек Қожекеев сынды дара тұлғалардан дәріс алуы – қаламының қалыптасуына үлкен жол ашады. Сонда жүріп, өз туындыларын жазып, көзге түседі. Оқумен қатар «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп, жастар өмірінен керемет дүниелер жазады. Сөйтіп, талай қаламгердің тұсауын кескен «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алаш» газеті) өзінің қолтаңбасын қалдырады.

Журналистиканың теориясымен сусындаған Бақтығұл Ойшыбаев курстағы Максим Өтегенов екеуі облыстық «Орал өңірінде» тәжірибеден өтеді. 1966 жылы жоғары оқу орнын аяқтаған жас маман өзі істеген «Ленин жолына» келіп, редактордың орынбасары қызметін атқарады. Еңбекқор, бөтен нәрсемен шаруасы жоқ, ешкімге жалтақтамайтын, турашыл, адал мінезді Бақтығұл Ойшыбаев үш-төрт жыл өткеннен кейін осы басылымның бас редакторы болып тағайындалады.

Аудан өмірі, ауылшаруашылығы, малшы-шопандардың, замандастарының тыныс-тірлігі туралы алуан түрлі тақырыптарда аянбай қалам тербейді. Сол тұста «Балталы бастық» деген фельетонымен жұрттың жадында қалыпты.

Өз мамандығын құлай сүйген Бақтығұл Ойшыбаев 1972 жылы облыстық атқару комитетінің бұйыруымен Жымпиты ауданының «Қызыл ту» газетіне ұзақ жыл басшылық етіп, баспасөз үйін салдырады. Журналистиканың сан жанрында қалам тербей жүріп, жазушылық арнаны да әдемі, көркем әңгіме, повестерімен толтыра біледі. 1966 жылы «Жазушы» баспасынан «Шұғыла» деп аталатын алғашқы әңгімелер жинағы жарық көреді. Содан 1970 жылы «Алыстан көрінген от» атты повесі, 1980 жылы «Жалын» баспасынан «Қимас күндер» атты кітабы дүниеге келеді. Жазушылықтың тізгінін ұстаған Бақтығұл Ойшыбаев 1983 жылы Қазақстан Жазушылар одағына қабылданады.

Дүниеден ерте озған асыл ағаның ұл-қыздары шығармаларын жинастырып, 2010 жылы Алматының «Арыс» баспасынан 500 данамен «Өмір белестері» деген жинағын шығартып, қалың оқырманға ұсынды. Бұл, сөз жоқ, жазушының халқымен мәңгі бірге жасай беретінін дәлелдейді.


Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Бюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 4-ый квартал 2012 года
kaz -> Шыңғырлау аудандық окж-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар. «Бір ел – бір кітап»
kaz -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
kaz -> Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
kaz -> Сырым аудандық окж бойынша «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің
kaz -> Қуатов Б. Ұмытылмас ұлағатты тұлға
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет