ГосФин-21-1к Сергей Аяулым Мен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет” тақырыбында студенттерге арналған сауалнама жүргіздім.Сауалнама құпия түрде өткізілді.Сауалнамадан кейін сыбайлас жемқорлық тақырыбымен барлығы таныс екені байқалды..Осы тақырып аясында ойларын жеткізе алды.Әділ әрі шын жауап берді.Студенттердің 75%-ы парақорлықтың куәсі болыпты.Ал қалған 25%-ы өздері парақорлық жағдайына тап болған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тиімді шараларын ұсынды.Бәрі әртүрлі шешу жолдарымен бөлісті.83%-ы университет аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет атты іс-шараларға белсенді қатысыпты.Сыбайлас жемқорлықтың туындау себебін ашып өз ойларымен бөлісті.Жауаптардың ішінде қайталанған,актуалды 10 себепті қарастырайық:
1.Маманнан емдеу/ қабылдау
2.Жұмысқа орналасу
3.Жер учаскесін алу/ ресімдеу
4.Баланы балабақшаға орналастыру / электрондық кезекке енгізу
5.Жол қозғалысы ережелерін бұзу
6.Әскерден кейінге қалдыру/ әскери билет алу
7.Айыппұлды жабу/ ресімдемеу
8.Медициналық анықтама алу
9.Ресімдеу/баланың дүниеге келуіне байланысты жәрдемақы алу
10.ЖОО-ға түсу/ білім беру грантын алу
Сауалнамаға қатысқан студенттердің арасында «оптимистер» басым (елдегі сыбайлас жемқорлық ауқымы туралы әңгіме өте жоғары болды деп есептейтіндер) – 40% және «прагматиктер» (сыбайлас жемқорлықты өз мүддесінде пайдаланатындар) – 38,9%. Апатты көзқарасты жақтаушылар (сыбайлас жемқорлықсыз ештеңе шешуге болмайды) 13,6% құрады.Қорытындылай келе менің мұндай өзекті тақырып алу себебім студенттердің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын,ойларын білу болды.Мені барлық берілген жауап қанағаттандырды.Студенттердің сауалнамаға белсенді қатысқандары қуантты.Еліміздің болашағы біздің қолымызда.Сондықтанда әрбір жас ұрпақ саналы,тәрбиелі,білімді болғанын қалаймын.Менің сауалнамама қатысқан студенттерге алғыс білдіремін!