Сілекей бездерінің Қабыну аурулары (сиалоадениттер)


Ірі, жұп сілекей бездерге



бет2/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#81772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Ірі, жұп сілекей бездерге


Құлақмаңы
Жақасты
Тіласты

Майда және тақ бездерге

  • Ауыз қуысының шырышты қабығының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.

Құлақмаңы сілекей безі

  • Құлақмаңы сілекей безі - ең ірі без (25-30 гр). Ол жақ арты шұңқырында шайнау бұлшықетінің алдыңғы бетінің бір бөлігін жауып жатады. Бездің жоғарғы шекарасы сыртқы дыбыс жолы, ал төменгі жақтың бұрышы оның төменгі шекарасы болып саналады. Құлақмаңы безі беткей және терең бөліктерден тұрады. Олар бір-бірімен өзекше арқылы жалғасады. Бездің алдыңғы қырында, негізгі шығару түтігі жанында оның қосымша бөлігі орналасқан. Без капсуламен жабылған, оның латеральды беті қалың, ал медиальды беті жұқа, кей жерлерде болмауы да мүмкін, осыған байланысты без жұтқыншақмаңы кеңістігінде өтіп кетуі де мүмкін. Сыртқы ұйқы артериясынан тарайтын бірқатар қан тамырлары бездің бойына торлай таралады, ал вена қаны жақ арты венасына жиналады.
  • Лимфа тамырлары бөліктерінің арасында орналасқан құлақмаңы лимфа түйіндеріне жиналады. Бет жүйкесі осы бездің бойынан басталып өзінің тармақтарына, яғни самай-ұрт және ұрт-бет жүйкелеріне үлкен қаз табан жасай бөлінеді.
  • Ұзындығы 5-7 см болатын бездің шығару түтігі оның алдыңғы қырынан шығып, шайнау етінің алдыңғы бетін айнала отырып 90° бұрылып ұрт етін бойлай өтіп, ауыз қуысының кіреберісі не екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады. Түтіктің ашылатын жерінде бүртік емізікшелер болады. Құлақмаңы безі негізінен белокты сұйықтық бөліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет