Төменгі жақасты сілекей безі төменгі жақ сүйегі мен қос қарыншалы ет аралығындағы кеңістікте орналасады. Бездің салмағы 7,77 гр. Оның артқы бөлігінде, төменгі сыртқы бетінен бет көк тамыры-венасы өтеді. Ол бездің артқы бөлігін айналып алдыңғы бетіне өтіп, бет венасымен бірге төменгі жақ сүйегінің астыңғы қырына өтеді. Тіл жүйкесі қанатша ет арасындағы кеңістіктен шыққан соң, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатымен бездің артқы бөлігінің арасынан өтіп, оның шығару түтігімен жақ тіл астауында, екінші үлкен азу тіс тұсында қиылысады. Бездің өзі тіласты жүйкесі доғасын жауып жатады.
Бездің шығару түтігі ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында, тіл үзеңгісінің жанында ашылады. Түтіктің ұзындығы 5-7 см.