СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ - Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, келіп шығу тарихы-анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық-сиалографиялық, сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.
- Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы нақтамалық бағытын анықтауы мүмкін.
- Сілекей бездерінің жедел ұлғаюы кезінде науқастың, қоршаған ортасы туралы мәліметтер жинау керек.
- Кейбір аурулардың келіп шығу тарихында өзіне тән ерекшеліктері болады: бездің қақсауы сілекей-тас ауруы немесе созылмалы аурудың болуын көрсетуі мүмкін.
- Бөлінетін сілекейдің көлемі және сапасы туралы мәліметтерді науқастың өзінен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |